10 кредит Информатика және дизайн кафедрасының аға оқытушысы Жумадилова Гульмира Байзаковна



бет29/34
Дата03.03.2024
өлшемі4.21 Mb.
#494099
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
Қазақ тілі

Адам өмірінде адамгершілік қасиеттер маңызды рөлге ие. Жүрегі таза, ниеті түзу адам өзіне өзі сияқты адамдарды тартады. Қазіргі психологияда адамның ойы оның бүкіл өмірінің себепшісі деген түсінік бар. «Барлық әрекетті адамның ойы жасайды», яғни ойы таза адам таза, дұрыс әрекет етеді. Ойы тұман болса, ол адамның әрекетінде де қателіктер болады.

 Тапсырмалар:

  • «Құндылық» сөзіне ассоциация жазыңыз.
  • Ассоциаттарды топтастырып көріңіз.
  • Сұрақтарға жауап беріңіз:
  • Адами құндылық дегенге ең маңызды қандай 3 сөзді жазар едіңіз?
  • Адами құндылыққа тағы қандай қасиеттерді жатқыза аласыз?
  • Сіздің бойыңызда қандай адамгершілік қасиеттер бар?
  • Мәтінді тыңдаңыз.
  • Жаңа сөздермен жұмыс жасаңыз.
  • Тақырып бойынша көршіңізбен сұхбаттасыңыз.

Демография – ұлт тағдыры

Демография (грекше демос — халық) — белгілі бір халықтың, ұлттың, ұлыстың, этникалық топтың санын, құрамы мен құрылымын, аумаққа бөлінуін, өсу не кему динамикасын зерттейтін әлеуметтік ғылым саласы.

Демографиялық саясатты іске асыру кезінде мемлекеттік өкімет органдарының алдында мынадай міндеттер тұр:

  • өсіп-өнуді қоса алғанда, халықтың денсаулық жағдайын жақсарту;
  • өлімді азайту және соның көрінісі ретінде өмірдің ұзақтығын ұлғайту;
  • тууды тұрақтандыру және оны болашақта ұрпақтарды толық алмастыруды және халықты ұдайы көбейтудің кеңейтілген режимін қамтамасыз ететін деңгейге дейін арттыру;
  • отбасының тыныс-тіршілігі жағдайын жақсарту, отбасы-неке қатынастарын нығайту;
  • көші-қон процестерін реттеу;
  • коғам және жеке адам деңгейінде халықтың денсаулығы үшін жауапкершілікті арттыру;
  • экологиялық зілзаланың жағымсыз зардаптарын жеңу.
  • Ұлттық халық санағы елімізде әр 10 жыл сайын өткізіледі.

    Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінін деректері бойынша Қазақстан Республикасы халқының саны 2000 жылдың 1 қаңтарында 14896,1 мың адамды құрады. 1993 жылдың басымен салыстырғанда, халықтың саны 1530,4 мың адамға немесе 9,3 пайызға кеміді.



    Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет