Отбасы, негізінен, үш ұрпақтан тұрады. Ол – ата, әке, бала. Әке – әулет басшысы, отбасы мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы. Отбасындағы бала тәрбиесінде, әсіресе, ұл тәрбиесінде әкенің орны ерекше. Әке балаға сыншы. Бала тәрбиесінде ана да маңызды рөлге ие. Ана бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетеді. Ана – мейірім, ана - адалдық, ана - дос, ана - сырлас. Әкені әулет басшысы ететін де, баланы мейірімге бөлейтін де – ананың махаббаты, ананың тәрбиесі. Тәрбиесі дұрыс отбасында сыйластық та орын алады. Сыйластық – барлығының негізі. Отбасындағы сыйластық жасы кішінің жасы үлкенді құрметтеуіне, бірінші болып амандасуына, ұл баланың қыз балаға жол беруіне, сөз әдебін сақтауына, отбасы мүшелерінің дұрыс қарым-қатынасына құрылады. Сыйластық туралы қазақ халқында былай дейді: «үлкенге – ізет, кішіге - құрмет», «ана алдында – құрмет, ата алдында - қызмет», «мейірімі мол ананың жүрегі жылы, қолы кең, кең пейілді атаның жүзі жылы, жолы кең», «сыйласқанның суын іш», «сыйлап берген су тәтті», «атасыз үй батасыз, анасыз үй панасыз». Сыйластық орнаған отбасынан әке көрген ұл, шеше көрген қыз өсіп шығады. Яғни, «ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің». Тапсырмалар: - Жаңа сөздерді оқып, есте сақтаңыз, жазып алыңыз: өсіп-өну, ержету, ықпал, әсер, әулет, қамқоршы, сыншы, тербетеді, мейірімге бөлейді, жасы үлкенді құрметтеу, жол беру, сөз әдебі, қолы кең.
- Мәтінді оқыңыз.
- Мәтіндегі көптік жалғаулы және жіктік жалғаулы сөздерді теріп жазыңыз.
- Мына тақырыптар бойынша ассоциограмма жасаңыз:
- Отбасылық сыйластықтың түрлері.
- Отбасылық сыйластықтың сақталмауының салдарынан пайда болған орындар.
- Сұрақтарға жауап беріңіз:
- Отбасы дегеніміз не? Отбасы мен жеке тұлға, отбасы мен ұлт, отбасы мен мемлекет байланыстары қандай?
- “Отбасы – шағын мемлекет” екенін негіздеңіздер. Неліктен?
- Отбасындағы сыйластықтарды сақтау үшін қажетті шарттарды атаныздар.
- Мақалдардың тиісті мағыналарын табыңыз. Жаттап алыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |