10 кредит Информатика және дизайн кафедрасының аға оқытушысы Жумадилова Гульмира Байзаковна



бет6/34
Дата03.03.2024
өлшемі4.21 Mb.
#494099
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Қазақ тілі

2004 жылы Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заң қабылдады. Мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттары: қолжетімді және сапалы білім беруді қамтамасыз ету, ғылыми-техникалық әлеуетті дамыту, денсаулық сақтау, салауатты өмір салтын ұстану, жұмыспен қамту, жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту.

Қазақстан Республикасы – жас мемлекет. Тұрғындарының басым бөлігін жастар құрайды. Сондықтан да мемлекетте жастарға арналған бағдарламалар мен жобалар өте көп. Мұнан бөлек, 2019 жылды Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Жастар жылы» деп жариялады.

Жастарды жұмыспен қамту мақсатында «Дипломмен ауылға», «Бизнестің жол картасы», «Жұмыспен қамту - 2020», «7-20-25», т.б. бағдарламалар іске асырылып келеді.

Табысты еңбек ету үшін сапалы білім алу қажет. Сапалы білім беруге бағытталған «Болашақ» халықаралық стипендиясы, «100 жаңа есім» жобасы, «Серпін» бағдарламасы, «100 жаңа оқулық» жобасы, т.б. бар.

Тапсырмалар:

  • 1. Жаңа сөздерді оқып, есте сақтаңыз, жазып алыңыз: қозғаушы күш, іргетас, бәсекеге қабілетті, қызығушылық, қолжетімді, салауатты өмір салтын ұстану, табысты.
  • 2. Мәтіннен септік жалғаулы тіркестерді көшіріп жазыңыз.
  • 3. Мәтінді оқыңыз.
  • 4. Мәтін бойынша сұрақтар құраңыз.
  • 5. «Жас келсе, іске» дегенді қалай түсінесіз, ойыңызды жазыңыз.
  • 6. Жастарға арналған бағдарламалардың, жобалардың бірі туралы әңгімелеп келіңіз.
  • 7. Қоғам және жастар туралы әңгімелеңіз.

Бірінші байлық – денсаулық

Дені саудың – жаны сау.

Мақал.

Қазақта «бірінші байлық – денсаулық, екінші байлық – ақ жаулық, үшінші байлық – он саулық» деген сөз бар. Бұл - дұрыс сөз. Денсаулық дегеніміз – адам жаны мен тәнінің амандығы. Дені сау адам өзі үшін де, ол өмір сүріп жатқан қоғам үшін де керек. Қоғамдағы жұмыстарды денсаулығы бар адам ғана атқара алады.

«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде». Ол үшін жас ұрпақтың салауатты өмір сүруіне жағдай жасау керек. Ұлттық тәрбие ізгілікке, парасаттылыққа, инабаттылыққа, алкогольді қолданбауға, бұзақылық жасамауға үйретеді. Кейбір жастар темекі, ішімдік, нашақорлық тәрізді жаман қылықтармен айналысады. Бұл олардың болашағына, денсаулығына кері әсері етеді. Мұндай жағдайлар болмас үшін нашақорлық пен ішімдікке қарсы күрес жүргізу ұйымдары жұмыс жүргізеді. Болашақта бақытты болғысы келетін азаматтар өз денсаулықтары үшін дене шынықтыру жаттығуларымен және спортпен жиі айналысуы керек. Сонымен қатар ХХІ ғасырдың ең қауіпті, зиянды ауруларының бірі ЖИТС-ке қарсы, эболаға қарсы күрес жүргізілуі керек. Азаматтар әрқашанда бұл жаман дерттердің қалай таралатынын білуі тиіс. Қазақстан Республикасында дені сау, білімді, бәсекеге қабілетті азаматтар өмір сүрсе, болашақта мемлекеттің гүлденетініне ешкімнің күмәні жоқ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет