2.Анам тілі
Қа-дір-лі,\ба-ға-сы ал-тын \а-нам ті-лі, 12-а
Се-ні-мен \ба-ға-лан-ған\ ба-лаң тү-рі.11-а
Төрт бө-ліп\түн ұй-қы-сын жұ-ба-там деп,11-б
Се-ні-мен\ әл-ди-ле-ген \а-нам ме-ні . 11-а
1.Авторы :Ілияс Жансүгіров
2.Тақырыбы: ана тілі туралы
3.Жанр түрі:поэзия
4.Идеясы :ана тілі құдіретін жеткізу
5.Шумақ:4
6.Тармақ:16
7.Бунақ саны:3
8.Буын саны:11-12
9.Ұйқас түрі:а-а-б-а қара өлең ұйқасы
3.Домбыра
Домбыра
Тарт күйіңді, домбыра!
Төгіл, төгіл тәтгі күй,
Тау суындай сылдыра,
Желпін, желпін жел соқтыр!
Тауда тұман тұрмасын,
Көкте бұлт ыдыра!
Тыңдамаған қоймасын,
Ойды-қырды қыдыра,
Құлшына тарт, домбыра!
Екі желі, үш қазық,
Тоғыз ноқта домбыра,
Ойнатайын он саусақ,
Құлындайын құлдыра.
Бозда-бозда бота күй,
Қашағанды қудыра,
Құлшына тарт, домбыра!
Еңбек елдің күйшісі-ау,
Құлағымды қиқулат,
Көңілімді қандыра,
Тәтгі-тәтті күйге тарт
Көргеніңді күй қыла,
Құлшына тарт, домбыра!
Еңбек елдің жыршысы-ау,
Жанымды бір жадырат,
Көкейіме қондыра,
Тәтті-тәтті әңгіме айт
Жаңа өмірді жыр қыла,
Шежіре, шешен сұңғыла,-
Құлшына тарт, домбыра!
Өлең құрылысына талдау жасау.
Тарт күй-ің-ді, //дом-бы-ра! // -7-а
Тө-гіл, тө-гіл //тәт-ті күй, // -7-а
Тау су-ын-дай //сыл-ды-ра,// -7а
Жел-пін, жел-пін// жел соқ-тыр!//
Тау-да тұ-ман// тұр-ма-сын, // -7 ә
Көк-те бұлт// ы-ды-ра! // -6 а
Тың-да-ма-ған// қой-ма-сын,// -7 ә
Ой-ды-қыр-ды// қы-ды-ра,// -7 а
Құл-шы-на тарт,// дом-бы-ра!// -7а
Өлең 2 бунақты, негізінен 7-буында, аралас ұйқас түрінде жазылған.
Г р а д а ц и я:
1. Түйдектету 2. Баяулату
«Домбыра» өлеңінде осы екі түрі де бар.
Дом-бы-ра, сен-де мін бар ма? 8
Мін-сіз бол-саң тіл бар ма? 7
Тіл жоқ деу-ге бо-ла ма?7
Тіл-ден а-нық үн бар-да.7
Дом-бы-ра-ның кү-ші мол 7
Кө-ме-йін-де күй бар-да? 7
(Түйдектеу бағытында жазылған)
Кел-ді жа-қын сең қа-ғыс-қан, 8
Үн шық-қан-дай жол-ба-рыс-тан 8
Тұн-шық-қан-дай 4
Өл-ді а-рыс-тан 5
Ат шап-қан-дай 4
Жер қа-йыс-қан.4
(Баяулату сарынымен жазылған )
Теңеу:, тұншыққандай, ат шапқандай, қамыстай, дыбыстай,
жарыстай, дауыстай, барыстай.
Эпитет: қоңыр жел, адақтаған күй, ыңыранған домбыра.)
Теңеу: жолбарыстай, тұншыққандай, ат шапқандай, қамыстай, дабыстай, жарыстай, дайыстай, барыстай.
Достарыңызбен бөлісу: |