Күтілетін нәтиже:
Біледі: атжалманды түсіне, сыртқы көрінісіне қарап танып, ажыратуды, олардың дене бөліктері, қозғалысы, қорегі туралы, тамақты екі ұртына жасырып қоятындығын, өсіп-өнуі үшін адамдардың қамқорлығы керек екендігін.
Игереді: атжалманның түсінің алуан түрлі болатындығын, атжалман туралы жалпы мәліметтерді.
Меңгереді: қамқорлықпен қарайды, оларға жәбір көрсетпеу керектігін ұғынады, тамақтандырудың және жем салатын, су құятын ыдыстарды тазалаудың жолдарын үйренеді.
№ 8 ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА
Тәрбиеші: Қуанышева Б.Д
Күні: 07.01.2016
Білім беру саласы: Таным. Әлеуметтік орта.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Экология.
Тақырыбы: Үй жануарлары жылқы және есек.
Мақсаты: екінші кіші топта меңгерген үй жануарлары түйе, сиыр, ешкі туралы түсініктерін кеңейте отырып, жылқы және есекпен таныстыру. Жылқы мен есектің ұқсастықтары мен айырмашылығы туралы түсініп айтып беруге үйрету. Жануарлардың тіршілігі адамның қамқорлығына, күтіміне зәру екендігі туралы ұғымды қалыптастыра отырып, қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: үй жануарларының суреттері.
Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері, ойынға арналған екі бірдей жануар бейнеленген суреттер, үй жануарларының қиынды суреттері, ватман.
Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық.
Достарыңызбен бөлісу: |