5. әдебиет теориясының зерттеу объектісі де үшеу болғаны — әдебиет, әдеби шығарма, әдеби процесс. Әдебиет дегенде, оның тағы да үш түрлі яки, таным тарапындағы, тәрбие саласындағы және эстетикалық мәні мен мәнісі дара-дара сараланады. Әсіресе эстетикалық табиғатына ерекше назар аударылады. Әдеби шығарма дегенде, мәселен, роман яки поэма талдана қалған жағдайда оның мазмұны мен пішініне айналған шындық оқиғадан туатын кем дегенде бес түрлі сауалға жауап беру шарт: Қандай оқиға болды? Оқиға қалайша болды? Оқиға кімдердің басында болды? Оқиға қалай баяндалған? Болған оқиғаға автордың көзқарасы қандай? Осы сұрақтарға жауап беру барысында шығарманың тақырыбы мен идеясын, сюжет пен композициясын, типі мен характерін, суреткердің тілі мен стилін, дүниетанымы мен көркемдік әдісін талдап-тексеру арқылы әдеби шығарманың сыры мен сипатын тұтас танып-білуге болады. Ал әдеби процеске келсек, мұндағы ең басты мәселе — жанр және жанрлық түрлер, мұны тексерудегі негізгі принцип — тарихилық. Нәтижесінде — сөз өнеріндегі тек пен түрді, бет пен бағытты айқындау. Осылардың бәрін тек әдебиет теориясын терең білген адам, сол арқылы өз дәуірінің талабы дәрежесінде өзінің эстетик. талғамын қалыптастырған адам ғана істей алады. Бұл ретте, әдебиет теориясы көркем шығармашылықтың психол-сы мен ерекшеліктеріне қатысты суреткер лабораториясынан да белгілі мөлшерде нақты мәліметтер берері даусыз. Сонымен, әдебиет теориясын білмей, қандай да болса әдеби құбылысты нәзік түсіну, шынайы сөз өнерінің шындық өмірге қарым-қатынасын білу, әдебиеттің өсіп-өрбуіндегі заңдылықты ұғу, сайып келгенде, күллі ілгерішіл адам баласының жалпы көркемдік дамуындағы сыр-сипатты тану мүмкін емес. Әдебиет теориясының ереже секілденген эстетикалық қағидалары мен қисындары — әшейін ойдан туа салған нәрсе емес, әдебиет тарихы арқылы табылып, тексеріліп, жүйеленген ұшан-теңіз нақты әдеби деректерді терең және жан-жақты талдау, байыптау нәтижесіеде қорытылған толғамдар, түйін-тұжырымдар
6. Әдеби бағыт ағымдар мен мектептерге тән ортақ рухани мазмүндағы көркем ұстанымдардың негізгі шарттарынқамтиды. Көбіне аталған терминдер синоним ретінде де қолдануы мүмкін. Әдеби бағыт көбінесе көркемдік әдіс, стиль орнында қолданылады. Еуропалық әдебиет тарихындағы болған белгілі бағыттар: ренессанстық реализм бағыты, барокко, классицизм, ағартушылық реализм, сентиментализм, романтизм, сыншыл реализмы, модернизм, соцреализм постмодернизм. Натурализм, символизм, маньеризм, рококо, импрессионизм, экспрессионизм, экзистенциализм әдеби ағымдар болып саналады. Аталған бағыттардың ұлттық әдебиеттерде орын алуы мойындалған тұжырым. Әр бағыттың өзіне тән стилі болады. Әр түрлі ұлттық әдебиеттерде Әдеби бағыттардың бірдей алмасуы олардың нақты жүйе ретімен қалыптасқанын дәлелдейді. Әдебиеттің ұлттық арнасы шешуші рөл атқаратыны сөзсіз. «Бағыт» деген түсінік алғаш рет Белинский, Чернышевский, Добролюбов еңбектерінде қалыптасты. Әдеби бағытпен қатар әдеби ағым түсінігі синоним ретінде қолданылып келеді. 20 ғасыр басындағы әдебиеттануда стиль ұғымы кең қолданыла басталды, кейінірек «дәуір стилі» деген ұғым орнықты. Кеңес кезіндегі бағыт пен ағым түсініктері қатар қолданылды. Ең кең тараған көзқарас бойынша, бағыт - бір шығармашылық әдіс біріктіріп түрған кең көлемдегі әдеби-шығармашылық құрылым. Модернизм кеңес әдебиеттануында ауызға алынбай келді, тек теріс бағыт ретінде аталды. Әр бағыттың өзіне тән мазмұнды негіздері бар. Сонымен қатар ол бірден үзілмейтін дәстүр. Мысалы, романтизм бірден үзілмей жалғасып жатты. Қазақ жазба әдебиетінде реализм Абайдан бастап қалыптасты. Реалистік бейнелеу тәсілдері жыраулар поэзиясында да орын алғанын ескерсек, қазақ сөз өнерінің о бастан реалистік бағытқа жақын екені белгілі. Жыраулардың толғауларындағы нақтылық пен өмірдің шынайылығын баяндау қазақ әдебиетінің басты көркемдік бағыты болып табылады. Әдеби ағым - әр бағыттың ішінде орын алатын әдеби құбылыс. Басты ерекшеліктері эстетикалық, идеологиялық негіздерде болуы ықтимал. Мысалы, романтизм революциялық және консервативтік ағым түрлерінде қарастырылып келді. 19 ғасырдағы Ресей әдебиетінде реализмнің психологиялық және социологиялық түрлері шықты. Соцреализмнің әдеби ізденістерге бейім және таза идеялық бірнеше ағымдары болды. Реализм мен модернизмнің көптеген ағымдары мен мектептері өмірге келді. Модернизм ағымдары: барокко, натурализм, маньеризм, рококо, импрессионизм, экзистенциализм, футуризм. Батыс әдебиеттануы бағыт пен ағымдардын бар екенін ескермейді. Әдебиет теоретиктері бұл тұсініктердің нақты емес, бір жерден шықпайтынын алға тартады. Бірақ бірдей әдеби бағдарламалардың бар екенін ескере отырып, бұның орнына олар ұлттық әдебиеттердегі кезенді - дәуір тусінігін қолдануды нұсқайды. Абай жыраулардың тарихи шындықты батыл баяндау дәстұрін жазба әдебиетке әкелді. Ж. Аймауытовты өзіне ұстаз санаған Әуезовтің де стильдік дәстүрін дамытқан шәкірттері бар. 20 ғасыр басындағы А. Байтұрсынов, Ш. Құдайбердиев, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, Әуезов ұлттық әдебиетте реализм бағытын орнықтырды. С. Сейфуллин, С. Мұқанов, X. Есенжанов, Ғ. Мұстафин, Ғ. Мүсірепов, 3. Шашкиндер т.б. соцреалистік ағымның әдісін өз шығармаларында іске асырды. Ал Әуезов осы екі ағымды ұштастырып, жаңа стиль таба білді. Сөйтіп ол өз туындыларын осы бағытта жазды.
Достарыңызбен бөлісу: |