1. Ясауидің әкесі Ибраһим шайық пен анасы Қарашаш туралы айтыңыз


Қасым сұлтан Абылай хан ұлы баяндаңыз



бет31/47
Дата12.04.2023
өлшемі181.56 Kb.
#472102
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   47
Suraktar-2023 2

Қасым сұлтан Абылай хан ұлы баяндаңыз
Туылған жылы белгісіз, 1836 жылы Ташкентте қайтыс болған. Абылай ханның ұлы, Кенесары ханның әкесі. Қасым өте табанды және әділетті, ұлтына берік жан болған. Қасым сұлтан бүкіл өмірін Ресей империясына қарсы күресте өткізді. Орта жүзде хандық жүйенің жойылуы және т.б. әскери-әкімшілік шараларға қарсы күрес жүрді. Оның басында тұрған Қасым сұлтан Абылайұлы және оның балалары жиырма жылдан астам уақыт бойы патшалық тәртіпке карсы табанды күрес жүргізді. Бұл толқулардың мақсаты – Абылай ұрпақтары сұлтандар билік жүргізетін Қазақ хандығын қайта орнату еді. Оған жәрдемдескен екі ұлы, Саржан сұлтан мен Кене хан оның басты қолбасшылары болды. Дұшпандарының қолынан қаза тауып, ол Әзірет Сұлтан мешітінің жанындағы Абылай хан қабірінің жанына жерленеді. Бұл туралы О.Дастановтың «Қазақстан» баспасынан 1967 жылы басылған «Әулиелі жерлер туралы шындық» атты кітабында «Кейбір жорамалдар мен халық аузындағы айтылып жүрген аңыздарға сүйенсек, «үлкен Ақсарайға» жерленгендер мұнан да көп болса керек. Бірақ күтімсіздіктің салдарынан көпшілігіне қойылған құлпытастар құрып кеткен. «…Кенесарының әкесі де осында жерленсе керек» (Дастанов, 1967: 26) – деген мәлімет бар. Қасым сұлтанның Құшақ, Ағадай, Уақ, Шуақ, Наурызбай, Есенгелді деген де ұлдары мен Бопы атты жаужүрек қызы болған.
Бөгенбай батырдың «сөресі» туралы айтыңыз
Қазақтың қамал қорғаны» атанған атақты батыр, қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық күресін ұйымдастырушылардың бірегейі — Қанжығалы Бөгенбай батыр 95 жастан асқан шағында дүниеден өтеді. «Мәйітін Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи мешітіне жерлеу үшін батырдың денесін таза арулап, былғарыға орап, қыс бойы сөреге қойып сақтаған. Абылай ханның жарлығы бойынша 1778 жылы көктемде баласы Тұраналы мен қанжығалы Айтбай Аткелтірұлы бастаған елдің игі жақсылары батырдың сүйегін нарға теңдеп, Түркістанға жеткізіп, Қожа Ахмет Ясауи мешітіне жерлеген. Бөгенбай батырдың денесі сөреге қойылған жер бүгінге дейін Ереймен өңірінде «Бөгенбай сөресі» деп аталады. Бөгенбай батырдың өлімін Абылайға естірткен Үмбетей жырау:
«Бөгенбай сынды батырың, береке берсін артына ай, сабыр берсін халқына-ай, Бейіште нұры шалқығай» десе, дала дауылпазы Бұқар жырау:
«Еңбек қылған ел үшін, жауда кеткен кек үшін, қазақтың абырой-арына, сарп қылған бар үшін, қайыры болсын халқыңа, сабыр қыл, ойлап келмесін, қарияң келіп жылап тұр, еңбегі сіңген ер үшін, батырың өтті Бөгенбай» деп жырлаған.
Бөгенбай батырдың халық үшін сіңірген еңбегі сол дәуірде ақ жоғары бағаланған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет