1 Технологиялық карта Күні: Білім беру саласы


Мотивациялық- қозғаушылық



бет5/24
Дата03.01.2022
өлшемі138.89 Kb.
#450158
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Көркем әдебиет 4

Мотивациялық- қозғаушылық

Жылулық шеңбері

Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Күлкі көңіл ашады,

Күліп өмір сүрейік!

Қимыл арқылы жасайды




Ұйымдастырушылық- ізденістік

Кіріспе әңгіме

Оқу іс-әрекеті жұмбақ жасырудан басталады.

Шіркіннің өзіне обал-ақ,

Жүреді аяқта домалап.


Аяғы бар,жүрмейді,

Аузы бар, күлмейді.

Айнымайды бөпемнен,

Тек сөйлеуді білмейді.

-Балалар,доп, қуыршақты біз бір сөзбен не дейміз?

-Біздің бөлмемізде қандай ойыншықтар бар?

-Ендеше ақын Н. Әлімқұловтың «Ойыншықтар» өлеңімен танысып жаттаймыз.

Өлеңді мәнерлеп оқу.



Ойыншықтар

Біздерде бар қуыршақ,

Бұзау, қозы, құлыншақ.

Ойыншықтар тыңдайды

Ақыл айтсақ, бұйырсақ,

Қуыршақтар ұйықтайды,

Айтқаныңнан шықпайды.

Бұзау, қозы, құлыншақ

«Ұйықта» десең, ұқпайды.

Тыңдамайды ұрысса,

Осылары дұрыс па?

Тентектігін қоймаса,

Тұрғызармын бұрышқа.

(Н. Әлімқұлов)



Сергіту сәті

Биік болып өсеміз,

Жапырақтай жайқалып.

Шетімізден шеберміз,

Біз тынығып аламыз,

Әсем сурет саламыз.



Сұрақ- жауап

-Балалар, өлең сендерге ұнады ма?

-Өлеңде не туралы айтылған

-Ойыншықтармен қалай ойнау керек?

-Ойыншықтар неден жасалады?

Өлеңді жаттау.



Дәптермен жұмыс:

1.Суретке қарап әңгімеле.

2.Ойыншықтарды түріне қарай берілген белгілер арқылы қорша.

Жұмбақтың шешуін табады.

Доп

Қуыршақ
Ойыншықтар



Өлең жолдарын мұқият, зейін қойып тыңдайды.

Мағынасын түсінеді.

Жаттығу жасайды.

Ұнады


Ойыншықтар

Ұқыпты


Әртүрлі заттардан
Дәптермен жұмысты аяқтау, берілген тапсырманы орындайды.


Рефлексиялық-түзетушілік

Қорытындылау.

Сюжетті-желілі ойын:

«Ойыншықтар әлеміне саяхат» жасау.

Мақтау, мадақтау, жұлдызшалар беру.


Балалар қызықтап ойнайды





Күтілетін нәтиже:

Біледі: өлеңнің мазмұнын түсініп, жатқа айта біледі.



Игереді: ойыншықтар туралы тақпақ, жұмбақ, суретке қарап әңгіме құрауды.

Меңгереді: ойыншықтардың түрлерін ажыратуды.

5 Технологиялық карта



Күні:_______________________________________________________________________



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет