Жеке тұлға Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі бойынша Жеке тұлға – Қазақстан Республикасының немесе басқа мемлекеттің азаматы, сондай-ақ азаматтығы жоқ адам. Яғни, «жеке тұлға» ұғымы «азамат» деген ұғымға тең мағынада қолданылады. Жеке тұлға әлеуметтік қатынастарға түсіп, саналы іс-әрекетке бара алады. Ол өзі үшін, өзі өмір сүретін қоғам үшін, өз мемлекеті үшін керек. Мұны әр азамат жақсы түсінуі қажет. Нашар материалдан құрылыс нысаны салынбайтыны сияқты, жеке тұлға қалыптаспаған елден мемлекет те шықпайды. Сондықтан да кез келген мемлекет адамдардың азаматтығына, біліміне, денсаулығына аса мән береді. Мемлекет үшін демография да маңызды, сәбилердің денсаулығы да, студенттің сапалы білімі де маңызды. Адамның жеке тұлға болып қалыптасуының негізгі факторы – тәрбие. «Тәрбие- тал бесіктен». Жастайынан алған тәрбиесі дұрыс бала дұрыс азамат болып шығады. Әсіресе, тірлікті емес, бірлікті артық көретін патриоттық тәрбие керек. Тапсырмалар: - Жаңа сөздерді оқып, есте сақтаңыз, жазып алыңыз:
- Мәтінді оқыңыз.
- Матаса байланысқан зат есімді тіркестерге мысалдар келтіріңіз. Мысалы, мемлекеттің азаматы, т.б.
- Екінші абзацты толықтырыңыз. Қандай ақпарат қосар едіңіз?
- Сұрақтарға жауап жазыңыз:
- «Жеке тұлға» дегеніміз не?
- Саналы іс-әрекет дегенге нені жатқызар едіңіз?
- Адамның өмірі «тал бесіктен жер бесікке дейін» ғана екен. Осындағы «тал бесік», «жер бесік» дегенді қалай түсінуге болады?
- Тәрбие неге тал бесіктен басталады?
- Мына мақалды қалай түсіндірер едіңіз:
- Ер азамат белгісі: түзде – мырза, үйде – құл.
- Сіздің бойыңызда осындай белгі бар ма?
Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер. Мақал. Отбасы – адам баласының өсіп-өнетін, ержететін, тәрбие алатын қасиетті алтын бесігі. Адамзат ұрпағына отбасының ықпалы мен әсерін өмірдегі басқа ешнәрсенің күшімен салыстыруға болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |