Білім беру саласы: Қатынас.
Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Күзде»
Мақсаты:а) Күз мезгілі туралы түсінік беру;
Әдіс-тәсілдері: оқу, түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттату.
Қолданылатын көрнекі құралдар: суреттер, хрестоматия, жұмыс дәптері.
Оқу іс-
әрекетінің
кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық- қозғаушылық
|
Жылулық шеңбері
Күлімде, күн, күлімде,
Жер жасарып көгерсін.
Кешегідей бүгін де
Қанат қақсын көгершін.
Күлімде, күн, күлімде,
Жайнай түсті күнім де,
Жарқыраған жұлдыздай,
Жарқ-жұрқ еткен түнім де.
|
Балалар шеңбер бойына тұрып, өлең жолдарына сай қимылдар жасайды.
|
Ұйымдастырушылық- ізденістік
|
Кіріспе әңгіме
«Алтын күз» туралы әңгіме жүргізу. Күзді неліктен алтынға теңейтіндігі айтылады.
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Күз мезгілі бізге қандай сый береді?
-Ендеше, балалар, бүгін біз Байжұманованың «Күзде» өлеңімен танысып, жаттаймыз
|
Күз
Жеміс-жидек піседі
|
«Күзде» өлеңін 2-3 рет оқып беру.
Күзде
Алма пісіп, алмұрт түсіп,
Күзде бақтар жайнайды.
Құстар қайтып, қош айтысып,
Қимас үнмен сайрайды.
Сұрақ-жауап
-Өлеңде не туралы айтылған?
-Құстар қай жаққа ұшып кетеді?
-Жемістер қайда өседі?
Өлеңді жаттататып 2-3 баладан сұрау.
|
Қайталап жаттайды.
Күз мезгілі
Жылы жаққа
Бақта
|
Сергіту сәті
Жаңбыр, жаңбыр, жауасың,
Жанымызға дауасың.
Біз ойнайтын ауланың
Тазартасың ауасын.
|
Қимылды жасайды.
|
Дәптермен жұмыс:
1.Жұмбақтар шешу.
2.Сурет бойынша әңгімелеу
3.Берілге тапсырмадағы көкөністерді қоршап белгілеу.
|
Тапсырманы орындайды.
|
Рефлексиялық- түзетушілік
|
Қорытындылау.
-Жемістің барлығы үлкен еңбектің арқасында келеді. Біз оларды күтіп- баптасақ, жемістер бізге мәуесін береді. «Еңбекпен келген жемістің дәмі тәтті» деген мәтел осыдан шыққан.
|
|
Күтілетін нәтиже:
Біледі: өлеңді жатқа айтуға үйренеді.
Игереді: күз мезгілінің ерекшеліктерін.
Меңгереді: табиғатқа сүйіспеншілікпен қарауды.
№ 6 Технологиялық карта
Білім беру саласы: Қатынас.
Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Жапырақтар».
Мақсаты:
а) Күзгі табиғат жөніндегі түсініктерін қалыптастыру;
ә) Табиғат әсемдігін көре білуге , әңгімелеуге баулу;
б) Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру.
Достарыңызбен бөлісу: |