Х. С. Омарова, Н. Ж. Майтина, А. К. Аипова



бет1/10
Дата08.06.2016
өлшемі0.7 Mb.
#122226
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

С.Торайгыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті




Х.С. Омарова, Н.Ж. Майтина, А.К. Аипова



АҒЫЛШЫН ТІЛІ


Тарих және құқықтану факультеті

студенттеріне арналған оқу құралы

Павлодар
Кіріспе
Тіл маманынан басқа мамандық студенттеріне жоғары оқу орнында ағылшын тілін оқытудың негізгі мақсаты олардың өзге тілдегі дерек көздерінен ақпарат алу үшін мамандығына қатысты әдебиетті өз бетінше оқи алатындай деңгейде тілді меңгеруіне

көмектесу болып табылады.

Оқыту кезінде сөйлеу (оқу, айту) мен жазу тәрізді сөйлеу қызметі бүкіл курс бойы оқыту құралы ретінде пайдаланылады.

Аударма оқыту құралы ретінде, оқығанды қаншалықты түсінгенін тексеру үшін, оқығанда алған ақпаратын жеткізудің бір әдісі ретінде қолданылады. Практикалық жұмысқа мамандығы бойынша әдебиетті оқу шеберлігі мен дағдысын меңгеруге қажетті грамматикалық және лексикалық материал енгізілді. Практикалық жұмыс ағылшын тілін оқитын және ағылшын тілі бойынша белгілі бір дәрежеде білім мен дағдыны меңгерген 1, 2 курс студенттерінің 1, 2 және 3 семестрлеріне арналған.


Оқу құралы
«Тарих және құқықтану» факультетінің «құқықтану» мамандығы студенттеріне арналған практикалық сабақтардың мақсаты – бұрынғы тілдік білімдерінің негізінде өз ойын жеткізуге, естігені мен оқығанын түсінуге қажетті сөйлеу шеберліктері мен дағдыларын дамыту. Бұл мақсатты компоненттер практикалық сабақтардың мазмұнын, мамандық бойынша мәтіндердің бағытын, мәтіндік тапсырмалардан соң терминологиялық сөздікті құрастыруды белгілейді.

Төмендегі тәжірибешілік міндеттер көзделген:

- тілдік тапсырмалардың ұтымды көлемі мен үйлесімі;

- мәтіндік материалдың жоғары өзектілігі, ақпараттылығы және танымдылығы;

- мамандық пен елтанымдық аспект бойынша коммуникативтік бағыттың оңтайлылығы.

Мәтіннен кейінгі коммуникативтік тапсырмалар, сөзжасамдық, грамматикалық және сөйлеу жаттығулары мамандық бойынша лексиканы үйренуге, тілдік материалға жаттығуға және бекітуге қызмет етеді. Сонымен қатар тілдік материал мен тапсырмалар өтілген материалдар бойынша білімдерін және тиісінше тілдік дағдылар мен шеберліктердің қалыптасу деңгейін тексеріп, жинақтауға қажет. Практикалық жұмыстың бірінші кезеңінде лексикалық тапсырмалар орындалады. Тапсырмада көзделген мақсат-терминологиялық лексикалық материалға жаттығып, бекіту. Лексикалық материалдардың жекелей, қосарланып немесе шағын топтарда орындалуы мүмкін. Одан соң оқушылар үйренген лексикасы мен мәтіннің соңында студенттің сөздік қорын байыту және оқу бағдарына сәйкес кәсіби біліктілігін дамытуға алғы шарт болатын терминологиялық сөздікке сүйене отырып, арнайы мәтінді оқып, аударады. Бұдан кейін мамандық бойынша зерделік-танымдық қабілет пен грамматикалық практикалық дағдыларын дамытуға бағытталған мәтіннен соңғы тілдік және грамматикалық тапсырмалар жазбаша және ауызша түрде орындалады.


Лексикамен жұмыс
Лексикалық қорды бекіту және байыту жұмысын төмендегідей жүргізу ұсынылады:

- сөздікпен жұмыс істегенде алғы сөзден, сөздіктің құрылысымен және сол сөздікте қабылданған таңбалар жүйесімен танысыңыз;

- грамматикалық сипатына (белгісіз тұлға, жекеше түрде) сәйкес сөзді бастапқы тұлғасында жазып алыңыз.

Аударманың қиындығы көп мағыналы шет тілдік терминнің дұрыс мағынасын таңдауда. Қателікке ұрынбас үшін контекстке сүйене отырып, үзіндінің немесе абзацтың жалпы мазмұнын білу, белгілі терминмен айтылған ұғымның білімнің қай саласына жататынын анықтау керек.


Мамандығы бойынша мәтінмен жұмыс
Оқытудың негізі мақсатты қондырғысы шет тілдік дереккөзден ақпарат алу болып табылатындықтан, мамандық бойынша мәтіндерді оқуға ерекше көңіл бөлінуі керек. Мамандандырылған мәтінді оқу мына шеберліктерден тұрады:

- сөзжасам нышандары мен контекстің негізінде бейтаныс сөздердің мағынасын болжау;

- интернациональдық сөздерді көріп, олардың мағынасын белгілеу;

- таныс грамматикалық тұлғалар мен құрылымдарды тауып, қазақ тілінде олардың баламаларын беру;

- мағыналық және тілдік болжамның негізі ретінде арнайы пән бойынша білімді пайдалану.

Мәтінді тура және толық түсіну зерделеп оқу жолымен жүзеге асырылады. Зерделеп оқу арнайы пәндер білімін пайдалана отырып, өз бетінше лексикалық және грамматикалық талдау жүргізе білуді қажет етеді. Жұмыстың осы түрін өткізгенде терминологиялық сөздіктерді пайдалана отырып, мамандандығы бойынша дұрыс аудару (ауызша және жазбаша) дағдыларын дамыту қажет.



1 Grammar Support




Nouns (n)


Зат есімдер
Зат есім – заттардың атын, нәрселерді, табиғат пен қоғамдық құбылыстарды, уақиғаларды, ұғымдар мен түсініктерді білдіретін сөз табы.

Зат есімдер жалқы және жалпы болып екіге бөлінеді. Жалқы есімдер белгілі бір ғана затты, нәрсені арнайы, даралай атайды. Ал жалпы есімдер әр алуан деректі және дерексіз заттар мен ұғымдарды білдіретін зат есімдер.




Proper nouns

Жалқы есімдер

Common nouns

Жалпы есімдер

1

2

Arman the Art Gallery

Europe


the Ankara (Hotel)

Abai avenue

the Thames

Astana


December

a book development

a man marriage

a girl arrival

people rain

sand education

glass a horse

love



Жалпы есімдер

Common nouns
Жалпы есімдер санауға келетін (саналатын) және санауға келмейтін (саналмайтын) болып екіге бөлінеді.


Countable

Санауға келетін

Uncountable

Санауға келмейтін

1

2

a girl (three girls)

a man (two men)

a table (four tables)

a city (thousand cities)



butter rain cotton

milk air ignorance

love news leasure

equality mind equipment




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет