1.«Ағынды менің Ақасуым» өлеңі Ілиястың туған жеріне, дархан даласына деген перзенттік сүйіспешілігі оның «Ағынды менің Ақауым»



бет3/10
Дата13.04.2024
өлшемі49.79 Kb.
#498550
түріПоэма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Ілияс өлеңдерін талдау

1.Авторы :Ілияс Жансүгіров
2.Тақырыбы: домбыра туралы
3.Жанр түрі:поэзия
4.Идеясы :домбыраның құдіретін жеткізу
5.Шумақ:4
6.Тармақ:16
7.Бунақ саны:3
8.Буын саны:11-12
4.Маңым
Жақ-сы-ға ай-тып ба-зы-на, 8
Кө-ңіл ті-лім сар-най-ды. 7
Қайғы сызға сөйлесең,
Еш құлағын салмайды.
Ұйықтап жатыр, «әй» десең,
Әсте ұйқысы қанбайды.
Қопсыз қоңыр шолағым
Жұрт бәйгесін шалмайды.
Жапалаққа жем берсем,
Тірі тышқан алмайды.
Алаламай тең көрсем,
Бір бүкпесі қалмайды.
Жігерліге сөз айтсам,
Жылдамырақ андайды;
Жігерсізге қисайтсам,
Ат пен киім таңдайды.
Қанағатсыз қара жер
Жан біткенді жалмайды.
Қайырымы жоқ қара кер
Құр зорлығын жалдайды.
Көңіл, өмір жеп - жеңіл,
Бір басымды алдайды.
Жалған - жалын, мен - көмір,
От жанудан танбайды.
Көзі соқыр, көңіл мұз,
От жауса да жанбайды.
Маған біткен қиын құз
Лаулап жанып, қаулайды.

5.Арыным
Алқынамын, басылмайды арыным,
Тау селінде екпін қайрат, сарыным.
Жарлы-жалшы, жақыбайды жарылқау -
Жандағы ауру, жүректегі жалыным.
Егер салсам қос өкпеден тепкіні,
Елең емес тау жақпары, тек тұры.
Жау жапырар, көк дауылша бұрқырар,
Шүу дегенде кер бедеудің екпіні.
Толас болмас топ жасаққа тиіспей,
Семсер ұрып, ақ найзаны үзіспей;
Бет-аузым шаң, қанжарым қан қайрылып,
Ұмсындырып жау сұлуын, су ішпей.
Аял болмас айқай-сүрен салыспай,
Қашқан жауды ат баурына алыспай;
Қан сусаған болат сүңгім ашылмас,
Шұрқылтайдан шұрылдата шанышпай.
Тыншу болмас қалың қайрат қайнамай,
Қанжығаға қанды басты байламай;
Қара жүрек, қара қошқыл қанменен,
Үш тосарлы, қанды ауызды майламай.
Улы көкірек жиған сүтін тамызбай,
Қызыл қылыш қырқа турап ағызбай;
Басылмас бұл алқындаған арыным,
Адал сүтпен жарлыларды жағызбай.
«Мен» емеспін, мен де көптің бірімін,
Мендейлердің міне қостық бірлігін.
«Мен» құралып «біз» боп шықпай күреске,
Мен тудырман бұқарама тірі күн.
Арылтамыз аспанды аршып тұманнан,
Тазалаймыз жерді жонып жуаннан,
Тапсыз, тату, мерекелі, өнерлі,
Ел жасаймыз еңбегіне қуанған.

6.Жауын
Көк шатырлап, жел қарпып,
Жайлар түсті жайнақтап.
Қап - қара сұр мұнартып,
Бұлт аспанда ойнақтап.
Қырыққан ешкі бүгежектеп,
Күзеген түйе тайрақтап,
Боранды бұршақ шүмектеп,
Жер су болды тайғақтап.
Құздардан құйды күңіреніп,
Сай - саладан ылайтып,
Сұрғылтым бұлты түнеріп,
Моланы езді шұнайтып.
Жадыраған жазғы күн,
Қоштасты бізге «мұң» айтып.
Арық, әлсіз наз - мұңын,
Жылады, шырқап шын айтып.
Қараңғы перде қанаты
Аспанды шалып, жерді алды.
Меңіреу ұйқы қуаты
Ұйтты жеңіп, елді алды.
Қышқыл уайым, ащы сөз,
Бойдағы сіңген терді алды.
Болжаған түс болып кез,
Ел ұйқысын енді алды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет