1ҚазаҚстан РеспубликасынЫҢ банк жүйесінде бөлшек банкингтің теориялық негіздері



бет2/8
Дата25.02.2016
өлшемі1.82 Mb.
#21506
1   2   3   4   5   6   7   8

Несие қатынастарының дамуы

Жүйенің алғашқы жағдайының болуы




БІРІНШІ ҚАЙШЫЛЫҚ


Несиеге делдеалдардың қатысу

ЕКІНШІ ҚАЙШЫЛЫҚ


Несиелік қатынастарды реттеуші органдардың туындау,

“банктердің банкі”

Сурет 1

Экономикалық дамудың қазіргі деңгейіне үшінші формасы сай келеді. Өйкені, несиелік қатынастың әрбір даму кезеңа алғашқысының туындысы болып табылады. Ендеше үшінші формасы алғашқыларының барлығын қамтиды.

Осындай құрлымды несие механизіміне де үсынуға болады. Ол: біріншіден, кредитор мен қарыз алушы арасындағы тікелей қатынасты ұйымдастыру; екіншіден, несиеде делдалдардың болуы (банк жүйесі); үшіншіден, несиелік қатынастар мен жүйенің қызметтерін реттеп отыратын мехенизімнен түруы тиіс.

Өзара қатынастың қазғалыстылығы және күрделілігімен ерекшеленентін нарық экономикасында шешім қабылдау үшін, сараптай білу қаблеті болуы,банк қызмет ететін шкі, сыртқы орталардың даму заңдылықтарын және болашақты айқындай білу қажет. Тиімді банктік қызмет үшін әдістемелік нұсқаулықтарды немесе тәжірибелік машықтың болуы жеткіліксіз, сонымен қатар, теориялық білімнің болуыда маңызды.


Банк жүйесi – бұл салым қабылдау және несие беру қызметтерiн орындайтын банктер мен банк институттарының әр алуан түрлерiнiң жиынтығы.

Кез келген мемлекеттiң банк жүйесi жалпы алып қарағанда экономиканың үлгiсiне байланысты болады. Орталықтандырылған экономикадағы банк жүйесi нарықтың экономикасы дамыған банк жүйесiнен ерекшеленедi. Экономикадағы банк жүйесiнiң маңызын дәлелдеп жатудың өзi артық. Банк жүйесi арқылы мемлекет экономиканың салалық және аумақтық даму саясатын жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасында жүргiзiлген реформалар барысында елiмiзде классикалық екi деңгейлi банктер жүйесiне өту кезеңi аяқталды. Қазақстан Республикасының банк жүйесi екi деңгейден тұрады. ұлттық банк мемлекеттiң орталық банкi болып табылады және ол банк жүйесiнiң жоғарғы (бiрiншi) деңгейiне жатады. Өзге банктердiң бәрi банк жүйесiнiң төменгi (екiншi) деңгейiне жатады. Қазақстан Республикасының орталық (ұлттық) банкi мемлекеттiң негiзгi банкi болып табылады. Олардың қызметi өкiлеттi және атқарушы өкiмет органдарынан тәуелсiз. Қазақстан Республикасының орталық банкi – экономикалық дербес мекеме. Ол өзiнiң қызметiн меншiктi табыстары есебiнен жүзеге асырады.

Орталық банк көптеген қызметтер атқарады. Оның iшiнде негiзгiлерi:



  • ақша эмиссиясы (айналымға ақша шығару)

  • мемлекеттiң алтын валюта қорын сақтау

  • басқа несие беретiн мекемелердiң резервтiк қорларын сақтау

  • экономиканы ақша-несие арқылы реттеу

  • коммерциялық банктерге несие беру және мемлекеттiк мекемелерге кассалық қызмет көрсету

  • банктердiң, сондай-ақ шет ел валютасын сатып алу, сату және айырбастау жөнiндегi операцияларды жүзеге асыратын ұйымдастыру қызметiн реттеу және қадағалау т.б.

Қазақстан Республикасы Орталық банкiнiң ақша-несие саясатын жүргiзудегi негiзгi құралдары мен әдiстерiне: Қазақстан Ұлттық банкiнiң сыйақы ставкалары, резервтiк талаптар, оның нарықтағы операциялары, валюталық реттеу, тiкелей сандық шектеулер жатады.

Коммерциялық банктер банк жүйесiнiң аса маңызды буыны болып есептеледi. Қазiргi коммерциялық банктер қаржы-несие мекемелерiнiң әмбебап сипаттағы түрi.

Нарықтық экономикада банктермен қатар банк жүйесiне сақтандыру компаниялары, инвестициялық банктер, қарыз сақтау ассоциациялары, зейнетақы қорлары және т.б. осы сияқты арнаулы қаржы-несие институттары ерекше орын алады. Көп көлемде ақша ресурстарын шоғырландыратын бұл институттар капиталды тиiмдi орналастыру және қорлану процесiне белсендi қатысады.

Банк жүйесiн жоғарғы дәрежедегi макроэкономикалық мақсаттарды жүзеге асыратын маңызды құрал ретiнде қарастыруға болады.

Нарықтық экономикаға көшумен байланысты Қазақстан Республикасының банктер жүйесiнде ұлттық экономиканың басқа секторларымен салыстырғанда елеулi өзгерiстер болып жатқаны баршаға мәлiм. Бүгiнгi таңда нарықтық экономика жолына баяғыда түсiп, зор жетiстiктерге жеткен өркениеттi елдер тәжiрибесiн үйрене отырып, банк жүйесiн халықаралық стандарттарға көшiру ел экономикасы үшiн маңызды болып табылады.

Банк жүйесiн реформалау қажетiлiгi Қазақстанның эволюциялық дамуының сапалы, жаңа деңгейге жетуiнiң қажеттiгiнен туындап отыр. Нарықтық экономикаға көшкен жылдар аралығында Қазақстан Республикасының банк жүйесi реформалаудың ұзақ та, қиын кезеңiн бастан кешiрдi. Бұл кезеңде елiмiздiң банк жүйесiнде тек сандық емес, сонымен бiрге сапалы өзгерiстер болды деп айтуға болады. Қазақстан Республикасының тәуелсiздiк алуының он жылдығына арналған салтанатты жиналыста ел Президентi Н.Назарбаев банк жүйесiн реформалау нәтижесi бойынша: «Елiмiздiң банк жүйесi түбегейлi де

сапалы өзгерiстерге ұшырады« деп мақтанышпен атап өткен болатын.

Қазақстанда банк жүйесiн реформалау iсi ең алдымен коммерциялық банктердi құрудан басталды. Тек Қазақстанда емес, сонымен бiрге бүкiл КСРО аумағындағы бiрiншi болып құрылған банк, Оңтүстiк Қазақстан облысында орналасқан ''Союз'' кооперативтiк банкi болатын. Банк операцияларын жүргiзу құқығын беретiн лицензиясын (рұқсатын) ол 1988 жылдың 24 тамызында алды. Бiрақ, аталмыш банктiң қызметi небәрi 7 жылға ғана созылып, қызметiндегi айтулы елеулi кемшiлiктерi үшiн 1995 жылдың 24 тамызында банк операцияларын жүргiзу үшiн берiлген лицензиясы қайтарылып алынды. Қазақстан аумағында 1988 жылдың 19 қыркүйегiнде құрылған екiншi коммерциялық банкке Алматы Орталық кооперативтiк банкi жатады. Қазiргi кезде аталмыш банк ''ЦентрКредит'' ААҚ болып, банк қызметi нарығында өз қызметiн тиiмдi атқаруда.

1990 жылы ''Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметi туралы'' Заңы қабылданды. Бұл Заңда Мемлекеттiк болып табылатын ұлттық банктiң негiзгi мiндеттерiмен қатар, экономикадағы ақша-несиелiк реттеу құралдары, оның атқаратын қызметтерiнiң түрлерi, коммерциялық банктердiң қызметiне бақылау жасау принциптерi мен әдiстерi анықталған болатын.

Қазақстанда банк жүйесiнiң қалыптасқан алғашқы кезеңдерiнде сауатты, кәсiпкерлiк деңгейi жоғары, бiлiктi мамандардың болмауы, банк саласының қызметiн реттейтiн заңнамалардың толық жетiлмеуi банк қызметiн жүзеге асыруда көптеген қателiктер жiберiп, банктердiң жабылып қалуына тiкелей себебiн тигiздi.

Реформаның құқықтық қамтамасыз етiлуi және банк жүйесiнiң қалыпты қызмет етуiн қамтамасыз ету мақсатында 1997 жылдың наурыз айында ''Заң күшi бар Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы''; 1998 жылдың 28 сәуiрiнде ''Қазақстан Республикасында векселü айналысы туралы''; 1997 жылдың 11 шiлдесiнде ''Банк қызметiнiң мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы'' бiрқатар заңдары қабылданды.

1995 ж. Қазақстанның банк жүйесiн реформалаудың бағдарламасын жүзеге асыру, осы жүйедегi орта мерзiмдi бағдарламаны жасауға себеп болды. Оның мақсаты мен мiндетi тұтастай алғанда 1990 жылы жасалған бағдарламамен бiрдей. Бiрақ елiмiздiң орталық банкi ретiнде атқарған қызметi барысында жинақталған тәжiрибесi оған экономикасы дамыған елдерге тән, нарықтық экономикаға сай келетiн ақша-несие саясатының құралдарын пайдалануға көшу мiндеттерiн жүктедi.

Қазақстан Республикасының банк жүйесiнiң тұрақтылығы, көбiне екiншi деңгейлi банктердiң тұрақтылығымен байланысты болып келедi. Жоғарыда атап өткен себептерге қоса, төлемсiздiк дағдарысы мен банктерге деген сенiмсiздiк көптеген банктердiң қызметiне тосқауыл болып, банктердiң сенiмдiлiгiн қауiп алдына қойды, ал оған төтеп бере алмаған банктер банкроттықа ұшырады. Ел экономикасында бiрлескен және шет ел банктерiнiң, олардың филиалдарының пайда болуы бәсекелестiктi одан әрi күшейтiп жiбердi. Нәтижесiнде, банктердiң несие ресурстарының айналымдылығы төмендеп, мерзiмi ұзартылған несиелердiң көлемi өстi. Жалпы дағдарыс жағдайында коммерциялық банктер тәуекелдiң жоғары деңгейiмен бетпе-бет кездесiп, оған төтеп бере алмаған банктер жабылып қалып жатты. Сондықтан да бiз бүгiнгi таңдағы әлемдiк тәжiрибеде қалыптасқан банк қызметiн тарату әдiстемелерiн оқып бiлiп, осы алған бiлiмдi елiмiздiң банк жүйесiнiң практикасында қолданғанымыз абзал.

Өнеркәсiптiң дамуы барысында банктердiң жаңа қызмет түрлерi дами бастады. Бұл, ең алдымен, өндiрiстiк циклды қысқа мерзiмдi несиелеумен байланысты банктердiң операциялары. Айналым капиталын толықтыруға, шикiзат және материал қорын жасауға, дайын өнiм мен бұйымдарға, еңбекақы төлеуге ссуда беру кеңiнен қолданыла бастады. Бiрте-бiрте несиелеу мерзiмдерi ұзара түстi, капиталды ұзақ мерзiмдерге салу үрдiсi байқала түстi. Сондықтан банк ресурстарының бiр бөлiгi негiзгi капиталға, бағалы қағаздарға және басқа да активтерге салым жасау үшiн қолданыла бастады. Бұл жағдайлардың барлығы да ''коммерциялық банк'' терминiнiң бастапқы мәнiнiң жоғалуына алып келдi. Бүгiнде, ''коммерциялық банк'' терминi мүлде басқа мәнге ие болып, оның ''iскерлiк'' сипатын бiлдiредi, яғни қазiргi коммерциялық банктер рынок субъектiлерiне қызмет жасау түрiне қарамастан барлығына бiрдей қызмет көрсетедi.

Банк операцияларын жүзеге асыру банктiң қызметi болып табылады. Банк қызметiн клиент мүддесi үшiн белгiлi бiр iс-әрекеттердi орындау деп сипаттауға болады. Кез келген банк өкiмiнiң негiзiнде клиенттiң қандай да болмасын қажеттiгiн қанағаттандыруы жатады.

Негiзгi дәстүрлi қызмет түрлерiне қазiргi кезде бұрыннан келе жатқан салымдарды тарту мен ссуда беру операциялары жатады. Осы қызмет түрлерiнен сыйақы (мүдде) арасындағы айырмадан банктер табыс алып отырады.

Коммерциялық банктердiң осы операцияларын топтастыра отырып, олар атқаратын негiзгi функцияларды анықтауға болады:


  1. уақытша бос қаржыларды, жинақтарды шоғырландыру (депозиттiк операциялар);

  2. экономика мен тұрғын халықты несиелеу (активтi операциялар);

  3. несие ақшаларын шығару;

  4. нақты ақшасыз есеп айырысуларды ұйымдастыру және жүргiзу;

  5. инвестициялық қызмет;

  6. клиенттерге басқа да қаржы қызметтерiн көрсету.

Заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос ақшаларын жұмылдыру және оларды капиталға айналдыру функциясын орындай отырып, банктер ақшалай табыстар мен жинақтарды салымдар түрiнде шоғырландырады. Салымдарда топталған жинақтарды ссуда капиталына айналдыру үшiн банктер қарыз алушыларға несие бередi. Іарыз алушылар қаржыларды өндiрiстi ұлғайтуға, тауар сатып алуға жұмсайды. Сонымен, коммерциялық банктердiң көмегiмен салымдар капиталға айналады.

Ақшаларды тиiмдi орналастыру мақсатында салымдарға (депозиттерге) тартудағы банктердiң қызметiн депозиттiк операциялар деп атайды. Депозиттiк операциялар негiзiнде коммерциялық банктердiң несие ресурстрының басым бөлiгi құралады.

Коммерциялық банктердiң екiншi негiзгi дәстүрлi функциясы – экономика мен тұрғын халықты несиелеу болып табылады. Бұл функция банк қызметiнiң маңызды бөлiгi болуымен бiрге активтi операцияларға жатады.

Банктiк қызметтердi ең алдымен спецификалық және спецификалық емес қызметтер деп ажыратуға болады. Ерекше кәсiпорын ретiнде, банк iс-әрекетiнiң спецификасынан шығатынның барлығы спецификалық қызметтерi болып табылады. Спецификалық қызметтерге олармен жасалатын операциялардың үш тұрi жатады: депозиттiк операциялар, несиелiк операциялар, есеп айырысу операциялар.

Депозиттiк операциялар клиенттердiң банкке ақша қаражаттарын салым ретiнде орналастырумен байланысты (депозиттер). Берiлген операцияның тарихи тұрi сақтау операциясы болған, ол кезде адамдар өздерiнiң бағалылықтарын банктерге сақтайтын, олар жинақтардың қауiпсiздiгiн және сенiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн. Соңынан ақша құралдарын сақтау, құнсызданудан сақтауға өсе бастады. Адамдар өздерiнiң ақша ресурстарын банкке тек өте қолайлы, қауiпсiз орынға орналыстыруға ғана емес, сонымен қатар табыс алу, оларды құнсызданудан, инфляциядан сақтау мақсатымен де қоя бастады. Банк клиенттерi депозитке ақша салғаны үшiн ссудалық процент алады.

Несиелiк операция банктiң негiзгi операциясы болып табылады. Кейде банктi iрi несиелiк мекеме деп атауы бекерден емес қой. Және бұл шын мәнiнде салай: банк активтерiнiң жалпы сомасынан негiзгi бөлiгiн несиелiк операциялар құрайды. Көбiнесе клиенттердi несиелеу есебiнен банк табыстың үлкен бөлiгiн де алады. Бiрақ қазiргi заманғы банктiк операциялар құрылымында несиелiк операция негiзгi болып табылмайды. Инфляция, экономикалық тоқырау және өте жоғары тәуекелге байланысты коммерциялық банктер тек несиелеумен ғана емес, сонымен қатар басқа да табысты өте көп әкелетiн және тәуекелi аз операциялармен жұмыс жасау ұйғарады (мысалы, валюталық операциялармен).





Жiктелу белгiлерi

Ұсынылатын қызметтер түрлерi

Банктiк қызмет ерекшелiгiне сәйкес болуына байланысты

Банктердiң өздерiне ғана тән ерекше қызметтер

Дәстұрлi қызметтер



Қызметтердi алу субъектiлерiне тәуелдi

Заңды тұлғалар

Жеке тұлғалар



Банк ресурстарын құру және орналастыру әдiсiне байланысты

Активтi операциялар

Пассивтi операциялар



Ұсынғаны үшiн байланысты төлемiне

Ақылы қызметтер Ақысыз қызметтер

Материалдың өнiмнiң байланысы тәуелдi қозғалыс

Материалдың өнiм қозғалысымен байланысты қызметтер

Таза қызметтер


Банк орындайтын есеп айырысу операциялары нақты және нақтысыз формада жүзеге асырылады. Клиент тапсырысы бойынша банктер товарлы-материалдың құндылықтарды сатумен немесе сатып алумен, жалақыны төлеумен салықтарды аударумен, жинаумен және басқа да маңызды төлемдердi жасаумен байланысты әр тұрлi шоттар ашуы мүмкiн. Есеп айырысу кезiнде банк сатушылар мен сатып алушылар арасында кәсiпорындармен салық органдары, тұрғындар, бюджет арасында делдал болып көрiнедi. Есеп айырысуды орындауда банктер тез арада байланысуды және банкке түсетiн құжаттарды техникалық өңдеудi қамтамасыз ететiн әр түрлi Қазiргi заманғы жабдыңтарды қолдалады.

Қарастырылған банктiк операциялардың үш түрін дәстүрлi банктiк операциялар деп атайды. Дәстүрлiлiктiң белгiсi ұзақ уақыт мерзiмiнде ұрпақтан ұрпаққа мұра ретiнде өте бередi. Бұл операцияларды ең ежелгi деп айтуға да облады: оларды «ескi банкiлiк үйлер орындаған, Қазiргi заманғы үлкен және кiшi мұнда ғана емес. Берiлген операциялар дәстүрлiлiк белгiсiн банк статусын сақтауға мүмкiндiк беру арқылы алады. Банктер болып салым қабылдайтын, несие беретiн немесе әртұрлi жеке және заңды тұлғалар арасында есеп айырысуды жүргiзетiн сол немесе басқа да кәсiпорындар немесе ұйымдартабылады. Тәжiрибе жүзiнде салымдарды белгiлi мерзiмге және белгiлi процентке алатын қорларды жиi кездестiруге болады, бiрақ бұдан олар банк бола алмайды. Мысалы, несиелер сауда ұйымдармен бар берiле алады, жалпы бос Қаржылары бар барлық субъектiлермен де берiле алатыны белгiлi, бiрақ сол сияқты одан олар банкке айналмайды, ол өзiнiң негiзгi статусын (жағдайын) сақтайды. Почта клиент тапсырысы бойынша төлемдер жүргiзедi, бiрақ ол жүргiзетiн есеп айырысу операцияларына қарамастан, ол почта болып қала бередi, банкке айналмайды.

Берiлген операциялар өзiнiң жиынтығымен банк деп аталатынды құрады. Заңды банк-бұл қарастырылған барлық үш операцияларды бiр мезгiлде орындайтын кәсiпорын. Егер үш таза банктiк операциялардың iшiнен бiреуiн, қандай да бiр үйым орындамаса, онда ол заң бойынша банк болып есептелмейдi, басқа Қаржылық институт қатарына өтедi. 1995 31 тамыздан олар «басқа несиелiк мекемең атағын алған Қазақстан Республикасының «Банктер және банктiк қызмет туралық заңында.

Банктiк операциялардың дәстүрлi қатарына кассалық операцияларды да жатқызуға болады. Қазiргi заманғы заңдылықта олар банк құрылатын базалық операциялар қатарына кiргiзiлмеген, бiрақ өзiндiк ерекшелiгi бойынша олар банктiк қызметтiң мәнiн көрсетедi. Депозитпен айналысатын банк, несиелендiрудi және есеп айырысуды жүргiзе отырып, кассалық операцияларды жүргiзбейдi дегендi ұсыну қиын. Дәстүрлi және дәстүрлi емес операциялар арасында аралық жағдайды қосымша операциялар алады. Олардың құрамына валюталық операциялар, бағалы қағаздармен операциялар, алтынмен жасалатын операциялар, қымбат металлдармен және құймалармен жасалатын операциялар кiредi. Бұл операцияларды банктер орындалуын мүмкiн.

Қазақстандың коммерциялық банктердiң қызметтертiзiмiнде, тұрғындарға ұсынылатын қызметтер, әлi маңызды орын алмайды, оларға әлi жеке тұлғалар үшiн операция тұрлерiнiң соның көбейту қажет болып тур (соның iшiнде, төлемдердi жасау бойынша, өндiрiстiк және тұтыну қажеттiлiктерiн несиелеу бойынша, салымдарды қабылдау бойынша төлемдер жаса және т.б.).


1.2 Қазақстан Республикасы банктерінің қызметтері және дамуы
Кез-келген банктiң ұйымдастырылу құрлымы таңдап алынған стратегияның мақсаттарына жетудегi шартардың маңызды құрамдас бөлiгi болып табылады. Банктiң тұтас қызметi, оның қалай ұйымдастырылғанына, ондағы басқару субъектi мен объекттiң арасындағы қатынастардың қалай орнатылғандығына тәуелдi болып келедi. Сондықтан, банк қызметiн анықтаушы сыртқы және iшкi факторларға , статегиялық мақсаттарға сай келетiн ұйымдастырылу құрлымын таңдау , қазiргi кездегi банктердiң өзектi мәсәлелерiнiң бiрiне айналып отыр.

Банктер әртүрлi нарықтық жағдайларда қызмет етедi, көптеген қызмет түрлерiн көрсетуге маманданып, алдына стратегиялық мақсаттар қояды. Ендеше, олардың ұйымдастырылу құрлымдары да әр түрлi болып келедi. ұйымдастырыу құрлымдарының әр бiр түрiнiң өзiне тән ерекшелiктерi мен кемшiлiктерi бар. Осы орайда, бұл мiндеттi түрде ұйымдастырылу әдiсiн таңдауда ескерiлуi тиiс.

Нарық жағдайында қызмет ететiн банктердiң жақсы ұйымдастырылуына, барлық бөлiмшелердегi қызметшiлердiң жұмыстарын тиiмдi ұйымдастыруға, басқару қызметiн жүзеге асыруға, клиенттердiң қажеттiлiктерiн масималды қанағатттандыруға мүмкiндiк беретiн , ұйымдастыру әдiстерiне тоқталып көрелiк. Банк қызметiн ұйымдастырудың негiзгi үш тобын сурет 2 көруге болады.
Ұйымдастырылу құрлыммының негiзгi топтары

Сурет 2
Жоғарыда көрсетiлген ұйымдастырылу құрлымының топтары, оларды жiктеудiң негiдерi бола алады. Негiзгi жiктеу белгiлерiне орай, ұйымдастырылу құрлымының түрлерiнiң көп екендiнiгiн көруге болады. Оларды кесте түрiнде сурет 3 келтiруге болады.

Нарықтық жағдайлардың барлығына сәйкес келетiн және қолдануға болатын ұйымдастырлу құрлымының жоқ екендiгiн ескерген жөн.
Ұйымдастыру құрлымдарының жiктелiнуi

Сурет 3


Банктердiң ұйымдастырылу құрлымдарына көзқарастардың негiзгi сипаты- банктiң ұйымдастырылу құрлымы қозғалысты элемент болғандықтан, әрқашанда ұйым мақсаттарна сәйкестендiрiлiп отыруы тиiс.

Бюкратиялық қағида негiзiндегi ұйымдастырылу құрлымы. ХХ ғасырдың басында немiс социологi М. Вебер бюрократия түсiнiгiн ұйымды құрудың идеалды моделi деп түсiндiрген болатын. Бұл теорияға сәйкес, ұйымның бюрократиялық негiзде құрылуы, басқарудың барлық бөлiмдерiнiң жақсы қалыптастырылған жұмысын, еңбектiң нақты бөлiнуiн, әрбiбр жұмысшы қызметiн қатаң түрде шектеудi және өз маандығына сай кәсiби қызметшiлердi таңдау дегендi бiлдiредi. Мұндай талаптар ұйымдастырылу құрлымына дағдылы болып, көптеген ұйымдардың қызмет негiзiге ендi. Қазiргi күннiң өзiнде бюрократиялық негiзде құрылған ұйымдарды

кездестiруге болады.

Ұйымды бюрократиялық модель негiзiнде құруда төмендегiдей түрлерiн қолдануға болады:



  • Функционалдық ұйымдастырылу құрлымы;

  • Дивизионалдық негiзде ұйымдастырылу құрлымы;

  • Халықаралық нарықтарда қазмет етушi ұйымдардың құрлымы.

Бюрократиялық негiздегi ұйымдастырылу құрлымдарының дамуна жеке тоқталып өтелiк.

Функционалдық ұйымдастырылу құрлымы. Мұндай белгi негiзiндегi ұйымдастырылған банктер саны аз. Аталған құрлым банктiң қызметiн жекелеген бөлiктерге бөлiп, олардың әр қайсысы мақсатқа жету үшiн қызмет етедi дегендi бiлдiредi. Банктiң қызметiнiң жекелеген бөлiктерi ретiнде банктiк операцияларды басқару, маркетингтiк қызмет, бухгалтерлiк есеп және есеп беру, шаруашылық басқармасы қызметтерi түсiндiрiледi. Әрбiр бөлiмнiң қызметтерiнiң мiндет көлемiне қарай қосымша бөлiмшелер ашылуы мүмкiн. Функционалдық құрлым нарықтық жағдайларға тәуелсiз , қызметтiң қандайда бiр түрiн ұсынуға жетiк маманданған кiшiрек банктерде қолданылады. Ендеше, бұл ұйымдастырылу құрлымы тұрақтылық жағдайдың болуын талап етедi. Ал, нарық жағдайында мұндай идеалды жағдайдың болуы сирек кездеседi, сондықтан көптеген банктер ұйымдастыбылу құрлымының өзге түрлерiн қолдануға ықлас бiлдiредi.

Дивизионалдық ұйымдастырылу құрлымы. Нарық шарттарының әрдайым өзгерiп отыруы, бәсекелестiктiң артуы, банктiк технологиялардың жетiле түсуi және де банктердiң ұйымдастырылуының iрiлене түсуi дивизионалдық ұйымдастырылу құрлымдарын қолдану қажеттiлiктерiне әкелдi. Ендеше, банктердi ұсынылатын өнiмдердiң түрлерiне, тұтынушылар тобы немесе аймақтық белгiлерi бойынша ұйымдастыру қажеттiлiгi арта түстi денен сөз. Осының салдары ретiнде, банктердi дивизионалдық негiзде ұйымдастырудың үш түрi бар :


  • Банк өнiмдерiнiң көптеген түрлерiн ұсынуға бағытталған құрлым;

  • Тұтынушылардың көптеген түрерiне бағыттылған құлым;

  • Аймақтық негiздегi ұйымдастырылу құрлымы;

Банк өнiмдерiнiң көптеген түрлерiн ұсынуға бағытталған құрлым клиенттерiне жекелеген банк қызметтерiнiң үлкен көлемiн ұсынатын банктерде жиi кездеседi. Қызмет көлемiнiң артуы соншалықты үлкен болғандықтан, тиiмдi басқару мақсатында, әрбiр өнiмдi басқаруды жеке ұйымдастыру қажет. Бұл қағида өнiмге бағыттылып ұйымдастырылыған құрлымның негiзi болып табылыды.

Аталмыш құрлым брсқару қызметiн нақты өнiм түрлерi бойынша мамандардың құзырына шоғырландырады, банк өнiмдерiн әлемдiк стандарттарға жеткiзу және жаңа өнiм түрлерiн дамыту мүмкiндiгiн бередi (сурет 4).





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет