10 кредит Информатика және дизайн кафедрасының аға оқытушысы Жумадилова Гульмира Байзаковна



бет8/34
Дата03.03.2024
өлшемі4.21 Mb.
#494099
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   34
Қазақ тілі

Тапсырмалар:

  • Жаңа сөздерді оқып, есте сақтаңыз, жазып алыңыз: арқау, сіңімді, құнарлы, қолжетімді, ас мәзірі, икемденген, әр алуан, көкөніс, сұраныс, қамтылуы.
  • Мәтінді тыңдаңыздар, оқыңыздар, түсініңіздер.
  • Деректі және дерексіз зат есімдерді еске түсіріңіз. Мәтіннен мысалдар келтіріңіз.
  • Қазақ халқының бір ұлттық тағамының дайындалуы туралы жазып келіңіз.
  • Ұлттық тағамның пайдасы туралы әңгімелеңіз.

Экологиялық таза өнім

Еңбегі бардың өнбегі бар.

Мақал.

Қазіргі уақыт – жаһанданған заман. Жаһанданған заманның халықаралық саудаға қояр талабы басқа. Қазір кез келген мемлекет өзіне қажетті барлық тауарларды өздері шығарып жатпай, оны басқа елден арзан бағамен сатып алуды жолға қойды. Өзі де сондай басқа тауарды арзан бағамен шығаруға тырысып жатыр. Мұндай сапалы, арзан өнімдерді халықаралық нарыққа шығару қандай да бір елдің басты мұраты.

Қазақстанның халықаралық нарықтағы негізгі позициялары – мұнай, уран, түрлі металдар, бидай және тағы осы секілді шикізат. Шикізатты сыртқа сатып, қажетті заттарды сырттан әкелеміз. Алдымызда 2025 жылға қарай шикізаттық емес экспортты екі есе ұлғайту міндеті тұр.

Қазақстан әлемдегі экспорттаушы саналатын 50 елдің қатарына кіреді. Халықаралық нарықта Қазақстанның уран экспорты бірінші орында тұр. Ұнның экспортынан – 2, титан экспортынан 3-орындамыз. Мұнан басқа көмір, темір, тағы да басқа тауарлар экспортталады. Қазақстанда шығарылған электровоздар мен тепловоздар Түркіменстанға, Тәжікстанға, Әзербайжанға, Қырғызстанға экспортталды. Талдықорғанда шығарылған аккумуляторлар Африкаға жол тартты. Бүгінде Қазақстан әлемнің 117 еліне тауар экспорттай бастады.

Экологиялық таза өнімнің құрамында зиянды заттар дәстүрлі өнімдерге қарағанда аз. Бұлар - сапасы бойынша нормативті құжаттарға сәйкес өнімдер. Экологиялық таза өнімдер экологиялық таза аумақта қосымша тыңайтқыштарсыз, табиғи шикізаттардан алынады. Экологиялық таза өнім ұғымы 1924 жылы Р.Штайнердің теориялық негіздеуімен қалыптасты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет