Ұйымдас-
тыру-
шылық-
ізденістік
|
Тәрбиеші балаларға қораз бен тауықтың суретін көрсетіп, олардың дене бітімі, ұқсастықтары мен ерекшелігі туралы сұрақтар қояды. Балалардың жауабын тыңдап болғаннан кейін қосымша ақпарат береді.
- Балалар, сендер білесіңдер ме, қораз бен тауық бірнеше жылдар бұрын жабайы құс деп аталған. Адамдар олардан өнім алу үшін асырап, үй құстарына айналдырып алған. Қораз бен тауықтың өзінің бірнеше түрі болады. Олардың көпшілігін адамдар етін, жұмыртқасын жеу үшін және мамықтарынан жастың т.б. тұрмысқа қажетті заттар жасау үшін өсіреді. Сол себепті оларға жемін беріп, қорасын жасап, өнімді көп беру үшін жағдай жасайды. Дегенмен де олар суыққа төзімді болып келеді.
- Олар жемді қалай жейді?
- Қораз бен тауықтар басқа құстар сияқты дыбыс шығарады.
- Кәне, есімізге түсірейікші қораз қалай дыбыстайды?
- Ал, тауық ше?
- Тауықтың өзі он шақты дыбыс шығарады екен. Олар өздеріне қауіп төнгенін сездіру үшін, балапандарын
қорғау үшін, балапандарын өзіне шақыру үшін де дыбыс шығарады. Оларды дауыстарының қатты, бәсең шығуынан байқауға болады. Тәрбиеші бейнетаспадан деректі фильм немесе мультфильм көрсету арқылы балапанның пайда болуын көрсетеді.
- Балапан қандай дыбыс шығарды?
- Енді балалар балапанды басқа жыртқыш құстар мен ит, мысық жеп кетпеу үшін оны қорғау қажет екен.
Педагог балаларды екі орталыққа бөліп, бірінші орталықтағы балаларға іші босатылған жұмыртқадан балапанның бейнесін жасауды екінші орталықтағы балаларға қораз бен тауықтан алынатын өнімдердің суретін іріктеуді тапсырады.
Сергіту сәті.
Балаларға орталықтардары орындарын ауыстыру керектігін айтады.Дәптермен жұмыс. Дәптерде берілген тапсырманы түсіндіреді.
|
Балалар тәжірибелеріне сүйеніп жауап береді.
- Жем, тары, бидайды шоқып жейді.
-«Ку-ка-ре-ку» дейді.
- Қыт-қыттайды.
Балалар таңырқап, балапанның жұмыртқаны жарып шыққанына қуанады.
-«Шиқ-шиқ», - дейді.
Бірінші орталықтағы балалар жұмыртқаға маркермен көз, мұрын, тұмсық салып, балапанды бейнелейді.
Екінші орталықтағы балалар құстың етінен, жұмыртқадан жасалған тағамдар мен мамығынан жасалған заттардың суреттерін іріктеп, әңгімелеп береді.
Сергіту сәтінің сөзін қайталай отырып, қимылдар жасайды.
Балалар орындарын ауыстырып, берілген тапсырманы орындайды.
Дәптерде берілген тапсырманы орындайды.
|