1-тарау. Жалпы талаптар 1-параграф. Талаптың мақсаты мен қолданылу саласы



бет5/11
Дата15.07.2016
өлшемі1.33 Mb.
#201338
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

4-параграф. Манометрлер
341. Әрбір бу қазандығында будың қысымын көрсететін манометр орнатылады. Бу өнімділігі 10 т/сағ астам бу қазандықтарында және жылу өнімділігі 21 ГДж/сағ (5 Гкал/сағ) астам су жылыту қазандықтарында тіркейтін манометрді орнату міндетті.

342. Манометр қазандық барабанына орнатылады, ал қазандықта бу қыздырғыш болған кезде және бу қыздырғышының артынан басты ысырмаға дейін орнатылады. Тікелей ағысты қазандықтарда манометр тиек органының алдында қыздырғыштан кейін орнатылады.

343. Паровоз, локомобиль, ыстық құбырлы қазандықтар мен тігінен орналасатын түрдегі қазандықтардың бу қыздырғыштарында манометр орнату міндетті емес.

344. Әрбір бу қазандығында манометр қазандықтың сумен қоректенуін реттейтін органның алдынан қорек желісіне орнатылады. Егер қазандық жағатын орында әр қайсысының бу өнімділігі 2,5 т/сағ кем бірнеше қазандық орнатылған болса, онда жалпы қорек желісінде бір манометр орнатуға болады.

345. Су өткізу желісін пайдалану кезінде екінші қорек сорғысының орнына осы су өткізу желісіндегі қазандыққа тікелей жақын жерде манометр орнатылады.

346. Ажыратылатын су экономайзерінде манометрлер тиек органына және сақтандыру клапанына дейін, судың шығу жолында тиек органына және сақтандыру клапанына дейін орнатылады. Жалпы қорек желілерінде экономайзерлерге дейін манометрлер болған жағдайда оларды әр экономайзерге өту жолында орнату міндетті емес.

347. Су жылыту қазандықтарында манометрлер судың қазандыққа өту жолында және жылытылған судың қазандықтан тиек органына шығу жолында, айналдыру сорғысының сору және айдау желілерінде биіктігі бойынша бір деңгейде орналастыра отырып, сондай-ақ қазандықты қоректендіру желілерінде орнатылады.

348. Манометрлердің дәлдік класы:

1) жұмыс қысымы 2,5 МПа (25 кгс/см2) дейін болғанда-2,5;

2) жұмыс қысымы 2,5 астам 14 МПа (25-140 кгс/см2 дейін) болғанда-1,5;

3) жұмыс қысымы 14 Мпа (140 кгс/см2) астам болғанда-1,0 төмен емес.

349. Манометр шкаласы тілшенің жұмыс қысымында манометр шкаланың ортасынан жоғары болатындай негізде алынады.

350. Манометр шкаласына сұйықтықтың бағанының салмағынан қосымша қысымды ескере отырып, осы элемент үшін тиісті шекті қысымды бөлу деңгейінде қызыл сызық көрсетіледі. Қызыл сызықтың орнына манометр корпусына қызыл түске боялған және манометр шынысына тығыз орнатылған металл пластинканы бекітуге болады.

351. Манометр оның көрсеткіштері қызмет көрсетуші персоналға анық көрінетіндей етіп орнатылады, бұл ретте оның шкаласын тігінен немесе көрсеткіштердің жақсылап көрінуі үшін 30 градусқа дейін алдына қарай көлбеу орнату қажет.

352. Манометрді бақылау алаңының деңгейінен 2 м дейін биіктікте орнатылған манометрлердің бастапқы диаметрі кемінде 100 мм, 2 м 3 м дейін биіктікте-кемінде 150 мм, 3 м 5 м дейін биіктікте кемінде 250 мм құрайды. Манометрді көшірме ретінде 5 м астам биіктікте орнату кезінде төмендетілген манометр орнатылады.

353. Әрбір манометрдің алдынан үш жүрісті кран немесе манометрді үрлеу, тексеру және ажырату үшін басқа да осыған ұқсас құрылғы орнатылады.

Көрсетілгеннен басқа, будың қысымын өлшеуге арналған манометрдің алдынан диаметрі кемінде 10 мм сифон құбыры орнатылады.

354. Қысымы 4 МПа (40 кгс/см2) және жоғары қазандықтарда үш жүрісті кранның орнына манометрді қазандықтан ажыратуға, оны атмосферамен хабарлауға және сифон құбырын үрлеуге мүмкіндік беретін вентилдер орнатылады.

355. Мынадай жағдайларда:

1) егер манометрде тексеріс жүргізілгені туралы пломба немесе белгі болмаса;

2) егер манометрді тексеру мерзімі өтіп кеткен болса;

3) егер манометрді ажыратқан кезде оның тілшесі осы манометр үшін шкаладағы шекті қателіктің жартысынан артық болатын мәнге нөлдік белгіге қайта жүрмесе;

4) егер шыны сынған болса немесе манометрдің көрсеткіштерінің дұрыс көрінуі үшін басқа да ақаулар болса манометрлерді пайдалануға болмайды.

5-параграф. Температураны өлшеуге арналған аспаптар
356. Бу жылытқышы бар қазандықтарда, басты ысырмаға дейінгі әрбір бу өткізгіште қызған будың температурасын өлшеуге арналған аспап орнатылады. Буды аралық қыздыру қазандықтарында температураны өлшеуге арналған аспаптар будың өту және шығу жоларында орнатылады.

357. Бу өнімділігі 20 т/сағ, астам бу қыздыратын табиғи циркуляциясы бар қазандықтарда, бу өнімділігі 1 т/сағ астам тікелей ағысты қазандықтарда көрсететін аспаптардан басқа, қызған будың температурасын үздіксіз тіркейтін аспаптар орнатылады.

358. Бірнеше параллель секциялары бар бу қыздырғыштарда қызған будың жалпы бу өткізгішінде орнатылатын бу температурасын өлшеуге арналған аспаптардан басқа әрбір секциядан шығатын температурасын мерзімді өлшеу аспабы, бу температурасы 500ºС астам қазандықтар үшін бу жылытқыштың айқастырмасының шығатын бөлігінде газ жүру жолы енінің әрбір метріне бір термо жұптан (датчиктен) орнатылады.

359. Бу өнімділігі 400 т/сағ астам қазандықтар үшін бу қыздырғыштардың айқастырмаларының шығу жолындағы бу температурасын өлшеу үшін тіркейтін құрылғылармен үздіксіз жұмыс істейтін аспаптар орнатылады.

360. Қазандықта бу салқындатқыш болған жағдайда бу салқындатуға дейін және одан кейін буды қыздыру температурасын реттеу үшін бу температурасын өлшеуге арналған аспаптар орнатылады.

361. Экономайзерге судың өту жолында, одан шығу жолында және экономайзерсіз бу қазандықтарының қорек құбырларында қорек суының температурасын өлшеуге арналған аспап орнатылады.

362. Су жылыту қазандықтары үшін су температурасын өлшеуге арналған аспаптар судың кіру және шығу жолында орнатылады.

363. Жылу өнімділігі 4,19 ГДж/сағ (1 Гкал/сағ) астам қазандықтар үшін қазандықтан шығу жолында температураны өлшеу үшін тіркеу аспабы орнатылады.

364. Ыстық судың шекті температурасы термометр шкаласында қызыл сызықпен белгіленеді.

365. Отын өткізгіште сұйық отынмен қазандықтар жұмыс істеген кезде қазандыққа тікелей жақын жерде форсункалар алдынан отын температурасын өлшеуге арналған термометр орнатылады. Қазандықты басқару қалқанында екінші аспапты орнатып, температураны қашықтықтан басқаруға болады.

366. Металл температурасын бақылау және қазандықты жағу, тоқтау және маневрлік режим кезінде оның шекті мәнінің артуынан алдын алу үшін оның элементтерінің: барабандардың, құбыр торлардың және басқасының температурасын өлшеуге арналған аспаптарды орнату қарастырылады. Аспаптарды орнату қажеттілігін, олардың саны мен орналасу орнын қазандықты жобалаушы ұйым анықтайды.

6-параграф. Тиек және реттеу арматурасы
367. Қазандықта немесе оның құбыр жолдарында орнатылатын арматура корпусында айқын таңбамен жарақталады, онда мыналар көрсетіледі:

1) дайындаушының атауы мен тауарлық белгісі;

2) шартты өту жолы;

3) шартты қысымы мен ортаның температурасы;

4) орта ағынының бағыты.

368. Арматураны дайындау кезінде шартты қысымның орнына жұмыс қысымын көрсетуге болады.

369. Арматураның 50 мм және одан астам шартты белгісімен сәйкестігі белгіленген үлгідегі паспортпен расталады, онда химиялық құрамы, металдың механикалық қасиеті, термиялық өңдеу режимі және өткізілуі құрылымдық құжаттамада қарастырылған бұзбай бақылау бойынша деректер көрсетіледі. Бұл деректер арматураның негізгі бөлшектеріне: корпусына, төбесіне, шпинделіне, ысырмасына және бекіткішіне жатады.

370. Арматура маховиктерінде арматураны ашу және жабу кезіндегі айналдыру бағыты көрсетіледі.

371. Арматураның түрін, оның саны мен орнату орнын жобада қарастырылған қазандықты және оның элементтерін ажырату сенімділігін қамтамасыз ету негізінде қазандықты жобалаушы ұйым таңдайды.

372. Тиек органын қазандықтан шығу жолында оны қазандықтың жинақтаушы бу өткізгішімен қосатын жерге дейін орнату міндетті. Қазандықтан шығу жолындағы энергоблоктарда егер олардың қажеттілігі жағу және тоқтату сызбасымен көрсетілмесе, тиек органдарын орнату міндетті емес.

373. Энергоблоктар үшін қыздырғыштан кейін жоғары қысымды тиек органы және оның байпасы болмаған жағдайда қазандықтың алдынан тиек органын міндетті емес.

374. Ауыз судың қазандыққа өту жолында қазандықтан судың шығуын болдырмайтын кері клапан және тиек кран орнатылады. Егер қазандықта судың ажырамайтын экономайзері болған болса, онда кері клапан мен тиек органы экономайзерге дейін орнатылады. Ажыратылатын су экономайзерінде кері клапан мен тиек краны экономайзерден кейін орнатылады.

375. Су жылыту қазандықтарында қазандыққа өту жолында және қазандықтан шығу жолында тиек органы бойынша орнатылады.

376. Қысымы 0,8 МПа (8 кгс/см2) қазандықтарда әрбір үрлеу, дренаж құбырларында, су (бу) сынамасын алу құбырында кемінде екі тиек органы немесе бір тиек және бір реттегіш орган орнатылады. Қысымы 10 МПа (100 кгс/см2) астам қазандықтарда осы құбырларда сонымен қатар дроссель шайбаларын орнатуға болады. Бу қыздырғыш камераларын үрлеу үшін бір тиек органын орнатуға болады.

377. Үрлеу құбырлары мен оларға орнатылған арматураның шартты өту жолы қысымы 14 МПа (140 кгс/см2) дейін қысымды қазандықтар үшін кемінде 20 мм және қысымы 14 МПа (140 кгс/см2) және одан астам қазандықтар үшін кемінде 10 мм құрайды.

378. Ортаны қазандықтан жинау багына (сепараторға, кеңейткішке) қазандықтағыдан қарағанда төменгі қысыммен бөлу кезінде жинау багы қысымның есептік қысымнан жоғары артуынан қорғағышпен жабдықталады. Арматураны, бақылау-өлшеу аспаптарын, сақтандыру құрылғыларын қорғау тәсілін, санын және орнату орнын таңдауды жобалау ұйымы анықтайды.

379. Қазандықтардың, бу қыздырғыштардың және экономайзерлердің барлық құбыр жолдарында арматураны қосу жапсарлас дәнекерлеу немесе фланецтердің көмегімен орындалады. Бу өнімділігі 1 т/сағ аспайтын қазандықтарда шартты өту жолы 25 мм аспаса және қаныққан будың жұмыс қысымы 0,8 МПа (8 кгс/см2) аспаса, бұрандада арматураны қосуға болады.

380. Арматураны қазандыққа мүмкіндігінше жақын етіп, оны басқару біршама ыңғайлы болатындай етіп орнатуға болады.

381. Бу өнімділігі 4 т/сағ астам бу қазандықтарының басты бу-тиек органдары басқаруды қазандық машинисінің жұмыс орнына шығаратын қашықтық жетегімен жабдықталады.

382. Әрбір қазандықтың қорек желілерінде реттеу арматурасы орнатылады. Қазандықты қоректендіруді автоматты реттеу кезінде қазандық машинисінің жұмыс орнынан реттейтін қорек арматурасын басқару үшін қашықтық жетегі қарастырылады.

383. Бу өнімділігі 2,5 т/сағ және одан төмен бу қазандықтарында сорғыны қосып және ажыратып, су деңгейін автоматты позициялы реттеу кезінде қорек желісінде реттеу арматурасын орнату міндетті емес.

384. Ортақ сору және айдау құбыры бірнеше қорек сорғысын орнату кезінде әрбір сорғыда сору жағынан және айдау жағынан тиек органы орнатылады. Тиек органына дейін әрбір орталықтан тебу сорғысының айдайтын жағынан кері клапан орнатылады.



7-параграф. Қауіпсіздік аспаптары
385. Әрбір қазандық белгілі бір пайдалану режимінен ауытқушылық болған кезде қазандық пен оның элементтерін дер кезінде және сенімді түрде автоматты ажыратуды қамтамасыз ететін қауіпсіздік аспаптарымен жабдықталады.

386. Отынды камерадан жағатын бу қазандықтары отынды деңгейі төмендеген кезде жанарғыға беруді тоқтататын автоматты құрылғылармен жабдықталады, ал тікелей ағынды қазандықтар үшін қазандықтағы судың деңгейі шекті шамадан төмен болмайды.

387. Отынды қабат сайын жағатын қазандықтарда автоматты құрылғылар жоғарыда көрсетілген жағдайларда ауырлық күшінің үрлеу құрылғылары мен отын беретін тетіктерді ажыратады.

388. Көп еселік циркуляциясы мен отынды камералық жағатын су жылыту қазандықтары жанарғыға беруді автоматты тоқтататын аспаптармен, ал отынды қабат сайын жағатын қазандықтар гидравликалық соққы қаупі туындап, судың температурасы белгіленген шектен жоғары артқан кезде жүйеде су қысымы төмендеген жағдайда ауырлық күшінің үрлеу құрылғыларын ажырататын аспаптармен жабдықталады.

389. Отынды камералық жағатын су жылыту қазандықтары мынадай:

1) қазандық шығу жолындағы судың қысымы есептік немесе бұзатын қысымнан 5 % артқан;

2) қазандықтың шығу жолындағы судың қысымы қазандықтан шығу жолындағы судың температурасы жоғары болғанда тиісті қаныққан қысымның мәніне дейін төмендеген;

3) қазандық шығу жолындағы судың температурасы шығаратын коллектордағы жұмыс қысымындағы температурадан төмен тиісті қанығу температурасының мәніне 20ºС дейін артқан;

4) қазандық арқылы жүктеме мен шығатын коллектордағы жұмыс қысымы жоғары болғанда қайнау температурасынан төмен 20ºС қазандықтан шығу жолындағы судың температурасының мәніне дейін төмендеген жағдайда қазандық оттығына отын беруді тоқтататын, ал отынды қабат сайын жағу кезінде-ауырлық күшінің үрлеу құрылғыларымен және отын беру тетіктерімен ажырататын автоматты аспаптармен жабдықталады.

Бұл есепті анықтау төмендегі формула бойынша жүргізіледі:



G min , кг/сағ,
мұндағы: G min-қазандық арқылы судың ең төменгі шекті шығыны, кг/сағ;

Qmax-қазандықтың ең жоғарғы жылу өнімділігі, МВт (ккал/сағ);

ts -қазандықтан шығу жолындағы жұмыс қысымындағы судың қайнау температурасы, °С;

tвх –қазандыққа өту жолындағы судың температурасы, °С.

С-меншікті жылу сыйымдылығы , КДж/кг °С (ккал/кг °С).

390. Қазандықтарда автоматты жұмыс істейтін су деңгейінің жоғарғы және төменгі күйінің дыбыстық және жарық дабылы орнатылады.

391. Бу және су жылыту қазандықтары отынды камералық жағу кезінде мынадай:

1) оттықта жалын сөнген;

2) барлық түтін сорғыштар сөнген немесе ауырлық күші тоқтаған;

3) барлық үрлеу желдеткіштері ажыратылған жағдайда оттыққа отын беруді тоқтату үшін автоматты құрылғылармен жабдықталады.

392. Жеке желдеткіштермен жабдықталған жанарғылары бар қазандықтарда желдеткіш тоқтаған кезде жанарғыға отын беруді тоқтататын қорғағыш қарастырылады.

393. Қазандықтарды қосымша қауіпсіздік құралдарымен жарақтау қажеттілігін қазандық жобасын әзірлеуші анықтайды.

394. Сұйық немесе газ тәрізді отынмен жұмыс істейтін бойлер қазандығы бойлерде су айналымы тоқтаған кезде оттыққа отын беруді тоқтататын автоматты құрылғылармен жабдықталады.

395. Қауіпсіздік аспаптары оларға қызмет көрсетумен және жөндеу байланысы жоқ тұлғалардың әсер етуінен (ажыратуынан, реттегішті өзгертуінен және басқалар) қорғалады және олардың жұмыс істеуге жарамдылығын тексеруге арналған құралдармен жарақталады.

396. Бу қазандықтары түрі мен бу өнімділігіне қарамастан, қоректі автоматты реттегіштермен жарақталады; бұл талап сыртқа бу алу 2 т/сағ аспайтын бойлер қазандықтарға қолданылмайды.

397. Негізгі немесе аралық бу қыздырғыштан шығу жолындағы температурасы 400ºС астам бу қазандықтары бу температурасын реттеу үшін автоматты құрылғылармен жарақталады.



8-параграф. Қоректендіру құрылғылары
398. Қазандықтарды қоректендіру қорек құбырымен немесе жеке қосылған қазандықтар үшін топтық болып тек бір қазандық үшін қарастырылады. Қоректендіру бойынша қазандықтарды әр қазандықтағы жұмыс қысымы 15 % аспаған жағдай бір топқа қосуға болады.

399. Жалпы магистралға қосылатын қорек сорғыларының сипаттамалары сорғылардың параллель жұмыс істеуін қарастыруы қажет.

400. Қазандықтарды сумен қоректендіру үшін:

1) электрлік жетегі бар орталықтан тебу және поршенді сорғыларды;

2) бу жетегі бар орталықтан тебу және поршенді сорғыларды;

3) бу инжекторларын;

4) қол жетегі бар сорғыларды;

5) су өткізу желісін қолдануға болады.

401. Су өткізгішті тек қазандықты қоректендіретін реттегіш органның алдындағы су өткізгіштегі судың ең төменгі қысымы қазандықтағы есептік немесе рұқсат етілген қысымнан кемінде 0,15 МПа (15 кгс/см2) артық болған жағдайда қазандықтарды резервтік қоректендіру көзі ретінде пайдалануға болады.

402. Бу ағынды инжектор бу жетегі бар сорғыға теңестіріледі.

403. Әрбір қорек сорғысының корпусында немесе инжекторда мынадай деректер жазылған көрсеткіш бекітіледі:

1) дайындаушыны атауы мен оның тауарлық белгісі;

2) зауыттық нөмірі;

3) судың нақты температурасында нақтылы беру;

4) орталықтан тебу сорғылары үшін минутына айналу саны және поршенді сорғылар үшін минутына жүру саны;

5) сорғы алдындағы нақтылы температура;

6) нақтылы беру кезіндегі ең жоғарғы арын.

404. Сорғының әрбір күрделі жөндеуінен кейін беру мен арынды анықтау үшін ол сынақтан өтеді. Сынақ нәтижесі актімен ресімделеді.

405. Сорғымен қамтамасыз етілетін арын гидро статистикалық биіктік пен құрылғыны реттейтін қазандық жолындағы және қорек суының жолындағы қысымның жұмсалуын ескере отырып, қазандықтағы жұмыс қысымында қазандықты сумен қоректендіруді қамтамасыз етеді.

406. Сорғы сипаттамасы оларды толықтай ашқан кездегі қысымның едәуір көбірек артуын ескере отырып, сақтандыру клапандары жұмыс істеген кезде қазандық қорегінде үзілістердің болмауын қамтамасыз етеді.

407. Қазандықтарды тобымен қоректендіру кезінде сорғы арыны жоғары көрсетілген талаптарды ескере отырып, едәуір көбірек жұмыс қысымымен немесе қорек құбырындағы арынды мейлінше көбірек жұмсап, қазандықты қоректендіруді қамтамасыз ету негізінде алынады.

408. Қорек құрылғыларын беру үздіксіз немесе мерзімді үрлеуге, бу салқындатқышқа, редуциялы-салқындату және салқындату құрылғыларына және суды немесе буды ықтимал шығындауға жұмсалатын су шығынын ескере отырып, нақтылы бу өнімділігі бойынша анықталады.

409. Сорғы құрылғыларын іске қосу түрін, сипатын, саны мен сызбасын авариялық тоқтатуды қоса алғанда, барлық режимде қазандықты сенімді және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында қазандықтарды жобалау жөніндегі мамандандырылған ұйым таңдайды.

410. Сақтандыру клапаны жоқ және пайда болатын арыны құбырдың есептік қысымынан артық болатын қорек құбырында тиек органы мен поршенді сорғы арасында сақтандыру клапаны орнатылады.



6-тарау. Қазандықтарға арналған орынжайлар

1-параграф. Жалпы ережелер
411. Тұрақты қазандықтар ҚНжЕ ҚР4.02-08-2003 «Қазандық қондырғылары», ҚНжЕ П-58-75 «Жылу электр станциялары» және осы талапқа сәйкес келетін ғимараттарда және орынжайларда орналастырылады. Егер қазандық тиісті климаттық жағдайларда жұмыс істеу үшін жобаланған болса, қазандықтарды орынжайдан тыс орнатуға болады.

412. Орынжайлар мен шатыр жабындарын қазандықтардың үстінен орнатуға болмайды. Осы талап осы Талаптың 463-тармағына сәйкес өндірістік орынжайларда орнатылған қазандықтарға қолданылады.

413. Өндірістік орынжайлардың ішінде мыналарды:

1) бу өнімділігі әр қайсысы үшін 4 т/сағ аспайтын тікелей қазандықтарды;

2) (t-100) V ≤ 100 (әр қазандық үшін) жағдайды қанағаттандыратын қазандықтарды; мұндағы t-жұмыс қысымында қаныққан будың температуасы, °С; V-қазандықтың су көлемі, м3;

3) барабандары жоқ, әрқайсысының жылу өнімділігі 10,5 ГДж/ч (2,5 Гкал/ч) су жылыту қазандықтарын;

4) шектеусіз-пайдаға асыру қазандықтарын орнатуға болады.

414. Қазандықтарды өндірістік орынжайлардың ішінде орнату орындары орынжайдың қалған бөлігінен қазандықтың тұтас ұзындығы бойымен, бірақ 2 м төмен емес есіктері бар жанбайтын қалқалармен бөлінеді. Шығу жолдарын орнату орындары мен есіктерді ашу бағытын жергілікті жағдайлардың негізінде жобалау ұйымы анықтайды.

415. Пайдаға асыру қазандықтары өндірістік орынжайдың қалған бөлігінен технологиялық үдерістермен байланысты пештермен және агрегаттармен бірге бөлінеді.

416. Қазандық ғимаратында қазандық персоналына арналмаған тұрмыстық және қызметтік орынжайларды, қазандық жабдықтарын жөндеуге арналмаған шеберханаларды орналастыруға болмайды.

417. Қазандық орынжайының төменгі қабаты еденінің деңгейі қазандық ғимаратына жанасатын жердің жоспарлы бөлігінен төмен болмайды.

418. Қазандықтарда оймаларды орнатуға болмайды. Технологиялық қажеттілікпен негізделген жекеленген жағдайларда жобалау ұйымының шешімі бойынша бытыра тазалау жабдығын, жылу жолының кіру және шығу тораптарын және басқа да жабдықты орналастыру үшін оймаларды орнатуға болады.

419. Қазандық орынжайынан шығатын есіктер сыртқа қарай ашылатындай етіп орнатылады. Қызметтік, тұрмыстық, қосалқы өндірістік орынжайдан қазандық бөлмесіне баратын есіктер серіппемен жабдықталады және қазандық жағына қарай ашылады.

420. Жылжымалы тасымалдау қондырғысы мен энерго пойыздарға қазандықтарды орналастыру құрылымдық құжаттамаға сәйкес жүргізіледі.



2-параграф. Жарық беру
421. Қазандық орынжайы жеткілікті табиғи жарықпен, ал түнгі уақытта электрлік жарық берумен қамтамасыз етіледі. Техникалық себептерге байланысты табиғи жарықпен қамтамасыз етілмейтін орындар электрлік жарықпен қамтамасыз етіледі. Жарық беру ҚР ҚНжЕ 2.04-05-2002 «Табиғи және жасанды жарық беру» талаптарына сәйкес болады.

422. Қазандықтарда жұмыс жарығынан басқа авариялық электрлік жарық беру қарастырылады. Мынадай орындар авариялық жабдықпен міндетті жабдықтауға жатады:

1) қазандықтардың фронты, қазандықтар арасындағы өту жолдары, қазандықтардың артындағы және үстіндегі жолдар;

2) басқару қалқандары мен пульттері;

3) су көрсету және өлшеу аспаптары;

4) күл орынжайы;

5) желдету алаңдары;

6) түтін сору алаңдары;

7) бактар мен деаэраторларға арналған орынжайлар;

8) су дайындау жабдығы;

9) қазандықтардың алаңдары мен сатылары;

10) сорғы орынжайлары.



3-параграф. Қазандықтар мен қосалқы жабдықты орналастыру
423. Қазандықтардың фронтынан немесе оттықтың шығыңқы бөліктерінен бастап қазандықтың қарама-қарсы қабырғасына дейінгі қашықтық кемінде 3 м қарастырылады, бұл ретте газ тәріздес немесе сұйық отынмен жұмыс істейтін қазандықтар үшін жанарғы құрылғысының шығыңқы бөлігінен бастап қазандық орынжайының қабырғасына дейінгі қашықтық кемінде 1 м құрайды, ал механикаландырылған оттықпен жабдықталған қазандықтар үшін оттықтың шығыңқы бөлігінен бастап қашықтық кемінде 2 м құрайды.

424. Бу өнімділігі 2,5 т/сағ аспайтын қазандықтар үшін қазандық фронтынан немесе оттықтың шығыңқы бөлігінен бастап қазандықтың қабырғасына дейінгі қашықтықты мынадай жағдайда 2 м дейін қысқаруға болады:

1) егер қатты отынды қолмен толтыратын оттыққа фронттан қызмет көрсетілсе және ұзындығы 1 м аспаса;

2) оттыққа фронттан қызмет көрсету қажеттілігі болмаса;

3) егер қазандықтар газ тәріздес және сұйық отынмен жұмыс істесе (жанарғы құрылғысынан бастап қазандық қабырғасына дейін кемінде 1 м қашықтықты сақтаған кезде).

425. Қазандық фронты мен бір-біріне қарама-қарсы орналасқан оттықтың шығыңқы бөліктері арасындағы қашықтық:

1) механикалық оттықпен жабдықталған қазандықтар үшін кемінде 4 м;

2) газ тәріздес немесе сұйық отынмен жұмыс істейтін қазандықтар үшін кемінде 4 м, бұл ретте жанарғы құрылғысы арасындағы қашықтық кемінде 2 м құрайды;

3) қатты отынды қолмен толтыратын қазандықтар үшін кемінде 5 м.

426. Қазандық фронттарының алдынан қосалқы қазандық жабдығын және қазандыққа қызмет көрсетуге кедергі келтірмейтін басқару қалқандарын орнатуға болады, бұл ретте фронттың бойымен еркін түрде өту жолының ені кемінде 1,5 м орнатылады.

427. Оттыққа немесе қазандыққа бүйір жағынан қызмет көрсету қажет болатын қазандықтарды орнату кезінде (көсеу, үрлеу, газ жүру жолын, барабандарды және коллекторларды тазалау, экономайзер мен бу жылытқыш пакеттерін алу, құбырларды алу, жанарғы құрылғыларына, қада белгілерге, оттық элементтеріне қызмет көрсету, мерзімді үрлеп қызмет көрсету) бүйірлік өту жолының енін бу өнімділігі 4 т/сағ дейінгі қазандықтар үшін 1,5 м кем емес, бу өнімділігі 4 т/сағ және одан астам қазандықтар үшін 2 м кем емес орнатылады.

428. Оттық пен қазандыққа бүйір жағынан қызмет көрсету қажет болмаған жағдайда шекті қазандықтар мен қазандық қабырғалары арасында өту жолын орнату міндетті. Бұл өту жолдарының, сондай-ақ қазандықтар мен қазандық орынжайының артқы қабырғасының арасындағы өту жолының ені кемінде 1 м етіп белгіленеді.

429. Қазандықтың жекелеген шығыңқы бөліктері (каркастар, құбырлар, сепараторлар және басқалары) арасындағы, осы бөліктер мен ғимараттың шығыңқы бөліктері (кронштейндер, бағаналар, сатылар, жұмыс алаңдары және басқалары) арасындағы өту жолының ені 0,7 м кем емес қабылданады.

430. Қазандық орынжайындағы өту жолдарында кемінде 2 м еркін биіктігі болады.

Барабан, бу құрғатқыш немесе экономайзер арқылы өткізу қажеттілігі болмаған жағдайда одан бастап қазандықтың төменгі құрылымдық жабын бөлігіне дейінгі қашықтық кемінде 0,7 м болады.

431. Бір орынжайда қазандықпен және экономайзермен бірге қазандықтарға қызмет көрсетуге және жөндеуге немесе бу және (немесе) ыстық су ал технологиясына тікелей қатысы жоқ жабдықтармен орнатуға болмайды.

432. Электр станцияларының қазандықтары мен құбыр агрегаттары жалпы орынжайда немесе аралас орынжайда қазандық пен машина залы арасындағы бөлу қабырғаларын салмай орнатылады.

433. Қазандықтар мен қосалқы жабдықты блок-контейнерлерге, тасымалданатын қазандық қондырғыларына және энерго пойызға орналастыру жобаға сәйкес жүзеге асырылады.

434. Камералық жағылатын қазандықтардың жалпы газ жүрісі жарылғыш сақтандыру клапанымен қамтамасыз етіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет