2017 жылдың сәуір айында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы жарияланды. Осы мақаладан кейін «Рухани жаңғыру» бағдарламасы қолға алынды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бірнеше бағдарламалар мен жобалар жүзеге асырылып жатыр. Олар – «100 жаңа кітап», «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобалары, «Туған жер» бағдарламасы. «Туған жер» бағдарламасы - туған еліміздің тарихын тануға арналған бағдарлама. Елбасы жергілікті биліктің бұл бағдарламаны жинақылықпен және жүйелілікпен қолға алуын тапсырды. Бұдан өзге «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар бар. Олар ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы. Қазақстан қарулы күштері Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Елбасының 1992 жылдың 7 мамырындағы Жарлығына сәйкес құрылды. Осы күні еліміздің аумағындағы КСРО (Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы) әскери күштерінің есебіндегі әртүрлі нысандар Қазақстан құзыретіне берілді. Содан бергі аралықта ел әскерін қалыптастыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілді. Бүгінде Қарулы Күштеріміз үш түрлі құрылымнан тұрады. Олар: Құрлықтағы әскер, Әуе қорғанысы күштері және Әскери-теңіз күштері. Мемлекеттің аумақтық қорғаныс саласын біріктіру үшін Қарулы Күштер құрамындағы аумақтық әскерлердің басқару органы пайда болды. Құрылымның барлық сатылары қамтыла отырып, еліміздің әскери оқу орындары арқылы мамандар дайындау ісі жолға қойылды. Қарулы Күштеріміздің сапасын жоғары деңгейге көтеру үшін саланы заманауи стандарттарға, әлемдік тәжірибелерге сай дамыту басты міндеттердің бірі болып саналады. Қазақстан Қарулы Күштерінің әлеуеті тәуелсіздік жылдарында әскерімізді заманауи қару-жарақпен, озық үлгідегі әскери техникамен қамтамасыз етілді. Құрлықтағы әскерлер үшін брондалған машиналар мен бронды транспортерлер, заманауи радиоэлектронды барлау техникалары, ракеталық-артиллерия қару-жарағы, ауыр оқ ату жүйелері, ұялы байланыс кешендері, радиациялық, химиялық және биологиялық қатерлерден қорғайтын отандық машиналар, жанар-жағармай тасымалдайтын техникалар, далалық госпитальдар алынды. Ал Әуе қорғаныс күштері заманауи жойғыш, әскери-көліктік және оқу-жаттығуға арналған ұшақтармен, тікұшақтармен толықтырылды. Әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесінің техникалық паркі жаңартылды. Әуе кеңістігі шекараларын қорғау үшін жаңа зениттік-ракеталық және отандық «Нұр» радиотехникалық кешендері орнатылды. Қазақстанға Каспийдің теңіз шекарасының ең ұзын бөлігі тиесілі. Оны қорғау мақсатында Әскери-теңіз күштері құрылған. Қазіргі таңда елімізде әскери маңызы зор корабльдер мен кемелерді шығару жолға қойылған.
Достарыңызбен бөлісу: |