2. Аналитикалық сөзжасамдық тәсіл



бет3/8
Дата05.09.2024
өлшемі30.42 Kb.
#503372
1   2   3   4   5   6   7   8
Документ (29) (копия)

4.Сөзжасамның лексика-семантикалык тәсілі.
Лексика-семантикалык тәсіл арқылы сөздің жаңа мағынаға көшуіне байланысты сөз бір сөз табынан екінші сөз табына ауысады, оны ғылымда конверсия деп атайды. Конверсия жолымен жаңа сөздің жасалуы — өте көп тараған тәсіл, оның ішкі ерекшеліктері де бар. Сөздің жаңа мағынаға ие болуы, сол арқылы басқа сөз табына көшуі түрлі жолмен іске асады. Оның ішінде ғылымда заттану (субстантивация)-тілдерге кең тараған түрі. Ал заттану — көбіне ықшамдау зандылығына байланысты болатын қүбылыс. Лексика-семантикалық тәсіл арқылы, зат есімге заттану арқылы көшкен сөздер өте көп: бүлдірген, ағарған, қорған,қамал, айтыс, қоршау, ақ, асар, жетісі, екпін, тіл т.б.
Күрделі сөздер, олардың өзіне ұқсас тұлғалардан айырмашылығы.
Күрделі сөз тіркесі екі немесе одан да көп сөзден құралады. Мысалы, әдепті оқушының мінезі, орманды өлкені аралау, асыққан жолаушыға жол көрсету, кездейсоқ кездескен екі достың әңгімесі, қара түсті ат мінген жолаушы, гүлге оранған өлке, тасыр-тұсыр шапқан ат, т.б.
Жай сөз тіркесінің құрамы бір не екі сөзден ғана құралады. Мысалы, орманды өлке, әдепті оқушы, асыққан жолаушы, екеуі кездесті, түсі қара, таулы өңір, тастақ жер, көпірден өту, әңгімелескен адам, т.б.
5.Туынды сөздің жасалуына байланысты пайда болған мағына сөзжасамдық мағына деп аталады. Тілде әр туынды сөзді өмір қажеттігі туғызады, өмірдегі кажеттік туғызған туынды сөз ҫол кажеттікке байланысты ұғымды білдіреді. Ол туынды сөздің мағынасы болып саналады. Туынды сөздің мағынасы өмірде пайда болған жаңа ұғыммен байланысты ұғымды білдіреді. . Мысалы, көрермен туынды түбірінің 36 мағынасы теледидарды көретін адамдарды білдіріп, атау өмір қажеттігінен пайда болды, сөйтіп көрермен туынды сөзі жасалды. Демек, бұл аталым теледидардың шығуымен байланысты қалыптасты. Осы сөздің мағынасы туынды түбірге негіз болған жеке тұрғандағы көрер сөзінде де, -мен жұрнағында да жоқ. Аталған мағына туынды түбірде ғана бар, сондықтан ол - осы туынды түбір сөздің мағынасы, яғни сөзжасам үрдісі нәтижесінде туған мағына. Олай болса, өмірде пайда болған жаңа ұғымдарды атау сөзжасамдық бірліктер арқылы жасалады. Ол сөзжасамдық бірліктер лексикалық мағыналы сөздер мен сөзжасамдық жұрнақтар екені жоғарыда анықталды. Сөзжасамдық мағына да сол сөзжасамдық бірліктер арқылы жасалады, яғни олар туынды сөздің құрамына кіреді. Туынды сөздің құрамындағы сөзжасамдық бірліктердің туынды мағынаны жасауда атқаратын өзіндік қызметтері бар. Туынды түбірлерде уәждеме сөз жаңа лексикалық мағынаға арқау болады. Туынды сөздің мағынасын жасайтын бірліктер туынды сөздің мағынасына қарай таңдалады. Онда уәждеме сөздің мағынасы мен жұрнақтың мағынасына мән беріледі. Олар бір-бірімен мағыналық байланыста болатыны ғылымда дәлелденген. Оған - уәждемесі ортақ туынды түбірлердің мағыналары мен жұрнақтардың анықталған мағыналары дәлел. Бұл - ғылымда белгілі заңдылық,ол тәжірибеде де белгілі. Сондықтан туынды сөзжасамдық мағына жасауда ол заңдылықтар ескеріледі. Атап айтқанда, сөзжасамдық мағына жасау туынды сөз жасау заңдылығымен тікелей байланысты. Сондықтан сөзжасамдық мағынаны туынды сөз жасаудың нәтижесі деп қарауға болады. Демек, сөзжасамдық мағына жасау туындысөз жасау заңдылығы арқылы жүзеге асады.
Сөзжасамдық мағына жасау үшін мына мәселелерге мән беру керек:
1)туынды сөздің құрамында сөзжасамдық бірліктердің болуы міндетті;
2)туынды сөздің құрамындағы сөзжасамдық бірліктер тілде қалыптасқан зандылыктар бойынша орналасуы керек;
3)сөзжасамдық бірліктер туынды сөздің мағынасына сай таңдалуы керек. Онда уәждеменің де, жұрнақтың да мағынасы ескеріледі.
Осы талаптар орындалғанда ғана, сөзжасамдық мағына да, туынды сөз де жасалады.
Сөзжасамдық мағынаның түрлері мыналар:
1)өзгерген сөзжасамдық мағына
2) түрленген сөзжасамдық мағына
3) көшірілген сөзжасамдық мағына,
4) теңбе-тең сөзжасамдық мағына.

1)Уәждеме сөзжасамдық сөздің негізінде жасалған туынды сөздің лексикалық мағынасының өзгеріп, басқа лексикалық мағынаға көшуі өзгерген сөзжасамдық мағына деп аталады. Мысалы, жасар, көгер, бөлім, әсерлі т.б. Туынды түбірлердің мағынасы жас, көк, бол, әсер деген уәждеме сөздердін мағынасынын негізінде туған. Сондықтан уәждеме сөздер мен олардан жасалған туынды түбірлердің мағынасы байланысты болады. Туынды сөздердің мағынасы уәждеме сөздің мағынасына негізделе жасалатындықтан, туынды сөздер уәждемелі сөздер деп аталады.

2) Сөзжасамда туынды мағына уәждеме сөздің мағынасын өзгертпей, оның мағынасына үстеліп, қосылуы мағынаның түрленуіне жатады. Мысалы, дөнежін, балапан, көлшік, әкетай, белес, жетімек, белең, есікше, қырат, корпеше, ойпаң, қырқа, шатқал, кітапша, қүмдақ, ойпат, баурай, тобыр, шөлейт, ағай, апай, көкежан, ағатай, құлыншақ т.б. Бұларда уәждеме сөздің лексикалық мағынасы туынды сөзде толык сақталған, бірақ оның үстіне туынды сөздерде түрлі мағына қосылған. Бұл орыс тіл білімінде «модификационное значение» деп аталады. Қазақ тілінің сөзжасамында ол зат есім, сын есім, сан есім, етістік сөзжасамында орын алады.

3) Көшірілген сөзжасамдық мағына. Уәждеме сөз бен туынды сөздің арасындағы қатыстың үшінші түріне туынды сөздің мағынасы уәждеме сөздің мағынасынан басқа мағынаға көшірілуі жатады. Ол кошірілген жаңа мағына уәждеме сөздің морфемдік құрамы өзгермей жасалады. Ғылымда ол нөлдік морфема арқылы жаңа мағынаның жасалуы деп аталады. Мәселен, қатырма (етістік) - қатырма (зат есім), айтыс (етістік) - айтыс (зат есім), қорған (етістік) - қорған (зат есім), бүлдірген (етістік) - бүлдірген (зат есім), қамал (етістік) -қамал (зат есім), тіл (етістік) - тіл (зат есім), соғыс (етістік) - соғыс (зат есім), жетісі (сан есім) - жетісі (зат есім), ақ (сын есім) - ақ (зат есім) т.б.



4) Туынды сөздің лексикалық мағынасы уәждеме сөздің мағынасымен тең түсуі мағынаның теңбе-теңдігі деп аталады. Бұл сөзжасамның қысқарту тәсілі арқылы жасалған түрлеріне қатысты. Мысалы, БҰҰ - Біріккен Ұлттар Ұйымы, ҚазҰПУ - Қазақ ұлттық педагогикалық университеті т.б., мұнда қысқарған сөздің мағынасында өзгеріс жок, бірақ тұлғасында үлкен өзгеріс бар, қысқарған сөз арқылы сөздің екінші түрі жасалған. Олар тілде қатар өмір сүреді, бір мағыналы екі сөз қызметін атқарады. Қазір тілде олар кең өріс алды. Түрлі фирмалардың, ұйымдардың көп ашылуы қыскарған сөздерді көбейтті. Фирма, ұйымдардың, т.б. аттары өте күрделі болып келетіндіктен, олардың қысқарған түрін қолдану жеңіл. Сондықтан олардың толық атауынан гөрі қысқарған атауы жиі қолданылады. Олардың бәрі толық мағыналы сөздің қызметін атқарады, мағыналары олардың күрделі атауларымен теңбе-тең, тек тұлғалары басқа.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет