10.Сан есім аналитикалық және синтетикалық тәсіл арқылы жасалады. Аналитикалык тәсілге қарағанда тіліміздегі сан есімдердін синтетикалык тәсілмен жасалуы өнімсіз, себебі бар: сан есімге катысты сөз тудырушы журнактар саны көп емес. Сан есім бул
Жағынан өзге сөз таптары сиякты, мәселен зат есім, сын есім, етістік
Сиякты сөз таптарымен теңесе алмайды.
Тіпті сөз тудырушы косымшалары аз деп
Саналатын устеу сөз табынан да бұл жағынан кейінгі орында. Солай бола тұрганымен де сан есім сөзжасамына тән бул ерекшіліктің бастауы өте ертеде жатыр. Сонысына карамай бірлі жарым
Сандардың құрамында мұндай косымшалар аз да болса кездеседі.
Есептік сан есім аналитикалық тәсілмен жасалады. Реттік сан есім синтетикалық тәсілмен, -шы, -ші жұрнақтары арқылы. Топтық сан есім қосарлану арқылы (дефис арқылы) екінші сыңарына шығыс септік жалғану арқылы жасалады. Жинақтық сан есім -ау, -еу жұрнағы арқылы жасалады. Тек жеті жинақтық сан есім бар. Түбір әрі дара саг есімдер санаулы: бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он, жүз, мың, миллион, миллиард, триллион, триллиард.
12. Құранды етістіктер деп есім сөздерге белгілі көмекші етістіктер тіркесіп, оған қимыл мағынасын қосу арқылы жасалған етістіктер аталады. Мысалы, қызмет ет, кұрмет ет, жәрдем ет, адам ет, әлек қыл, алаң бол, қор бол, ит қыл т.б.
Құранды етістік жасайтьш көмекші етістіктердің қызметін есім сөзден етістік жасайтын жұрнақпен салыстырып, олардың екеуінің де есім сөзден етістік жасайтынын көруге болады. Мысалы, жәрдем ет – жәрдемдес, сыйлық ет – сыйла, мазақ ет – мазақта, кұрмет ет -кұрметте, табыс ет – табыста, арман ет – арманда, үміт ет – үміттен, хабар ет – хабарла, талқан ет — талқанда, сылтау ет – сылтаула, қор ет – қорла, еңбек ет – еңбектен, баян ет – баянда, әуре ет – әуреле, әңгіме ет – әңгімеле, айғақ ет – айғақта, айып етпе – айыптама, әдет ет – әдеттен, зақым ет – зақымда, жыр ет – жырла.
Мұнда құранды етістіктердің тілде синоним туынды түбір етістіктері бары анықталды. Ол әр есім сөзден тілде аналитикалык тәсіл арқылы да, синтетикалық тәсіл арқылы да туынды етістіктер жасалғанын білдіреді. Ал ол – құранды етістік жасайтын көмекші етістіктердің есім сөзге жұрнақ сияқты қимыл мәнін қосқанына толық дәлел.
Көмекші етістіктер арқылы жасалған құранды етістіктердің туынды етістік екенін олардың сөйлемде етістік сөздер үлгісімен түрленуі де дәлелдейді. Мысалы, Ант етеміз адым жер шегінбеуге (Д.Әбілев). Жауқазындар гүл атты (С.Мұқанов).
Достарыңызбен бөлісу: |