8.
9. Өмірбаяндық әдіс — жазушының творчествосын жеке өмірлік тәжірибесінің көрініс ретінде қарастырып, оны творчестводағы өзекті мәселе етіп қоятын зерттеу тәсілі.
Бұл әдістің аса көрнекті өкілі Сент-Бева өзінің "Әдеби портреттер", "Дүйсенбідегі әңгімелер", "Пор-Пояль" атты еңбектерінде жазушының тек ішкі әлемін ғана емес, тұрмыстық жағдайларын тереңірек көрсетуге мән береді.
Жазушының жеке өмірлік тәжірибесі оның творчествосын байытумен қатар, оның өмір-салтының, мақсат-армандарының өзгеруіне әсер етіп белгілі әлеуметтік жағдайда қалыптасқан таптық позициясын басқа арнаға бұру, творчестволық пафосты айқындайтын жаңа идеалдар, жаңа көзқарастарды тудыру да мүмкін.
Биографиялық әдіс – жазушының жеке қасиеттері мен өмірбаянын шығармашылықты айқындайтын басты белгі ретінде қарастыра отыра, көркем әдебиетті қабылдау, талдау, бағалау және зерттеу.
Биографиялық әдістің философиялық негізін неміс ғалымы Фридрих Даниэль Эрнст Шлейермахер (1768-1834) қалады. Ол романтизм эстетикасын ашуда суреткердің жеке басы шығармашылық процестерді анықтайды деген пікір айтады.
Дербес мектеп ретінде биографиялық әдебиеттану ХІХ ғасырдың ортасында қалыптасты. Француз әдебиеттанушысы, сыншы Шарль Огюсте́н де Сент-Бёф (1804-1869) «Әдеби портреттер», «Дүйсенбі сайынғы әңгіме» деген еңбектерімен бұл мектепке үлкен үлес қосқан. Бұл кезеңде биографизм кең ауқымда қарастырылды: ғасырдың саяси, қоғамдық идеялары, жазушының әдеби ортасы, т.б.
Биографиялық әдістің келесі даму кезеңі И. Тэн (1828-1893) есімімен байланысты. Ол таза биографиялық зерттеулерден тысқары жатқан «нәсіл» және «географиялық орта» мәселелерін қарастырып әдеби зерттеуді толықтырды.
ХХ ғасыр басында биографиялық әдісті жақтаушылар өмірбаянды сыртқы, артық элементтерден тазартып, жазушының «рухы» мен «менін» қалдырды.
Биографиялық әдіс қолдану мынадай жағдайларды нәтижелі болды: Суреткердің шығармашылық дамуы, шығармашылық жолын зерттеуде; жазушы өмірбаяны оның шығармашылық мұрасын кезеңдерге бөлуде негіз болды; мысалы, Пушкиннің шығармашылық жолы (лицейлік, лицейден кейінгі лирика, Болдиндік күз және т.б.)
Автобиографиялық жанрларды зерттеу: жеке өмір фактілері, өмірлік тәжірибе шығармашылық зерттеу нысаны болады. Автобиографиялық кейіпкер автобиографиялық жеке тұлғадан бөлектенеді. Өмірбаяндық прозада көбінесе кейіпкер (қаһарман) басқа атпен беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |