1 технологиялық карта тәрбиеші: Қуанышева Б. Д күні


Тәрбиеші: Қуанышева Б.Д Күні



бет34/40
Дата01.03.2024
өлшемі165.03 Kb.
#493676
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   40
Экология негіздері

Тәрбиеші: Қуанышева Б.Д
Күні: 24.12.2015
Білім беру саласы: Таным. Әлеуметтік орта.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Экология.
Тақырыбы: Шырша жөне балқарағай.
Мақсаты: қылқанжапырақты өсімдік шырша туралы түсінігін бекіту. Балқарағаймен таныстыра отырып, оның шыршадан және басқа ағаштардан айырмашылығын байқап, сипаттап бере білуге үйрету. Қазақстанның табиғи байлығын сақтау үшін адамдардың мінез-құлық ережелерін түсінуге үйрету. Табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Қысқы орман табиғаты бейнеленген көлемді сурет, ағаштар мен қылқанжапырақты өсімдік шыршаның және балқарағайдың суреттері.
Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері, шырша мен балқарағайдың қылқандары, бүрлері, мата.
Алдын ала жасалатын жұмыстар: қысқы табиғатты, қарды бақылау, балқарағайдың, шыршаның бүрлерін жинау.
Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, практикалық.



Іс-әрекет кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотива-циялық-қозғау-шылық

Шаттық шеңбері: Балаларды шеңбер бойына тұрғызып, табиғаттың өсіп-өркендеуі үшін жылы лебіздер мен тілектер айтуды ұсынады.

Балалар табиғатқа деген ықыластарын білдіреді.

Ұйымдас-тыру-шылық-ізденістік



Тәрбиеші балаларға қыс мезгілі, онда болатын өзгерістер, ересек адамдардың еңбегі мен балалардың әрекеті, ойыны, ауа-райы т.б. туралы сұрақтар қояды. Миға шабуыл:
Тәрбиеші балаларға қысқы орман табиғаты бейнеленген суретті көрсетіп өздеріне таныс қандай ағаштарды көріп тұрғандарын сұрайды.
- Неліктен олай ойлайсыңдар?
- Мынау - шырша (суретін көрсету). Енді осы шырша туралы есімізге түсірейік. Шыршаның түсі қандай?
- Шыршаны қай жерлерден көп кездестіруге болады?
Тағы қай жерлерден кездестіруге болады?
Шыршаны адамдар не үшін пайдаланады?
-Шырша мен балқарағайдың қандай ұқсастықтары бар?
-Айырмашылығы қандай?
-Дұрыс айтасыңдар, шыршаның инелері ңысқа әрі жиі орналасады ал балқарағайдың инесі ұзын болғанымен сирек болып келеді, бұл инелерін қылқан деп атауға болады.
-Енді бүрлеріне қараңдар, айырмашылығы бар ма?
Тәрбиеші балалардың жауаптарын толықтырып, балқарағай туралы толық ақпарат береді. Балқарағайдың да басқа өсімдіктер сияқты тамыры, діңі, бұтақтары, жапырақтары болады. Жапырақтары қылқан деп аталады. Сол себепті де оны қылқанжапырақты деп атайды. Шыршаға және басқа
қылқанжапырақтыларға қарағандағы ерекшелігі, олар қыс мезгілінде қылқанын түсіреді.
Қылқандары жүмсаұ, нәзік болады. Балқарағай ерте көктемде, қылқаны шыққан кезде гүлдейді.
Гүлі деп қызыл, сары түсті бүрлерін айтады. Балқарағай суыққа төзімді. Балқарағай мен шырша ауаны тазартады және олардың қылқандары мен бүрлерінен дәрілер жасайды. Оларды адамдар құрылыста көп пайдаланады.
Бірақ оларды бей-берекет кесуге болмайды. Керісінше оның өсіп-жетілуіне жағдай жасау керек.
Тәжірибе жасау: Балалардың алдына шырша мен балқарағайдың кептірілген қылқандары беріледі (инелері кіріп кетпес үшін резеңке балға береді). Балалардан қайткенде иістерін шығаруға болатындығын ойлануларын сұрайды.
- Қайткенде иісі жақсы шығады.
- Қылқандарының бастапқы қалпы қандай еді?
- Енді не пайда болды?
Педагог балалардан жасаған үнтақтарын екі ыдысқа салғызып, біреуіне суық, екіншісіне ыстық су құяды да бетін жауып қояды. Біраз уақыттан кейін (ыстық су суыңқыраған кезде) бірінші суық су құйылған, екінші ыстың су құйылған ыдыстың қақпағын ашып, балалардан қайсысының иісінің қатты шығып тұрғанын сұрайды.
Соңынан қайнаған су құйылған сұйықтықты сүзгіден өткізіп, шыны құмыраға құяды.
- Міне, балалар, біз өзіміз де дәрі жасай алады екенбіз, бұны тұнба деп атайды. Бұл тұнбаны суық тигенде денеге жағуға, ауызды шайқауға және моншаға пайдалануға болады екен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет