2. Аналитикалық сөзжасамдық тәсіл


Сөзқосым тәсілі(біріктіру)



бет2/8
Дата05.09.2024
өлшемі30.42 Kb.
#503372
1   2   3   4   5   6   7   8
Документ (29) (копия)

3.Сөзқосым тәсілі(біріктіру):екі немесе үш лексикалық мағыналы сөздің бірігу,кірігуі.
Мәселен,тасбақа,жолбарыс.
Біріккен сөздерде қосымшалы,қосымшасыз болуына қарай түрлері:
Қосымшасыз:тасбақа,теміржол,жолсерік
Біреуі қосымшалы,бірі қосымшасыз:сәресі,отағасы,отбасы
Екеуі де қосымшалы:жаздыгүні,қыстыгүні.
М.Балақаев біріккен сөздерде ешқандай қателік болмау үшін әрдайым бірге жазуды ұсынады.Себебі кейбір біріккен сөздер грамматикамызда не бөлек,не бірге жазылу мәселелері әлі күнге дейін өзекті мәселе.
Қосарлау-сөздердің қосарлану немесе қайталану арқылы жасалуы.Қайталама қос сөздердің ерекшеліктері:
1) қосымшасыз және қосымшалы түбірдің түгелдей қайталануы, мысалы тау – тау астық, көре-көре еөсем болады, т.б.;
2) бір сыңары қосымшалы, бір сыңары қосымшасыз бір түбірдің қайталануы, мысалы: көзбе-көз айтты, ауыл-ауылды аралады, т.б.;
3)бір түбірдің әр түрлі қосымша жалғанып қайталануы, мысалы: өзді-өзіне айтты, қолды-қолымен кетті, т.б.;
4) екінші сыңары бірінші сыңарына еліктеу мәнінде келіп, дауыссыз дыбыстан басталатын сөздің бірінші дауыссыз дыбысының орнына және дауысты дыбыстан басталатын сөздің алдына м, п дыбыстары қосылып жасалуы, мысалы; ет-мет, шай-пай, түйе – мүйе, т.б.;
5)еліктеуіш сөздің екінші сыңары кейбір дыбыстық өзгерістерге ұшырап қайталануы, мысалы: тарс-тұрс дыбыс, жалт – жұлт етті, т.б.;
6) түбір сөздің алдынан күшейткіш буын қосылып айтылуы, мысалы: үп-үлкен, қып-қызыл, т.б.
*Қосарлама қос сөз* өзара мәндес немесе қайшы мәндес сөздердің қосарлануынан жасалады. Мысалы, ата-ана, салт-сана, құрт-құмырсқа, ер-тоқым (мәндес қос сөз); күні-түні, азды-көпті, үлкенді-кішілі, ертелі-кеш (қайшы мәндес қос сөз).
А.Ысқақов қайталама,қосарлама деген екі түрін ұсынған.Тіркестіру екі немесе одан да көп сөздердің тіркесіп келіп,бір ғана лексикалық мағынаны білдіруі.
Мысалы,таңертеңнен қара кешке дейін,қара ала,қызыл қоңыр.Тіркескен сөзде “тірек сыңар” терминін атап өтеміз.
Тірек сыңар деп бір сөз арқылы бірнеше сөздің жасала беруі:
Келе жатыр,айтып жатыр,оқымай жатыр.
Қысқарту(теңбе-тең мағына) айтуға ұзақ әрі күрделі сөздерді қысқартып қолдану.КСРО-ға дейін өнімсіз тәсіл болған,қазіргі кезде қолданылу аясы кең.
ҚазҰПУ,ҚызПУ,педколледж.
Қысқарту қолданылады:
1.Үлкен адамды сыйлау мақсатында:Мәке,Сәке.
2.Баланы еркелету
3.кісін атын қысқарту
4.Мекеме атын қысқарту


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет