10 – лекция. Менеджменттегі мотивация


Фредерик Герцберг мотивациясының теориясы



бет10/13
Дата02.10.2022
өлшемі1.83 Mb.
#461786
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
8cdf3c00a3e363a322914c662685e712

Фредерик Герцберг мотивациясының теориясы

Бұл теория материалдық және материалдық емес факторлардың адам мотивациясына жасайтын ықпалын анықтау қажеттілігінің өсуіне байланысты пайда болған. Бұл теорияны Герцбергтің түрлі жұмыс орындарында, түрлі кәсіби топтар мен елдерде алынған интервьюлер негізінде жасалған. Интервью беріп жатқандар өздері толық қанағаттанған немесе жұмыста көңілдері толмаған кездегі көңіл күйлерін айтып жеткізген. Олардың жауаптары топтарға бөлінген. Жиналған материалдарды зерттей отырып Герцберг жұмысқа көңілдің толуы, толмауына түрлі факторлармен болатыны жөнінде шешім қабылдаған.

Жұмысқа көңіл толуға ықпал ететіндер:


жетістіктер (біліктілік) және табысқа жету мен оны айналадағылардың мойындауы
жұмыс пен тапсырмаларға қызығушылық
жауапкершілік
қызметте жоғарылау
кәсіптік өсу мүмкіндігі
Осы факторларды ол «мотиваторлар» деп атаған.

Жұмысқа көңілдің толмауына әсер ететіндер:


басқару тәсілі
ұйым саясаты мен әкімшілік
еңбек шарттары
жұмыс орнындағы жеке аралық қатынастар
жалақы
жұмыстың тұрақтылығына деген сенімсіздік
жұмыстың жеке өмірге деген әсері

Осы сыртқы факторлар «контекст факторлар» немесе «гигиеналық факторлар» деп аталады. Жұмыспен қанағаттануды шақыратын мотиваторлар жеке тұлғаның өзін-өзі көрсетуіндегі жұмысынының мазмұны мен жеке сұраныстарымен байланысты болды. Жұмысқа қанағаттанбаушылықты шақыратын факторлар жұмыс пен сыртқы жағдайлардың кемшіліктерімен байланысты.

Кесте 1. Жұмысты қанағаттандыруға әсер ететін факторлар


Гигиеналық факторлар

Мотивация

Фирма саясаты мен әкімшілік

Табыс

Жұмыс шарттары

Қызметте жоғарылау

Жалақы

Нәтижесін айналадағылардың бағалауы мен мойындауы

Жекеаралық қатынастар

Жоғары деңгейдегі жауапкершілік


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет