1 технологиялық карта тәрбиеші: Қуанышева Б. Д күні


Тәрбиеші: Қуанышева Б.Д Күні



бет26/40
Дата01.03.2024
өлшемі165.03 Kb.
#493676
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   40
Экология негіздері

Тәрбиеші: Қуанышева Б.Д
Күні: 18.04.2016
Білім беру саласы: Таным. Әлеуметтік орта.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Экология.
Тақырыбы: Қарақұйрық.
Мақсаты: қарақұйрық жануарының тіршілігі, қорегі туралы түсінік беру. Жануардың ерекшелігін танып, айтып беруге үйрету. Ересектердің табиғатқа жасаған теріс қылықтарына мінез-құлық нормалары туралы түсінік бере отырып бағалауға үйрету. Табиғатқа оң көзқарасын, жауапкершілігін қалыптастыру.
Көрнекіліктер: қарақұйрық жануарының суреттері.
Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері, өсімдіктер мен жануарлардың суреттері бар т.б. журналдар.
Алдын ала жасалатын жұмыстар: жазық дала, шөл дала, Қызыл кітап тақырыптарында әңгіме жүргізу, Қызыл кітап ретінде бірнеше парақты альбом жасау.
Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, практикалық.



Іс-әрекет кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотива-
циялық-
қозғау-
шылық

Шаттық шеңбері:
Тәрбиеші музыка қойып, балаларды шаттық шеңберіне шақырып, өлең жолдарын айтқызады.

Өздеріне таныс өлең жолдарын қайталайды.

Ұйым-
дастыру-шылық-
ізденістік



- Балалар, сендер орманда өмір сүретін қандай жануарларды білесіңдер?
- Бүгін біз бір ерекше жануармен танысамыз. Ол қарақұйрық деп аталады (суретін көрсетеді). Қарақұйрық - сымбатты аша тұяқты аң. Денесінің үсті мен бүйірінің түсі - құм түсті, бауыры ақ.
Қалай ойлайсыңдар, бұл жануарды неліктен қарақұйрық деп атаған. Суретке анықтап қарасаңдар, жауабын өздерің таба аласыңдар.
Дұрыс айтасыңдар жануардың құйрығы қысқа, әрі екі түсті: қара және құм түстес. Бірдеңеден қорыққанда
қарақұйрық құйрығын тік жоғары көтеріп, басын сәл артқа қарай шалқайтады да жорта жөнеледі.
Осы кезде сырттан қараған адамға құйрығының қара ұшы ерекшеленіп көрінеді, сондықтан да халық бұл аңды қарақұйрық атаған.
- Құмды жер дегенді қалай түсінесіңдер?
- Енді жануардың тұяқтарына назар аударыңдаршы, қандай екен?
- Дұрыс, сол себепті олар қақаған суық қыста борпылдақ қалың қардың астындағы жемге жете алмай, қысы жұмсақтау, құмды аймақтарға қоныс аударады.
Жаз айы басталысымен кішігірім өзендер құрғайды, сол кезде қарақұйрықтар сусыз аймақты тастап, суы мол өзен-көлдердің маңына қоныс аударады. Қарақұйрықтар тұщы су ғана емес, ащы суды да іше береді. Қыс мезгілінде олар топтасып жүреді, ал көктем шығысымен бөлектеніп кетеді. Егер де біреуі қауіпті сезе қалса, онда барлығы лезде қатер төніп тұрған жаққа бастарын бұрып, қашуға дайын екенін білдіреді.
Қарақұйрықтың негізгі жауы - қасқыр. Сондай-ақ олардың төлдеріне түлкі, шибөрі, дала шұбар мысығы мен қамыс мысығы, ірі жыртқыш құстар қауіп төндіреді. Қарақұйрықтар Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген, сол себепті оларды аулауға тыйым салынған. Қарақұйрықтың лағын халқымыз құралай деп атаған.
- Балалар қарақұйрық жануарын неліктен Қызыл кітапқа енгізді деп ойлайсыңдар?
- Бұл жануарлардың азаюының себебі неде?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет