33. Жұма мешіті туралы баяндаңыз
Түркістан жұма мешіті — Түркістан қаласында орналасқан жұма мешіті. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен оңтүстікке қарай 160 м жерде, қылуетпен қатар орналасқан. Ол бір бөлмелі, шаршы пішінді, солтүстік және шығыс жақтары қасбеттерімен іргелес бастырмасы бар құрылыс. 1980 жылы мешіт үйі қайта қалпына келтірілді.
Ғимарат сипаттамасы[өңдеу | кодын өңдеу]
Шикі кірпіштен қаланған.
Бөлменің ішкі қабырғалары мен қасбеттері сыланған.
Шатыры жайпақ, топырақпен жабылған. Бөлме ішіне ойық тіреуіштің көмегімен қабырғаға және орталықта тұрған 8 қырлы діңгекке тірелетін сәндік арқалық көрік береді.
Діңгек пен бөлме төбесі қошқыл қоңыр түсті бояумен боялған. Көгеріс өрнектері бар орамды әшекей жапсырмалар түріндегі түрлі түсті суреттер жиектеме тақтайларында сақталып қалған. Мешіт бөлмесіндегі бұйымдар жоғалып кеткен.
Бастырмадағы 4 қуыс үстіңгі жағында жұп көгершіні бар анар шоғы бейнеленген көгілдір түсті өрнекпен сәнделген.
Төбесінің биіктігі 4 м-ге жуық, есік-терезелері үлкен, едені ағаш. Жиекшелері мен қабырғаларындағы бедерлер мешіттің қаладағы елеулі құрылыс болғанын білдіреді[1][2].
34. Сегіз қырлы сағана туралы не білесіз?
Сегізқырлы кесене - Қожа Ахмет Иасауи кесенесінен оңтүстікке қарай 40 м жерде орналасқан. Кесене толық сақталмай жұрты ғана қалған. Жоба бойынша ол шағын портал түрінде солтүстік-шығысқа қарай созыла түседі. Күмбездің ішкі жақ қабырғалары 8 қуысты және 8 қырлы болып келеді. Тым ойсырай қирауынан да оны қайта қалпына келтіру мүмкіндігі болмай отыр. Кесенеден сағана табылмады. Едені шаршы кірпіштен өрілген. Еденінен қиыршық тастан қашалған, жазулары толық өшкен үш құлпытас табылды
35. Әулие Құмшық ата туралы не білесіз?
Азия мен Қазақстанның оңтүстік аймақтарына тән. Координаттары: 43˚17.421΄, 068˚16.523΄. Теңіз деңгейінен биіктігі 228 м.
Діни-рухани ескерткіштер – еліміздің тарихындағы ғасырлар қойнауындағы жұмбағы мол жәдігерлер. Қазақстанның оңтүстік аймақтарында қылуеттердің салына бастауы Х-ХІІ ғасырларда басталған. Соның бірі, ХІІ-ХІХғғ аралығына жататын, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты Әулие Құмшық ата қылуеті. Халық арасында аңыздар мен әңгімелерге қарағанда Әулие Құмшық Ясауи бабамыз өзінің ұстазы ретінде жоғары бағалаған. Ясауи бабамыз да Құмшық ата секілді қатаң аскеттік дәрежені ұстанып, жер асты қылуетінде қалған өмірін Аллаға құлшылық жасаумен өткізген.
Құмшық ата жер асты қылуеті Қожа Ахмет Ясауидің кесенесінен оңтүстік-шығысқа қарай 1 шақырым қашықтықта орналасқан. Биіктігі 3,4 метр, ұзындығы 15,7 метр, күмбезді бөлмесінің ені 3,5 метр. Бұл ғұрыптық құрылыстың басында тіктөртбұрышты ойық орналасқан. Ойық кылуетке кіретін есік қызметін атқарып, иректелген тар дәлізбен жалғасады. Дәліз шеңбер пішінді бөлмеге алып барады және ол қылуеттің негізгі бөлмесі болып табылады. Осы негізгі шеңбер пішінді бөлме төрт бұрышты соңғы бөлмемен аяқталады. Шеңбер пішінді бөлменің төбесі күмбезделіп, ал төрт бұрышты бөлме шатыр тәрізді жабылған. Бөлмелердің қабырғаларында майшамдар үшін кішкентай қуыстар жасалған. Дәлізі иілген түрде негізгі бөлмелер сияқты, күйдірілген кірпіштен қаланған. Дәліздің орта тұсында жарық түсірілуге арналған құдық пішінді ойық орналасқан.
1972-73 жылдары Қазақ ССР тарих, археология, және этнография иниституты және Қазақ ССР Мәдениет министрлігімен бірлескен археологиялық экспедиция зертттеу жүргізген. 1985 жылы жөндеу жұмыстары жүргізілген. 2013 жылы қайта қалпына келтіріліп, ішкі жағы консервацияланып үстіңгі жағы жабылды. 1994 жылғы «Қазақстанның тарихи-мәдени ескерткіштер шежіресінің» Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жинағына №590.12 санды нөмірімен енгізіліп мемлекет қарауына алынған.
Достарыңызбен бөлісу: |