1.Әдебиеттану



бет6/7
Дата20.06.2024
өлшемі0.54 Mb.
#502696
1   2   3   4   5   6   7
әдеб теори модуль

10. Тарихи-салыстырмалы әдіс әртекті тарихи құбылыстарды салыстыру үшін әртүрлі тәсілдерді қолдануды болжайды. Әсіресе салыстырмалы және тарихи-типологиялық салыстыру кең қолданылады. Бірінші әдіс тарихи объектілердің пайда болуындағы ұқсастық пен айырмашылықтарды түсіндіреді. Салыстыру ұқсас формалар арқылы әртүрлі мазмұнды көруге мүмкіндік береді. Екінші салыстыру объектілердің бірдей генезисі мен дамуы жағдайындағы ұқсастық пен айырмашылықты түсіндіреді. Салыстыруды тарихи-генетикалық әдіспен үйлесімде қолдану тегі және пайда болуы бойынша, объектілердің ұқсастығын түсіндіруге және әртүрлі тарихи құбылыстардың өзара әсерін тіркеуге мүмкіндік береді.

Тарихи-салыстырмалы әдіс арқылы зерттеуші аз зерттелген тарихи объектілер туралы қосымша ақпарат алады. Тарихи-салыстырмалы әдіс бұрын ежелгі грек тарихшылары мен философтары арқылы танылған болатын. Оны «тарихтың атасы» Геродот гректердің әдет-ғұрыптары мен өмір сүру салтын, парсылардың, египеттіктердің, сақтарды және тағы басқа халықтардың салт-дәстүрлерімен салыстыра отырып, сәтті қолданған болатын. Аристотель Теофрастпен біріге отырып, грек полистерінің мемлекеттік құрылуының 158 типін сипаттады және салыстырды. Аристотельдің тағы басқа тарихи-салыстырмалы шығармасы танымал – «Описание негреческих обычаев и установлений», бұл шығарма кейін жоғалып кеткен. Тарихи-салыстырмалы әдіс өзінің «жаңа демін» жаңа дәуірдің тарихи жазбасында алды. Француз ағартушылары оның жақтаушылары болды және олар тарихты объективті процесс ретінде қарастырды, оның айқын белгілері мен заңдылықтарын анықтауға тырысты.

Осы әдістің көмегі арқылы Ф.Вольтер Батыс пен Шығыс елдерінің жалпы әлеуметтік даму факторларын айқындады, еуроорталықтануды Шығыс елдерінің материалды және рухани жетістіктеріне жағымсыз қатынасына қарай шеттетті, Қытайдың, Үндістанның, Иранның, араб елдерінің тарихын Батыс Еуропа елдерінің тарихымен салыстырды.
11. Фрейдизм — австриялық ғалым Зигмунд Фрейдтің (1856-1939) есімімен аталатын психологиядағы бағыт. Зерттеу ілімі психоанализ деп аталады. Фрейдизм XX ғасырда психологияда кең таралған ағым. З.Фрейдтің зерттеуі бойынша, адам мінез-құлқының қозғаушы күші мен шешуші факторы, жыныстық елігу болып табылады. Мұндай елігу мен сезім әрекетін ол санадан тыс табиғи қажеттілік деп санады. Бұл адам тіршілігіндегі биологиялық процесс болса, психиканың дамуы мен оны басқару әлеуметтік фактормен де айқындалатыны ескерілмеді. Адам бойындағы белсенділік әрекет табиғи әрі биологиялық құбылыс деп саналады. Шетелдік психолоттар Фрейдтің көзқарасын орынсыз деп санағанымен, кемшілігін ашып көрсете алмады. Олар фрейдизмді ғылым жетістіктеріне бейімдемек болып, "жаңа фрейдизм" деген ағым шығарды. Бұл ағым бойынша: адам тіршілік еткен ортасына тәуелді болып, сол ортаға бейімделгіш келеді



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет