13. Үстеудің сөзжасамы
Үстеудің сөзжасамы деп үстеудің сөзжасамдық бірліктерінің белгілі сөзжасамдық тәсілдер арқылы туынды үстеулер жасауы аталады. Мысалы, балаша қуанды, қыстай оқуда болды, ілгері басқан жас, тырым-тырақай қаша жөнелді, алдын-ала ескерту керек, ала жаздай не бітірдің? Дегенде түрлі туынды үстеулер келтірілді.
Үстеудің сөзжасамдық жүйесінің басқа сөз таптарынан ерекшелігі — олардың жалғаулардың түбірге кірігіп, көнеруі арқылы туынды үстеудің жасалуы. Мысалы, алға, бірге, әзірге, баяғыда, күнде, лезде деген секілді.
Үстеу сөзжасамдық жұрнақтар арқылы жасалып, туынды түбір үстеу сөздер жасалады. Мысалы, меніңше, осынша, онша, жыланша (иіріліп), ағашша (иіліп), жаңаша (қарау), былайша, саудырлатып, жаяулата, кешең (шықтым), күнгейлеу (жатыр), байқаусызда т.б. Үстеудің сөзжасамдық жұрнақтары да өнімді, өнімсіз болып бөлінеді. Өнімді жұрнақтар ішінен -ша, -ше жұрнағын ерекше атауға болады. Бұл жұрнақ арқылы жасалған туынды түбір үстеулер үлкен бір топ құрады.
Ал өнімсіз жүрнақ үстеуде көп. Мысалы, Екі жас, жаңа өспірім, Паркте жүрді кешкірім (Ж.Молдағалиев). Есеней тапсырған ту бие кешқұрым сойылды (С.Мүқанов). Осы мысалдардағы -кірім, -құрым жұрнағы басқа туынды сөз жасамаған. Сол сияқты -ғаш (алғаш), -дік (әредік), -еу (көрнеу, кешеу),қар, -кері (тысқары, ішкері, сыртқары), -ы (арнайы) сияқты жұрнақтар жекелеген, бірді-екілі ғана туынды түбір үстеулер жасаған.
Үстеудің сөзжасамдық жүрнақгары да жалаң және құранды болып бөлінеді. Жалаң жұрнақтар: -ша, -ше, -ы, -ай, -лық, -са, -се, құранды жүрнақгар: -лата, -лете, -кірім, -қүрым, -ыртын, -іртін т.б.
14.Еліктеуіш сөздерге сөзжасамдық жұрнақтар жалғанғанда Екіншілік туынды мағыналар пайда болып, ерекше семалардың Негізінде жаңа атау жасалады. Кез келген еліктеуіш арқылы жасалған туынды сөздің терең мағыналық құрылымында оның дыбыстық не бейнелеуіштік мəн арқылы туындағаны, уəжделгені Айқын аңғарылады əрі атаудың негізгі семасының шеткей семантикалық өрісінде бұл сема əрқашан сақталады. Еліктеуіш Сөздер сөйлемде етістікпен тіркесіп келіп немесе етістік тұлғаларымен түрленіп, негізінен, пысықтауыштық қызмет атқарады: Қазан айы туғанда Ағарыс сыбырлап ақты: ойлана бастады, Есі кіре бастады. Қарағым, осының ақыл. Ішкен мен жегенге Мəз боп, мойны-басы былқылдап, ақылдан да, өнерден де кенде Боп жүрген бай баласы аз ба? Үркер жамбасқа келгенде, ай шығып еді, өлі күйде жатқан қара барқын беті айнадай жарқырап
Салды (О. Бөкей).
Достарыңызбен бөлісу: |