1 Технологиялық карта Күні: Білім беру саласы


Қолданылатын көрнекі құралдар



бет7/24
Дата03.01.2022
өлшемі138.89 Kb.
#450158
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24
Көркем әдебиет 4

Қолданылатын көрнекі құралдар: суреттер, жұмыс дәптері, хрестоматия.

Оқу іс-

әрекетінің

кезеңдері


Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті



Мотивациялық- қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Балаларды шеңбер бойына тұрғызады.

Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан- алуан жапырақ,

Күгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап,

Ой, алақай, тамаша,

Шашу шашты жапырақ!



Шеңбер болып тұрады.

Қимылдар жасайды.



Ұйымдастырушылық- ізденістік

Кіріспе әңгіме

-Балалар, жылдың неше мезгілі бар?

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілі екенін қайдан білдіңдер?

-Күз мезгілінде қандай құбылыстар, өзгерістер болады?

Жұмбақ жасыру:

Қызыл, сары немелер

Су бетінде қалқиды.

Соқса егер салқын жел,

Ырғалады, толқиды.

-Ендеше, бүгінгі оқу іс-әрекетімізде Тұманбай Молдағалиевтің «Жапырақтар» деген өлеңімен танысамыз.

Өлеңді мәнерлеп оқу.



Жапырақтар

Қыстың жақын қалғанын

Жапырақтар білгендей.

Желмен ұшып барады,

Жерге қонып үлгермей.

Жапырақтар жамырап,

Сайға барып бекінді.

Анасынан ажырап

Қалған бала секілді.

Сұрақ-жауапарқылы әңгімелесу:

-Өлеңде не туралы айтылған?

-Жапырақтар жылдың қай мезгілінде сарғайып, жерге түседі?

-Күз мезгілінің неше айы бар?

-Күз айларын атаңдар...
Дидактикалық ойын: «Ненің жапырағы?»

Мақсаты: қай ағаштың жапырағы екенін ажырату.

Ойын барысы: шашылып жатқан жапырақтарды себетке жинайды, жинаған жапырақтарын бір-бірінен ажырату.

Дәптермен жұмыс:

Әр жапырақты өз ағаштарына орналастыру.


Төрт


Күз

Күн суытты, жаңбыр жиі жауады,жапырақтар сарғайды


Шешуі: жапырақ

Күз
Күзде

Үш

Қыркүйек, қазан, қараша



Жапырақтарды ажыратып айтады.
Тапсырманы орындайды


Рефлексиялық-түзетушілік

Тірек-сызба арқылы тақпақ айтқызып, оқу іс-әрекетін аяқтау.

Жапырақтар сарғаяды,

Күн бұлттанады,

Жаңбыр жиі жауады,

Құстар жылы жаққа ұшады.

Айтыңдаршы, балалар,

Бұл қай кезде болады?

Күзде



Күтілетін нәтиже:

Біледі: күзгі табиғатты және оның әсемдігін.

Игереді: сұрақ-жауап арқылы түсініктері кеңейеді.

Меңгереді: күз мезгіліндегі табиғат құбылыстарын.

7 Технологиялық карта



Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік орта



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет