Үш фактор арасындағы қатынас былайша көрсетіледі: Мотивация (М)=( 3-Р)+(Р-В)+(В-В) Еңбек шығындары – нәтиже қатынасында күту – бұл жұмсалған күш жігермен алынатын нәтиже арасындағы қатынас. Күту теориясында мотивацияны анықтайтын 3-ші фактор – бұл валенттілік немесе марапат бағалығы валенттілік – белгілі – бір марапат алу нәтижесінде қанағаттану немесе қанағаттанбау деңгейі. Түрлі адамның қажеттілігі түрлі болады және марапаттардың деңгейінде әртүрлі болады. Қол жеткен нәтиже үшін жасалған марапат біреуге маңызды болса, біреуге ол тіпті қажет емес. Алға қойған мақсаттға жету барысында адамдардың өз күш жігерлерін бөлуін және сол мақсатқа бағыттауын түсіндіретін тағы бір нәрсе ол әділеттілік теориясы. Әділеттілік теориясының мәні: адамдар жұмсаған күш жігерімен алынған нәтиже үшін берілген марапатты дәл осындай жұмыс істеп марапат алған басқа адамдармен салыстырады. Егер салыстырулар дисбалансты және әділетсіздікті көрсетсе, онда адамда психологиялық күйзеліс пайда болады. Нәтижесінде осы қызметкерлерді мотивациялау қажет, күйзелісті жойып дисбалансты әділетті деңгейде орнату керек. Лайман Портер – Эдуард Лоулер мотивациясының теориясы Лайман Портермен және Эдвард Лоулер кешенді іс жүргізетін мотивация теориясын жасады, бұл теорияда күту теориясының элементтерін әділеттілік теориясына біріктіреді. Олардың моделінде бес негізгі айнымалы көрсетілген (кесте 2) жұмсалған күш жігер, қабылдау, алынған нәтиже, марапат, қанағаттану дәрежесі. Портер – Лоулер моделіне сәйкес алынған нәтиже жұмысшылардың өздерінің рөлдерін түсінуге, қабілеттілігін және мінез-құлық ерекшеліктеріне, олардың жұмсаған күш жігеріне байланысты. Жұмсаған күш жігер нәтижесі марапатталу бағаларына байланысты анықталады. Портер-Лоулер теориясында марапаттау мен нәтиже арасында арақатынас орнатылады, яғни адамдар өздерінің қажеттіліктерін алынған нәтижеге берілген марапат арқылы қанағаттандырады.
Достарыңызбен бөлісу: |