Өлең ұйқастары
Белгілі бір өлшеммен, үйлесімді ырғақпен ұйқасып келетін өрнекті сөз жүйесін өлең дейді.
Өлең жолдары буын саны, тармағы, ырғағы мен мағынасы жағынан және ұйқасу үйлесімі жағынан жеке жүйе құрайды. Мұны өлеңнің шумағы деп атайды.
Шумақ тармақтардан, яғни өлең жолдарынан тұрады. Тармақ өз ішінен бунақтарға бөлініп, олар ырғағын тудырады. Тармақтың соңғы сөздерінің дыбыстық жағынан үндесуін өлең ұйқасы деп атайды.
Академик Қ. Жұмалиев қазақ поэзиясындағы ұйқастардың түрін төмендегідей көрсеткен:
1. Қара өлең ұйқасы (а, а, б, а)
2. Шұбырпалы ұйқас (а, а, а, а)
3. Ерікті ұйқас (а, б, в, г, б)
4. Шалыс ұйқас (а, б, а, б)
5. Егіз ұйқас (а, а, б, б)
6. Аралас ұйқас (а, а, б, в, б, в, б, б, б)
7. Шалыс ұйқас (а, б, а, б, в, г, д, г, ж, д)
Ұйқас түрлерінің үлгі кестесі.
Ұйқас түрлері
|
Мысалдар
|
|
1
|
Қара өлең
ұйқасы
|
Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы, /а/
Қиыннан қиыстырар ер данасы. /а/
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, /б/
Теп-тегіс, жұмыр келсін айналасы. /а/ (Абай)
|
2
|
Кезекті ұйқас
|
Желп-желп еткен ала ту, /а/
Жиырып алар күн қайда? /б/
Орама мылтық тарс ұрып, /в/
Жауға аттанар күн қайда? /б/
(Махамбет)
|
3
|
Шұбыртпалы
ұйқас
|
Бұған Қобылан қуанып: /а/
«Шырағым, Бурыл, шу!» - деді, /б/
Құбылып Бурыл гуледі, /б/
Табаны жерге тимеді, /б/
Тау менен тасты өрледі, /б/
Төрт аяқты сермеді, /б/
Құлақтың түбі терледі, /б/
Тер шыққан соң, өрледі, /б/
Адырды көзі көрмеді. /б/
(«Қобыланды батыр» жырынан)
|
|
4
|
Ерікті ұйқас
|
Алты жасқа келгенде /а/
Арыстан туған Қобылан /б/
Қазынадан қамқа киеді. /в/
Өзімнің еншім болсын деп, /г/
Тобылғы меңді торы атты /д/
Енші қылып мінеді. /в/
Қобыландының тілегін /ж/
Бүкіл Қыпшақ тіледі. /в/
(«Қобыланды батыр» жырынан)
|
|
5
|
Шалыс ұйқас
|
Қараңғы қазақ көгіне /а/
Өрмелеп шығып күн болам. /б/
Қараңғылықтың кегіне /а/
Күн болмағанда, кім болам? /б/
|
Алғы сөз
«Технология дегеніміз– әдістемелік жүйе мен сәйкес дидактикалық үрдістер кешенінің тәжірибеде жүзеге асырылатын жобасы, ал педагогикалық жағдаяттарға сай қолданылатын әдістер, тәсілдер оның құрамды бөлігі болып табылады » (Ж.А.Қараев)
Педагогикалық технология «жаңа технология», «озық технология», «оқыту технологиясы» т.б терминдермен аталуда. Солардың бірі сатылай кешенді талдау технологиясы – қазақ тілі әдістемесінің технологиясы. Талдаудың бұл түрі өткен, қазіргі және кейінгі материалдарды өзара бірлікте игеруге мүмкіндік береді.
Бұл әдістемелік құрал – кітапша қазақ тілінде білім беретін мектептердің 6-сынып әдебиет оқулығындағы берілген ақын- жазушылардың поэзиясын Н.А.Оразахынованың «Сатылай кешенді талдау» технологиясы бойынша талдауға арналған. Оқушылардың әдебиеттен теориялық білімдерін нығайтуға, танымдық деңгейін көтеруге мол септігін тигізеді. Оқушылардың сөздік қорын молайтуға поэзия тілін ұғынуға үйретеді. Сонымен қатар, белгілі ақын-жазушылардың еңбектерін саралай алуға дағдыландырады, оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландырады.
Сабақ тақырыбы: «О, Ақтан жас, Ақтан жас»
Сабақ мақсаты: 1.Дулат Бабатайұлы шығармаларымен таныстыру
2.Арнау түрлерін ұғындыру
3.Төзімділікке тәрбиелеу
«О,Ақтан жас, Ақтан жас» СКТ
1.Авторы: Дулат Бабатайұлы 1802-0874 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданында өмір сүрген. Бұқар мен Ақтамберді жырауларды ұстаз тұтқан, жырлары Абайға әсер еткен.
2.Тақырыбы: «О,Ақтан жас, Ақтан жас»
3. Жанр түрі: Лирика( көңіл- күй лирикасы, арнау)
4. Идеясы: «Сен де жетер ме екенсің?
Жетімдіктің белінен асып өтер ме екенсің?»
5.Шумақ саны: 1
6. Тармақ саны: 39
7. Бунақ саны: 2-3
8. Буын саны: 7-8
9.Ұйқас түрі: кезекті ұйқас
10. Әдеби- теориялық ұғымдар
10.1 Троп- сөзді құбылту
а) омоним- бау, ер
ә) көп мағыналы сөз – жетімдіктің белі,
б) көнерген сөздер- бадана көз, тоғыз тор сауыт, білтелі мылтық, сапы, тегеріш, керсен, бежін ер
10.2 Фигура- Арнау Риторикалық сұрау
«Бала сүйіп, мал жиып?
Керсеніңе бал құйып, өмір де сүрер ме екенсің?»
11. Түсіндірме сөздік: бежін ер- қытайы ер
12. Өлеңнің түйіні: «Жетімдіктен өтерсің.
Шаң бермей әлі кетерсің.
Қажыма, Ақтан, қажыма
Жетерсің, әлі, жетерсің!»
Сабақ тақырыбы: «Далада»
Сабақ мақсаты: 1. Сәкен Сейфуллин шығармаларымен таныстыру
2. Өлеңді талдау арқылы мазмұнын ұғындыру
3.Отаншылдыққа тәрбиелеу
«Далада» СКТ
1.Авторы: С.Сейфуллин 1894 - 1938 жылдары өмір сүрген ақын, қоғам қайраткері
2.Тақырыбы: «Далада»
3. Жанр түрі: Лирика (арнау- жарлай арнау)
4. Идеясы: «..Еркіндік, теңдік іздеген,
Көкіректері жанып бақыт іздеген, жастар
Сендерге арналды бұл әндер! ...»
5.Шумақ саны:1
6. Тармақ саны: ..42..
7. Бунақ саны: 2
8. Буын саны: 7-8
9.Ұйқас түрі: аралас
10. Әдеби- теориялық ұғымдар
10.1 Троп- сөзді құбылту
а) теңеу- танаулары шелекутей, демі көріктей, оттай көріктей,
ә) эпитет- қиырсыз дала, кең дала, күшті дауыс, қамыс- құрақты көк өзен, аққулы- қазды шалқар көл,
б) синоним- әділдік, теңдік, еркіндік; жүйткіп, зымырап; тулады, орғыды
в) кейіптеу- күңіренді дала
11. Түсіндірме сөздік: жүген- құрық- ноқта-
12. Өлеңнің түйіні: «...Шығыңдар далаға, жолға-
Бұрынғы ерлер салған жолға!
Сабақ тақырыбы: «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері»
Сабақ мақсаты: 1.Сүйінбай Аронұлы шығармаларымен таныстыру
2.Өлеңді талдау арқылы шығармашылыққа жетелеу
3.Жақсылыққа тәрбиелеу
«Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» (үзінді) СКТ
1.Авторы: Сүйінбай Аронұлы 1815-1898 жылдар аралығында Жамбыл ауданында өмір сүрген асқан айтыс шебері, әділ сыншы, Жамбылдың ұстазы.
2.Тақырыбы: «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері»
3. Жанр түрі: Лирика (көңіл- күй лирикасы)
4. Идеясы: адамгершілік асыл қасиеттерді дәріптеу
5.Шумақ саны: 3...
6. Тармақ саны: 42...
7. Бунақ саны: 3
8. Буын саны:11-12
9.Ұйқас түрі: аралас
10. Әдеби- теориялық ұғымдар
10.1 Троп- сөзді құбылту
а) метафора- көкірегі- көр, көзі- соқыр
ә) метонимия- жамандар, жақсылар
б) антоним- жақсы- жаман, үлкен- кіші, алыс- жақын,
в) синоним- үлкен, кесек,
г) дисфемизм- өтірікші, өсекші,
10.3. Сөзді ажарлау
а) Теңеу ел- жұртының қаласындай, әмме жұрттың анасындай, елінің ағасындай, алма, өріктің ағашындай, жанбай қалған шаласындай, сиырдың тентек болған танасындай, жылқының қотыр болған аласындай, басшы серкесіндей, қалың жүнді көрпесіндей, күймей піскен бөлкесіндей, жыл құсындай, балтаның ұңғысындай, ақылы ауысқан адамның жындысындай
11. Түсіндірме сөздік: тана- сиыр жасы
Сабақ тақырыбы: «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ»
Сабақ мақсаты: 1.Абай Құнанбайұлы шығармаларымен таныстыру
2. Суреттеу түрлерін ұғындыру
3.Жақсы ат, жүйрік жылқыларды тани білуге
тәрбиелеу
«Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» СКТ
1.Авторы:Абай Құнанбайұлы 1845-1904 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысында өмір сүрген, ақын, аудармашы,жазба әдебиеттің негізін салушы.
2.Тақырыбы: «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ»
3. Жанр түрі: Лирика
4. Идеясы: ер қанаты жақсы атты суреттеу
5.Шумақ саны: 8
6. Тармақ саны: 32
7. Бунақ саны: 3
8. Буын саны: 11
9.Ұйқас түрі: қара өлең
10. Әдеби- теориялық ұғымдар
10.1 Троп- сөзді құбылту
а) омоним- көсем, ер, ат
ә) эпитет – қой мойынды, салқы төсті, шақпақ етті, қамыс құлақ, бөкен қабақ,қоян жақ,теке мұрын,бота тірсек,
б) теңеу- шоқпардай,тояттаған бүркіттей, жалпақ тақтайдай,
11. Түсіндірме сөздік:
а) сағақ-
ә) ұма-
б) аяң-
в) алшы-
г) аламайлы-
12. Өлеңнің түйіні: «...Шапса жүйрік, мінсе берік, жуан, жуас Разы емен осындай ат мінбесем»
Сабақ тақырыбы: «Мен кім?»
Сабақ мақсаты: 1. Мағжан Жұмабайұлы шығармаларымен
таныстыру
2. Өлеңді талдау арқылы мазмұнын
ұғындыру
3.Отаншылдыққа тәрбиелеу
«Мен кім?» СКТ
1.Авторы: Мағжан Жұмабаев 1893- 1938 жылдары өмір сүрген ақын, қоғам қайраткері
2.Тақырыбы: «Мен кім?»
3. Жанр түрі: Лирика (арнау)
4. Идеясы: «Көкте -күнмін, көпке нұрым шашамын...»
5.Шумақ саны: 3
6. Тармақ саны: 9
7. Бунақ саны: 3
8. Буын саны: 11
9.Ұйқас түрі: қара өлең
10. Әдеби- теориялық ұғымдар
10.1 Троп- сөзді құбылту
а) синоним- шеті, түбі
ә) антоним-көкте- жерде
б) метафора- көкте- күнмін,арыстанмын, жолбарыспын, жерде- желмін, тұлпармын, теңізбін, жалынмын,
в) табу- көк
11. Түсіндірме сөздік: түсінуге қиын сөз жоқ
12. Өлеңнің түйіні: «...Жалынмын мен, келме жақын-
жанарсың
Тұлпармын мен, шаңыма ермей қаларсың.»
Сабақ тақырыбы: «Қазақ тілі»
Сабақ мақсаты: 1. Мағжан Жұмабайұлы шығармаларымен
таныстыру
2. Өлеңді талдау арқылы мазмұнын ұғындыру
3.Отаншылдыққа тәрбиелеу
«Қазақ тілі» СКТ
1.Авторы: Мағжан Жұмабаев 1893- 1938 жылдары өмір сүрген ақын, қоғам қайраткері
2.Тақырыбы: «Қазақ тілі»
3. Жанр түрі: Лирика
4. Идеясы: «..Алтын күннен бағасыз бір белгі,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың ...»
5.Шумақ саны: 4
6. Тармақ саны: 12
7. Бунақ саны: 3
8. Буын саны: 11
9.Ұйқас түрі: қара өлең
10. Әдеби- теориялық ұғымдар
10.1 Троп- сөзді құбылту
а) омоним- құр,көк
ә) антоним-қорқақ- батыр,
б) эпитет- алтын ана, асқан жандар, айбынды ту, жауыз тағдыр, нұрлы жұлдыз, кен тілім, таза,терең, күшті тіл, ақ қол, ұшқыр жаны,
в) теңеу күндей күшті
г) метафора- қыран құстың қос қанаты
11. Түсіндірме сөздік: түсінуге қиын сөз жоқ
12. Өлеңнің түйіні: «...Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа
Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тілім!»
Сабақ тақырыбы: «Мен- қазақ»
Сабақ мақсаты: 1. Сұлтанмахмұт Торайғыров
шығармаларымен таныстыру
2. Өлеңді талдау арқылы мазмұнын ұғындыру
3.Шыншылдыққа тәрбиелеу
«Мен- қазақ» СКТ
1.Авторы: С.Торайғыров 1893- 1920 жылдары өмір сүрген ақын, қоғам қайраткері
2.Тақырыбы: «Мен- қазақ»
3. Жанр түрі: Лирика (философиялық)
4. Идеясы: «Мен- қазақ, қазақпын деп мақтанамын
5.Шумақ саны: 5
6. Тармақ саны: 18
7. Бунақ саны: 3
8. Буын саны: 11
9.Ұйқас түрі: қара өлең
10. Әдеби- теориялық ұғымдар
10.1 Троп- сөзді құбылту
а) омоним- ер,
ә) антоним- күншығыс- күнбатыс, кіргені- шыққаны,
11. Түсіндірме сөздік: лықа –
ен дала-
12. Өлеңнің түйіні: «...Сүйгенім қазақ өмірі, өзім қазақ
Мен неге қазақтықтан сақтанамын!»
Сабақ тақырыбы: «Қара бұлт»
Сабақ мақсаты: 1. Ахмет Байтұрсынұлы шығармаларымен
таныстыру
2. Өлеңді талдау арқылы мазмұнын ұғындыру
3.Шыншылдыққа тәрбиелеу
«Қара бұлт» СКТ
1.Авторы: Ахмет Байтұрсынов 1873-1938 жылдары өмір сүрген ақын, қоғам қайраткері
2.Тақырыбы: «Қара бұлт»
3. Жанр түрі: Лирика (мысал)
4. Идеясы: «..Бұлттай жерге жаумай, суға жауған
Қазақта іс ететін адамдар көп...»
5.Шумақ саны: 6
6. Тармақ саны: 24
7. Бунақ саны: 3
8. Буын саны: 11
9.Ұйқас түрі: қара өлең
10. Әдеби- теориялық ұғымдар
10.1 Троп- сөзді құбылту
а) омоним- құр,көк
ә) табу- көк
11. Түсіндірме сөздік: ғибрат-
12. Өлеңнің түйіні: «...Жұмсамай тиісті орнына мал, өнерін
Біреулер жүреді, оған не амал бар?
Сабақ тақырыбы: «Анама хат»
Сабақ мақсаты: 1. Ахмет Байтұрсынұлы шығармаларымен
таныстыр
2. Өлеңді талдау арқылы мазмұнын
ұғындыру
3.Шыншылдыққа тәрбиелеу
«Анама хат» СКТ
1.Авторы: Ахмет Байтұрсынов 1873-1938 жылдары өмір сүрген ақын, қоғам қайраткері
2.Тақырыбы: «Анама хат »
3. Жанр түрі: Лирика (философиялық)
4. Идеясы: «Адамнан адам туып, адам ісін етпей,
Ұялмай не бетімнен көрге барам?!»
5.Шумақ саны: 9
6. Тармақ саны: 36
7. Бунақ саны: 3
8. Буын саны: 11
9.Ұйқас түрі: қара өлең
10. Әдеби- теориялық ұғымдар
10.1 Троп- сөзді құбылту
а) омоним – қалам
11. Түсіндірме сөздік: керме –
ен дала-
12. Өлеңнің түйіні: «... Тайпалған талай жорға, талай тұлпар
Тағдырдың кез болып тұр кермесіне.»
Сабақ тақырыбы: «Құлақтан кіріп, бойды алар»
Сабақ мақсаты: 1. Абай Құнанбайұлы шығармаларымен
таныстыру
2. Суреттеу түрлерін ұғындыру
3.Сазды сүюге тәрбиелеу
«Құлақтан кіріп, бойды алар» СКТ
1.Авторы: Абай Құнанбайұлы 1845-1904 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысында өмір сүрген, ақын, аудармашы,жазба әдебиеттің негізін салушы.
2.Тақырыбы: «Құлақтан кіріп, бойды алар»
3. Жанр түрі: Лирика көңіл- күй лирикасы
4. Идеясы: «Құлақтан кіріп, бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй»
5.Шумақ саны: 7
6. Тармақ саны: 28
7. Бунақ саны: 2
8. Буын саны: 7-8
9.Ұйқас түрі: шалыс ұйқас
10. Әдеби- теориялық ұғымдар
10.1 Троп- сөзді құбылту
а) омоним- бастау,
ә) көп мағыналы сөз – өмір тоны,
б) антоним- бар-жоқ, шын-жалған,
в) афоризмдер- «..ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға»
11. Түсіндірме сөздік: түсінуге қиын сөз жоқ
12. Өлеңнің түйіні: «Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең, менше сүй»
Сабақ тақырыбы: «Шығамын тірі болсам, адам болып»
Сабақ мақсаты: 1. Сұлтанмахмұт Торайғыров
шығармаларымен таныстыру
2. Өлеңді талдау арқылы мазмұнын
ұғындыру
3.Отан сүюге тәрбиелеу
«Шығамын тірі болып адам болып» СКТ
1.Авторы: С.Торайғыров 1893- 1920 аса көрнекті ақын, қоғам қайраткері,
2.Тақырыбы: «Шығамын тірі болсам адам болып»
3. Жанр түрі: Лирика (философиялық)
4. Идеясы: «Жатқаным көрде тыныш жақсы емес пе?
Жүргенше өмір сүріп, надан болып »
5.Шумақ саны: 3
6. Тармақ саны: 12
7. Бунақ саны: 3
8. Буын саны: 11
9.Ұйқас түрі: қара өлең
10. Әдеби- теориялық ұғымдар
10.1 Троп- сөзді құбылту
а) теңеу-толған айдай,
ә) көп мағыналы сөз- елдің беті
б) эпитет- мен- балаң, жарық күнде сәуле қуған
11. Түсіндірме сөздік: түсінуге қиын сөз жоқ
12. Өлеңнің түйіні: «Тебем деп, тірі болсам надандықты,
Серт етіп, өз- өзіме еткем егес!»
Сабақ тақырыбы: «Жолама қулар маңайға»
Сабақ мақсаты: 1. Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармаларымен
таныстыру
2. Өлеңді талдау арқылы мазмұнын ұғындыру
3.Шыншылдыққа тәрбиелеу
«Жолама қулар маңайға» СКТ
1.Авторы: Шәкәрім Құдайбердіұлы 1858-1931 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысында өмір сүрген, ақын, аудармашы,Абайдың немере інісі, Орыс ойшылы Толстойды ұстаз тұтқан
2.Тақырыбы: «Жолама қулар маңайға»
3. Жанр түрі: Лирика көңіл- күй лирикасы
4. Идеясы: «...Адамдық борыш ар үшін
Барша адамзат қамы үшін
Серт бергем еңбек етем деп..»
5.Шумақ саны: 1
6. Тармақ саны:36
7. Бунақ саны: 2
8. Буын саны: 7-8
9.Ұйқас түрі: егіз ұйқас
10. Әдеби- теориялық ұғымдар
10.1 Троп- сөзді құбылту
а) омоним- тіл,
ә) синоним- жәдігөй, арам
11. Түсіндірме сөздік: тұл-
12. Өлеңнің түйіні: «Адам үшін- еңбегім, Өмірден барлық тергенім.
Өлгенімше ізденем, толтырам кемін, қалғанын»
Сабақ тақырыбы: «Анау – аспан, мынау - бақ»
Сабақ мақсаты: 1.М.Мақатаев шығармаларымен таныстыру
2. Өлеңді талдау арқылы мазмұнын
ұғындыру
3.Табиғатты сүюге тәрбиелеу
«Анау – аспан, мынау - бақ» СКТ
1.Авторы: М.Мақатаев 1931-1976 жылдары өмір сүрген қазақтың біртуар ақыны
2.Тақырыбы: Қыс көрінісі, қоғамдық шындық көрінісі
3. Жанр түрі: Лирика (табиғат лирикасы)
4. Идеясы: Қыс мезгілінің тазалығын дәріптеу
5.Шумақ саны: 4
6. Тармақ саны: 16
7. Бунақ саны: 3
8. Буын саны: 7-8
9.Ұйқас түрі: шалыс ұйқас
10. Әдеби- теориялық ұғымдар
10.1 Троп- сөзді құбылту
а) метафора – қыс - тазалық , қыс - аппақ
Эпитет – ақ дәке , қу бұтақ, кәрі емен
Кейптеулер :
Дәрігер қыс алуда
Бақты кезіп тал – қайың
Жалаң аяқ жылап тұр
Түксиеді кәрі емен.
11. Түсіндірме сөздік: бақ жадау – жайқалған жасыл жоқ
12. Өлеңнің түйіні: «Қыс – тазалық, қыс – аппақ
Әрі өкініш , әрі өлең.
Сабақ тақырыбы: «Әсемпаз болма әрнеге»
Сабақ мақсаты: 1. Абай Құнанбайұлы шығармаларымен
таныстыру
2.Өлеңді талдауға үйрету
3.Мақтаншақтық, жаман қасиеттерден жеріндіру
«Әсемпаз болма әрнеге» СКТ
1.Авторы: Абай Құнанбайұлы 1845-1904 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысында өмір сүрген, ақын, аудармашы,жазба әдебиеттің негізін салушы.
2.Тақырыбы: «Әсемпаз болма әрнеге»
3. Жанр түрі: Лирика философиялық лирика
4. Идеясы: «Әсемпаз болма әрнеге
Өнерпаз болсаң арқалан»
5.Шумақ саны: 6
6. Тармақ саны: 24
7. Бунақ саны: 2
8. Буын саны: 7-8
9.Ұйқас түрі: шалыс ұйқас
10. Әдеби- теориялық ұғымдар
10.1 Троп- сөзді құбылту
а) омоним- туған, жақ
ә) метафора-алдың- жалын, артың- құз, сен де бір кірпіш
б) антоним- қашқан- қуған
11. Түсіндірме сөздік:
езбе- мезі етуші, мыжың
шапқат- мейірім
12. Өлеңнің түйіні: «..Ақырын жүріп, анық бас
Еңбегің кетпес далаға»
Сабақ тақырыбы: «Адамдық борышың»
Сабақ мақсаты: 1. Шәкәрім Құдайбердіұлы
шығармаларымен таныстыру
2. Өлеңді талдау арқылы мазмұнын ұғындыру
3.Шыншылдыққа тәрбиелеу
«Адамдық борышың» СКТ
1.Авторы: Шәкәрім Құдайбердіұлы 1858-1931 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысында өмір сүрген, ақын, аудармашы,Абайдың немере інісі, орыс ойшылы Толстойды ұстаз тұтқан
2.Тақырыбы: «Адамдық борышың»
3. Жанр түрі: Лирика (философиялық)
4. Идеясы: «Өміріңді сарп қыл өлгеніңше
Жоба тап, жол көрсет, келешек қамы үшін»
5.Шумақ саны: 1
6. Тармақ саны: 25
7. Бунақ саны: 2
8. Буын саны: 11
9.Ұйқас түрі: қара өлең
10. Әдеби- теориялық ұғымдар
10.1 Троп- сөзді құбылту
а) омоним- ақ,
11. Түсіндірме сөздік: ғибрат-
12. Өлеңнің түйіні: «Ғибрат алар артыңа із қалдырсаң,
Шын бақыт- осыны ұқ, Мәңгілік өлмейсің!»
Сабақ тақырыбы: «Домбыра»
Сабақ мақсаты: 1.Ілияс Жансүгіров шығармаларымен
таныстыру
2.Өлеңді талдауға үйрету
3. Өнер құдіретін сезінуге тәрбиелеу
«Домбыра» СКТ
1.Авторы: Ілияс Жансүгіров қазіргі Алматы облысы, Ақсу
ауданында өмір сүрген ақын , репрессия құрбаны
2.Тақырыбы: «Домбыра»
3. Жанр түрі: Лирика
4. Идеясы: «Тіл жоқ деуге бола ма,
Тілден анық үн барда?
5.Шумақ саны: 4
6. Тармақ саны: 33
7. Бунақ саны: 2-3
8. Буын саны: 7-8
9.Ұйқас түрі: аралас ұйқас
10. Әдеби- теориялық ұғымдар
10.1 Троп- сөзді құбылту
а) омоним- тіл,күй,мін, шек,өр,ақ
ә) метафора- арыстан, жолбарыс, күй найзасы
б)көнерген сөз – найза
10.2 Фигура
а) градация – сыңғырады, сылдырады, жеделдеді, шу басты
ә) арнау - риторикалық сұрау
Домбыра, сенде мін бар ма?
Мінсіз болсаң – тіл бар ма?
11. Түсіндірме сөздік:
дабыс -
12. Өлеңнің түйіні: «Домбыраның күші мол
Көмейінде күй барда»
Сабақ тақырыбы: «Туған жер »
Сабақ мақсаты: 1.Әбу Сәрсенбаев шығармаларымен
таныстыру
2.Өлеңді талдауға үйрету
3. Отан сүюге тәрбиелеу
«Домбыра» СКТ
1.Авторы: Ілияс Жансүгіров қазіргі Алматы облысы, Ақсу
ауданында өмір сүрген ақын , репрессия құрбаны
2.Тақырыбы: «Домбыра»
3. Жанр түрі: Лирика
4. Идеясы: «Тіл жоқ деуге бола ма,
Тілден анық үн барда?
5.Шумақ саны: 4
6. Тармақ саны: 33
7. Бунақ саны: 2-3
8. Буын саны: 7-8
9.Ұйқас түрі: аралас ұйқас
10. Әдеби- теориялық ұғымдар
10.1 Троп- сөзді құбылту
а) омоним- тіл,күй,мін, шек,өр,ақ
ә) метафора- арыстан, жолбарыс, күй найзасы
б)көнерген сөз – найза
10.2 Фигура
а) градация – сыңғырады, сылдырады, жеделдеді, шу басты
ә) арнау - риторикалық сұрау
Домбыра, сенде мін бар ма?
Мінсіз болсаң – тіл бар ма?
11. Түсіндірме сөздік:
дабыс -
12. Өлеңнің түйіні: «Домбыраның күші мол
Көмейінде күй барда»
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Жалпы білім беретін мектептің 6 сыныбына арналған әдебиет оқулығы. Авт: К.Ісләмжанұлы, С.Тілешова, Б.Әрінова, Р.Баттал Алматы, «Атамұра», 2006ж.
2. Сатылай кешенді талдау .Әдебиеттен әдістемелік
Н.Оразахынова, К.Ә.Әбдіреймова, Г.Б.Жайлауова А.Т.Жиенқұлова. Алматы,2009ж. «Оқу құралы»
3. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Жалпы ред,
басқарған Т.Жанұзақов, Алматы, 2008
«Дайк-Пресс»
4. Фразеологиялық сөздік. Алматы , «Арыс», 2007ж.
5. Синонимдер сөздігі. Алматы, «Арыс», 2007ж.
Мазмұны
Алғы сөз...................................................................2
О, Ақтан жас, Ақтан жас........................................3
Жақсы мен жаман адамның қасиеттері................4
Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ.......................5
Мен- қазақ................................................................6
Қара бұлт..................................................................7
Шығамын тірі болсам, адам болып.........................8
Жолама қулар маңайға............................................9
Адамдық борышың..................................................10
Әсемпаз болма әрнеге............................................11
Анау-аспан, анау-бақ.............................................12
Құлақтан кіріп, бойды алар....................................13
Анама хат.................................................................14
Қазақ тілі...................................................................15
Мен кім?....................................................................16
Далада.......................................................................17
Ана тілім
Ілияс Жансүгіров
Қадірлі, бағасы алтын анам тілі,
Сенімен бағаланған балаң түрі.
Төрт бөліп түн ұйқысын жұбатам деп,
Сенімен әлдилеген анам мені.
Бесікте белім буып бітіскемін,
Сөйлесіп шешем жүнін түтіскемін.
«Апа», - деп, «Ә», - деп жылап, аузымды ашып,
Емшектен еңбек қылып сүт ішкемін.
Маңымды сеніменен танығамын,
Сеніменен қуанып, налығамын.
Дене ауырлап, жан жалқау тартқан шақта,
«Уһ» деп шаршап, дем алып шалығамын.
Тілегенім, қорыққаным – бәрі де сен,
Сасқанда да жармасам ойбайыңмен.
Апкәусар болса дағы ұжмақтағы,
Тәттілікті көрмеспін сенімен тең.
Достарыңызбен бөлісу: |