|
Топқа мультфильм кейіпкері Вова тотықұстың суретін алып келеді.
Вова: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Балалар, мен өзімнің құсымды іздеп жүрмін. Сендер көрмедіңдер ме?
Педагог: Вова, сен құсыңды қалай жоғалтып алдың?
Вова: Мен оны қыдырып келсін деп далаға ұшырып жіберіп едім, содан ол әлі келген жоқ. Міне, мынау суреті. Егер де көрсеңдер, маған айтыңдаршы.
Педагог: Балалар, Вованың қолындағы суретке қараңдаршы, осыған ұқсас құсты көргендерің бар ма?
Вова: Ол мүмкін менің тотықұсым шығар, көрсетіңдерші.
Педагог тордағы тотықұсты алып келеді.
- Міне, біздің тотықұсымыз осы. Біз бұл тотықұсты хайуанаттар дүкенінен бүгін ғана әкелдік. Әлі ат қойып та үлгерген жоқпыз. Сенің тотықұсыңның аты қалай еді?
Вова: Кеша.
Педагог: Вова, сен не себепті Кешаны ұшырып жібердің.
Вова: Торда ұстағым келмеді. Менің оған жаным ашып кетіп ұшырып едім.
Педагог: Міне, көрдің бе, ол ендеше адасып кеткен болар. Ал сен өзің тотықұс туралы білесің бе?
Вова: Көп білмеймін.
Педагог: Онда балалармен бірге дүрыстап тыңдап ал. Сосын бәріміз сенің тотықұсыңды іздейміз.
- Балалар тотықұсты неліктен торда ұстайды?
- Дұрыс айтасыңдар, енді тотықұсқа бақылау жасайық.
Тотықұс туралы кім айтып береді?
- Тотықұс жанды табиғатқа жата ма, жансыз табиғатқа жата ма?
Оны қайдан білдіңдер?
- Тотықұс ұша ала ма?
- Дұрыс айтасыңдар, алайда тотықұсты далаға ұшырып жіберуге болмайды. Өйткені тотықұстар адамдардың күтіп-баптауын қажет етеді. Міне, мына құстар (дала құстарының суретін көрсетеді) өздері ұшып жүре береді. Өздері ұяларын салып, тамақтарын да өздері тауып жейді. Оларды торға ұстасаң, қиналады. Өздерінің ұясына, достарына барғысы келіп, тордан шығуға әрекет жасайды. Сөйтіп, бір жерлерін жаралап алуы да мүмкін. Сол себепті дала құстарын торда ұстауға болмайды. Ал тотықұсқа адамдар ұя жасайды. Оны тор деп атайды. Тотықұс өз беттерімен тамақтарын тауып жей алмайды. Себебі: ол адамдардың тамақтандырғанына үйренген. Дала құстары мысалы, мына торғай (суретін көрсетеді) қыстыгүні де өзінің тамағын өзі тауып жей алады, суықтан да қорықпайды. Ал тотықұс жылы жерді ұнатады. Ол суыққа тоңып қалады. Ал тотықұс болса, ол өздігінен қорғана алмайды. Енді айтыңдаршы, балалар, тотықұсқа далада жақсы ма, торда отырған жақсы ма?
|
- Сәлеметсің бе!
- Жоқ көрген жоқпыз.
- Бар, бүл - тотықұс. Ол біздің табиғат бұрышында мекендейді.
Балалар тотықұстың қозғалысын, дене бітімін қарап бақылайды.
- Тотықұстың сопақша денесі бар, жүні мамық, екі қанаты бар. Басы, екі кішкентай көзі, тұмсығы бар. Екі аяғы бар. Жанды табиғатқа жатады. Өйткені ол көреді, қозғалады, тамақ жейді.
- Ұша алады. Өйткені олардың қанаттары бар, олар ұзын.
- Торда отырған жақсы.
Ол тамағын таба алмай қарны ашуы мүмкін. Мысықтар жеп қоюы мүмкін. Қыстыгүні тоңып, үсіп қалуы мүмкін. Бір, екі бала тордың ішін тазартып, тотықұсқа шемішке, су береді.
Балалар тотықұстың шемішке шаққанын қызықтайды.
|