Оқыту нәтижелері (пәндік және пәннен тыс құзіреттілік). - Тыңдалым бойынша студенттер бейтаныс көлемі: 300-400 сөзден тұратын мәтінді таспадан тыңдап, оның мазмұнындағы негізгі және қосымша хабарды түсіне білуі тиіс. Тыңдалым уақыты – 2-2,5 минут және бір рет тыңдалады. Мәтінде 2-3 таныс емес сөз кездесуі мүмкін. Диктордың мәтінді оқу (сөйлеу) қарқыны минутына 170-200 буын.
- Диалогқа түсу жағдайында сұхбаттасушы сөзінің мазмұнын мұқият тыңдап, түсінуі және жауап қайтаруға әзір болуы тиіс. Диалог күнделікті және әлеуметтік – мәдени салада қарым – қатынас жасау үшін қажетті тақырыпта болуы мүмкін. Диалог көлемі: 8-10 сөйлемнен тұруы мүмкін.
- Оқылым әрекеті бойынша студент мәтінді оқып, мазмұнын және негізгі тақырыбын түсінуі тиіс. Студент мәтін бойынша түсінгенін ауызша айтып, сұрақтарға жауап беруі немесе мәтін бойынша түсінгенін өз сөзімен әңгімелеп бере білуі қажет. Бұдан студенттің мәтіннің мазмұнын түсінген – түсінбегенін және сөздік қорынын ауқымын бірден аңғаруға болады. Мәтіннің түрлері: әңгіме, баяндама, сипаттама, нұсқау, дәйектеме, ауа райы туралы мәлімет, хабарландыру, т.б. Мәтін көлемі 600-700 сөзден тұрады және мазмұнында 3-5 таныс емес сөз кездесуі ықтимал.
- Айтылым бойынша студенттер өздеріне ұсынылған тақырыптардың бірін тыңдап, сұхбат құра білуі тиіс. Мұнда олардың рухани танымдары тексеріле келіп, осыған таңдаған тақырыпқа сай сөйлесімде төмендегідей шарттар ескертіледі:
- Студенттің берілген тақырып бойынша көлемі 400-500 сөзден тұратын мәлімдеме жасау, сұхбат құру, серіктесін қоштау, т.б. бағыттарды білім, білік, дағдысы болуы қажет. Егер тапсырма жеке немесе шағын топқа арналған монологтік сөйлеу болса, айтылым уақыты – 2-3 минут, қарқыны минутына 140-160 сөз болуы тиіс. Монологтік сөйлеуде студент берілген тақырып бойынша байланысты әңгіме құрай білуі, оқыған немесе тыңдаған мәтін бойынша қатысымдық бағытта репродуктивті негізде мәтін түзе құрастыра білуі; мәтінде берілген оқиға, ондағы кейіпкерлерге өз көзқарасын айта білуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |