«Фигураны ата»
Мақсаты:Баланың есте сақтауды дамытуға арналған
Нұсқау:Балаларға қатарда орналасқан 5 сурет беріледі. Сол жақтағы сурет қалған бөліктерден тік сызықпен бөлінген және оның оң жағында қатар орналасқан төрт суреттің біріне ұқсас. Ұқсас суретті мүмкіндігінше тез тауып, көрсету керек.
10 ұпай - бала тапсырманы 45 сек. жеткізбей орындайды.
8-9 ұпай - тапсырма 45- 50 сек аралығында орындалады.
6-7 ұпай - тапсырма 50 – 60 сек аралағында орындалады.
4-5 ұпай- тапсырма 60 - 70 сек аралығында орындалады.
2-3 ұпай 70 -80 сек аралығында орындалады.
0 -1 ұпай 80 сек жоғары аралықта орындалады
Фото:
Бағалау:
10 ұпай - өте жоғары деңгей;
8-9 ұпай - жоғары;
4-7 ұпай - орташа;
2-3 ұпай -төмен;
0-1 ұпай -өте төмен
Қорытынды: Бұл тапсырманы оқушы 1 минут ішінде орындап 6 ұпай жинады. Яғни есте сақтауының дамуы орташа.
Есте сақтауды дамытуға арналған жаттығулар
« Суретшілер » ойыны
Алдын ала сайланған жүргізуші 20 сөзден тұратын тізім дайындайды. Әр қатысушы қарындаш немесе қаламсап және қағаз даярлайды. Жүргізуші тізім бойынша сөздерді ретімен оқып, 3-ке дейін санап отырады, Сол уақыт ішінде қатысушылар қандай болмасын тәсілдерді пайдаланып суреттеуі керек. Суреттері басқаларға түсініксіз болса да, өзіне түсінікті бола болып, сөздерді ретімен айтып шықса болады. Ал, кім көп сөзді ретімен дұрыс есте сақтап, айтып шықса , сол ойыншы жеңімпаз атанады.
« Әңгімелеу » ойыны
Жүргізуші мәтін оқиды. Ойынға қатысушылар мұқият тыңдайды. Мәтіннің мазмұнын әңгімелеуді кез келген ойыншыдан бастайды. Әрі қарай сағат тілімен жалғасады. Әр қатысушы бір сөйлеммен толықтырып отырады. Содан соң мәтінді тағы бір рет оқып шығып, мазмұнына толықтырулар енгізеді, қателерін түзетеді.
« Мәтінді еске сақтаймыз »
Ойынға қатысушылар екі командаға бөлінеді. Жүргізуші мәтін оқиды.Барлығы тыңдап алады.Содан соң әр ойыншы қағаз бетіне есте қалдырғанын жазып шығады.Әр топ мүшелері ақпараттарымен алмаса отырып, мәтінді есте қалған түсініктері бойынша қалыпқа келтіреді. Барлық қатысушылар құрастырылған мәтіндерін оқып, қорытындыларын салыстырады.
Материалды есте қалдырудың көлемін арттыруға арналған жаттығулар
« Байқа,сақта »
Ойын серуен кезінде ұйымдастырылады. Балаға 5-10 минут ішіндеалдындағы көріп отырған көріністің барлық белгілерін есте сақтау тапсырылады.Мысалы, егер бала үйді көріп тұрса , ол неше қабатты,неше есік, әйнектері барын және т.б. белгілерін сақтауға тырысу керек. Егер саябақтың көрінісі болса, онда қандай ағаштар бар, биіктігі сияқты белгілерін айту қажет.
Белгіленген уақыт аяқталған соң ойыншылар қарсы жаққа бұрылып, есіне сақтаған белгілерді ретімен айып шығу керек.
Ұйымдастырушы сұрақ та қоя алады. Мысалы, «Демалуға арналған орындықтың түсі қандай?»Әр дұрыс жауапқа бір ұпай беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |