1.Әдебиеттану


Психоаналитикалық мектеп (фрейдизм)



бет7/7
Дата20.06.2024
өлшемі0.54 Mb.
#502696
1   2   3   4   5   6   7
әдеб теори модуль

12. Психоаналитикалық мектеп (фрейдизм)
ХХ ғасырдың басында Австрияда көрініс берген бұл бағыттың негізін салушы – психиатр, философ Зигмунд Фрейд. Ол әдебиеттің әлеуметтік маңызын мойындамайды. Бір халық пен екінші халықтың әдебиетін салыстыруды қажет деп таппайды. Оның назар аударатыны – суреткер санасының астарлы сырлары,
түйсіктің жұмбақ құпиялары.
Фрейд адам бойындағы ең басты қасиет, адам тіршілігін бағыттайтын қуат көзі – нәпсі және қанға ұмтылу дейді. Осы екі тезистен шығарып тұтас система жасайды. Адамның бүкіл тіршілігін, оның өміріндегі әр кезеңдерін, шалыс басқан шақтарын, қоғамдағы басқа адамдар мен қарым-қатынасын – бәрін реттеп отыратын нәпсі деп біледі. Осыған шығармадан дәлел іздейді.
Психоанализдің мақсаты – әдеби туындылардағы кейіпкерлердің …
13. Социологиялық мектеп ең алғаш Францияда қалыптасты. Сондықтан оны кейде Франция социологиялық мектебі деп те атайды. Оны қалыптастырушылар және дамытушылар Фердинант де Соссюр (1857–1913), Антуан Мейе (1866–1936), Жозеф Вандриес (1875–1960), Эмиль Бенвенист (1902) т.б. лингвистер болды.
Социологиялық мектеп – ХХ ғасыр тіл біліміндегі беделді және кең өріс алған бағыт. Социологиялық деп аталуының себебі, индивидуалистік бағытқа қарсы, тіл – қоғамдық, әлеуметтік құбылыс деп түсіндіруінде. Тіл тек қоғам бар жерде ғана өмір сүреді.
Фердинант де Соссюрдің лингвистикалық концепциясы:

Тіл – қоғамдық құбылыс. Тілдің қоғамдық сипаты туралы де Соссюрге дейін де айтылған. Ол тілдің қоғамдық қызметін мойындап қана қоймайды, оны өзінің концепциясына негізгі өзек етіп алады. Тілдің өзіндік сипаты туралы Соссюр: функциясы жағынан алғанда тіл коммуникативтік те, экспрессивтік қызмет те атқарады, ең маңыздысы – алғашқысы; тілдің әлеуметтік сыры да осында; ішкі құрылымы жағынан тіл – қатынас жасауға қажетті таңбалар жүйесі дейді.


Тіл – таңбалар жүйесі. Тілде таңбалық сипаттың барлығы сонау көне грек философтарынан бері қарай айтылып келеді. Тілді таңбалар жүйесі деп анықтау де Соссюрдан басталады. Ол «Тіл – идеяны білдіретін таңбалар жүйесі, оны өмірде қолданылатын басқа да әр алуан таңбалармен қатар қоюға, жазумен, мылқауларға арналған әліппемен, символикалық әдет–ғұрыптармен, әскери сигналдармен салыстыруға болады», – дейді. Дегенмен, оны өмірде қолданылатын қарапайым таңбалармен теңдікте қарау дұрыс болмайды (тілдің таңбалық сипаты арнайы сөз болады). Тілдік таңбаны де Соссюр идея мен акустикалық бейненің қиюласуы, таңба таңбалаушы мен таңбаланушыдан құралады, таңба өзі білдіретін идеямен емін–ерікн және шартты қатынаста болғанымен, таңбаны қолданушыларда ондай еркіндік болмайды, олар таңбаны өз қалауынша өзгертіп, қалай болса солай қолдана алмайды, сол тілде сөйлейтін адамдарға, ұжымға белгілі қалыптасқан мағына орныққан тұлғада ғана қолдана алады дейді.
Тіл және сөйлеу мәселесі. Ол тіл мен сөйлеу бір–бірімен байланысты, бірақ бір–бірінен өзгешеліктері бар, екі бөлек дүние; сөйлеу – тілді қолданудың нәтижесі; ол – индивидуалдық; ал тіл – қоғам мүшелерінің бәріне бірдей дәрежеде міндетті өзара байланысты таңбалардың жүйесі, тіл әлеуметтік сипатқа ие дейді. «Тіл мен сөйлеуді бөлу арқылы, – деп жазады де Соссюр, – «біз әлеуметтікті индивидуалдықтан, негізгіні көмекшіден, кездейсоқтықтан бөлеміз. Сөйлеуде ұжымдық ешнәрсе де жоқ, ол түгелімен индивидуалдық». Тіл мен сөйлеуді бір–бірінен бөліп қараудың ғылыми мәні зор, бірақ бұл екеуін бір–біріне қарсы қоюға болмайды. Сол сияқты, сөйлеудегінің бәрі индивидуалдық деу де қате. Әрбір сөйлеуші индивидуум қоғамдық тілдегі бар материалдарды ғана пайдаланады. Мұндағы даралық сол материалды іріктеп, екшеп алудан, лайықты жерге орналастырудан көрінеді.
Ішкі және сыртқы лингвистика. Де Соссюр сыртқы лингвистика тілді қоғам траихымен, саясатпен, әдебиетпен, географиялық мекенжаймен т.б. мәселелермен байланысты қарап зерттейді, яғни тілді оның өмір сүруіне қажетті сыртқы жағдайлармен байланыста қарайды, ал ішкі лингвистика тілдің құрылымын, жүйесін, тілдің ішкі мәселелерін қарастырады. Бірақ ол бұл екі мәселені бір–біріне қарсы қояды, екеуінің арасындағы байланысты жоққа шығарады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет