- 1. Жаңа сөздерді оқып, есте сақтаңыз, жазып алыңыз: жаулық, саулық, амандық, жол іздеу, бұзақылық, парасаттылық, инабаттылық, нашақорлық, ішімдік, бәсекеге қабілетті.
- 2. Мәтінді тыңдаңыздар, оқыңыздар, түсініңіздер.
- Сұрақтарға жауап беріңіз.
- Байлыққа нені жатқызар едіңіз? Неліктен?
- Адамның жақсы өмір сүруіне не кедергі болуы мүмкін?
- Зиянды әдеттерге адам неліктен үйір болады?
- Зиянды әрекеттерден аулақ болу үшін адамға қандай қасиеттер керек?
- Зиянды әдеттерге нелер жатады?
- Мәтіннен жалпы және жалқы зат есімдерді бөліп көрсетіңіз.
- Мына тірек сызбалар арқылы ұсынылған мәтінді толықтырыңыздар.
- 1-топ. Адам өмірі қоршаған ортамен тығыз қарым-қатынаста. Сондықтан денсаулыққа әсер ететін факторлар өте көп. Тек денсаулыққа не пайдалы, не зиян екенін айыра білуі керек.
Ұлттық тағамның пайдасы Ас – адамның арқауы. Мақал. Қай халық болмасын дұрыс тамақтануға баса назар аударған. Тағам сіңімді, құнарлы, сапалы, қолжетімді болуы тиіс. Әр ел өзінің тұрған жерінің ерекшелігіне қарай ас мәзірін тағайындаған. Мысалы, теңіз жағалауындағылар теңіз өнімдерін көп қолдануға тырысқан. Қазақ халқы далалы жерді мекендегендіктен, тағамы да төрт түлікпен, даламен байланысып, көшпелі өмірге икемденген болды. Қазақтың ұлттық тағамы ет, сүт, ұн өнімдерінен жасалады. Ет тағамдары: қазы, қарта, жал, жая, шұжық, қуырдақ, тұшпара, т.б. Сүт тағамдары: айран, қымыз, шұбат, құрт, ірімшік, сүзбе, май, қоспа, т.б. Ұн тағамдары: бауырсақ, шелпек, таба нан, ши бауырсақ, жент, талқан, бүйрекше, т.б. Бұл тағамдардың қайсысын алсаңыз да, денсаулыққа өте пайдалы. Тек тамақтану тәртібін сақтаған дұрыс. «Таңғы асты өзің іш, түскі асты досыңмен бөліс, кешкі асты жауыңа бер» деген сөз бар. Қазақтың даласы кең, солтүстік пен оңтүстіктің, батыс пен шығыстың ауа райы да, жерінің табиғаты да әр алуан. Сондықтан солтүстік өңірлерде ет тағамдары көп қолданылады. Ыстық жерлерде еттен гөрі сусындар, жеміс-жидектер мен көкөністер көп сұранысқа ие. Шығысқа қарағанда батыс өңірлер теңіз өнімдерін мол пайдаланады. Қай өңір қандай тағамды қолданса да, адам ағзасына қажетті дәрумендердің қамтылуын көздеген.
Достарыңызбен бөлісу: |