10 кредит Информатика және дизайн кафедрасының аға оқытушысы Жумадилова Гульмира Байзаковна



бет28/34
Дата03.03.2024
өлшемі4.21 Mb.
#494099
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   34
Қазақ тілі

Республика Ұланы 1992 жылы Қазақстан Президентіне бағынатын жеке әскери құрама және Қарулы Күштердің резерві ретінде құрылды. Ол әскери құрама болып табылады. Оған мынадай міндеттер жүктелген: Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметімен өзара іс-қимыл жасай отырып, Мемлекет басшысының, экс-президенттер мен олардың отбасыларының және Президент бекіткен тізімге енген Қазақстан және шет елдердің лауазымды адамдарының біздің еліміздің аумағындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету; тізбесін ҚР Президенті айқындайтын аса маңызды мемлекеттік нысандарды күзету; өз құзіреті шегінде терроризмге қарсы операцияларға қатысу; ҚР Мемлекеттік туы мен ҚР Мемлекеттік елтаңбасының эталондарын күзету; хаттамалық іс-шараларды өткізу кезінде ҚР мерекелері мен салтанаттарында дәстүрлік рәсімдердің атқарылуына қатысу; әскери және төтенше жағдай режимі кезінде ҚР зандарында көзделген тәртіппен іс-шараларды жүзеге асыру.

Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп . . .

Махаббатпен жаратқан адамзатты, Сен де сүй ол алланы жаннан тәтті. Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп, Және хақ жолы осы деп әділетті.

Абай Құнанбайұлы

«Құндылық» деген сөзді естігенде ойыңызға не келеді? Құнды заттар, құнды ақпарат, адамның құнды қасиеттері. Әр нәрсенің өз құндылығы бар. Сол сияқты адами қасиеттер де құндылыққа жатады.

Сіз өзіңізді ақылды, парасатты, инабатты, адамгершілігі мол адаммын деп ойлауыңыз мүмкін. Сіздің айналысатын шаруаңыз, шығармашылығыңыз бар. Сіз өз отбасыңызды, Отаныңызды, жақын адамдарыңызды жақсы көресіз. Мұның барлығы адами құндылыққа жатады. Сіздің болмысыңыз бен сырт келбетіңіз де құндылықтың бір түрі.

Философ ақын Абай Құнанбайұлы «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деген өлеңінде үш сүю туралы айтады. Біріншісі, жаратқанды сүй, екіншісі, адамды сүй, үшіншісі, әділетті, адалдықты сүй.

Құндылықтар туралы алғашқы түсінік ежелгі грек ғалымы Сократтан бастау алады. Сократ үшін құндылық «адамның өмірді бағалауы» екен. Ал Аристотель «жақсылық», «игілік» ұғымдарын жағымды мінез-құлықты, рухани құндылықты бейнелеуде қолданды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет