2. Аналитикалық сөзжасамдық тәсіл



бет4/8
Дата05.09.2024
өлшемі30.42 Kb.
#503372
1   2   3   4   5   6   7   8
Документ (29) (копия)

6. Күрделі сөздер, оның өзіне ұқсас тұлғалардан айырмашылығы.
Екі немесе одан да көп түбірден құралған сөзді күрделі сөз дейді. Мысалы, әке - шеше, ауыл -аймақ, ашудас, Қостұра, боз торғай, қара торы, он үш сияқты сөздер күрделі болып табылады. Себебі бұлар кемінде екі түбірден құралған: әке-шеше (әке және шеше), ауыл - аймақ (ауыл және аймақ), ашудас (ашу немесе ащы және тас), бозторғай (боз және торғай), қара торы (қара және торы), он үш (он және үш), Қостұра (қос-екі, тұра-тау).
Күрделі сөз құрамындағы сыңарлар мүшеленбей, бөлшектенбей тұтас күйінде бір бүтін лексикалық мағынаны білдіреді, тұтас күйінде белгілі бір сөз табына қатысты болып, сол күйде тұлғаланады және сөйлемнің бір ғана мүшесі болады.
Күрделі сөздер жасалу жолына қарай төрт түрлі болады: біріккен сөздер (бүгін, жаздыгүні), қос сөздер(үлкен - кіші, аяқ-табақ), қысқарған сөздер (АҚШ,БҰҰ), тіркесті сөздер (шұбар ат, қара көк, жүз бес). Сөйтіп күрделі сөздер, бір жағынан, сөз тудырудың (сөзжасамның) белгілі жолдары (біріктіру, қосарлау, тіркестіру) арқылы жасалған жаңа сөздер болса, екінші жағынан, күрделі түбір, яғни түбірдің өзінше бір түрі болып табылады.
7.Сөзжасамдық тізбек, сөзжасамдық саты, сөзжасамдық тарам, сөзжасамдық жұп.
•Сөзжасамдық тізбек – сөзжасамдық ұяның синтагматикалық құрылымдық бірлігі болып табылады.
Сөзжасамдық тізбек дегеніміз – бір түбірден тараған, бірінен-бірі тікелей туындайтын, біріне-бірі негіз болатын негізді сөздер тобы. Сөзжасамдық тізбексіз сөзжасамдық ұя жоқ. Н.Оралбаева әр сөзжасамдық тізбек негіз сөзден басталып, негізді сөзбен аяқталады деп көрсетеді. Сөзжасамдық тізбекте негіз сөз – 1, қалғандары негіз емес сөз, яғни негізді сөздер. Мысалы: бет – бетте –беттес – беттестір /негізсіз/негіз/негізді/негіз. Мысалы шық сөзінің 46 тізбегі бар. Сөзжасамдық тізбек бірнеше тармақты болады. Мысалы: біл, білім, білімдар, білімдарлық т.б. бір негізгі түбір бірнеше сөзжасамдық тізбек бере алатындығы жиі кездеседі. Әр тізбек негіз сөзден басталып негізді сөзбен аяқталады.
Бір ғана біл етістігінен 13 сөзжасамдық тізбек өрбитіні корсетілген. Әр тізбек 4-5 сөзден тұрады, ал бас сөзінен 92 сөзжасамдық тізбек Тараған.
Сөзжасамдық тізбектің мына белгілерін атауға болады:

  1. Сөзжасамдық тізбек – сөзжасамдық ұяның күрделі бірлігі.

  2. Сөжасамдық тізбектегі сөздердің сөзжасамдық қатынасы – иерархиялық Қатынастағы сөздер тобы.



  1. Сөзжасамдық тізбек мүшелері уәждемелі туынды сөздер.

  2. Сөзжасамдық тізбектегі сөздер бір-бірімен мағыналас сөздер әрі түбірлес Сөздер.

Сөзжасамдық тізбек бойындағы сөздердің (негіз сөз, туынды сөз) өзіне сөзбен ішкі мағыналық және сыртқы дыбыстық жағына көңіл бөлінеді. Екінші сөзбен Айтсақ, оның мағыналық, тұлғалық құрылымы танылады. Қазақ ғалымдары А.С.Тихоновтың сипаттамасын басшылыққа алған.


Сөзжасамдық тізбектің негізгі мүшесі – түп негіз сөзден жасалған туынды сөздер. Тізбектің құрамындағы туынды сөз біреу де, бірнешеу де болады (ой-ойла-ойлан-ойландыр-ойландырт – 4 сөз; жұп-жұптық – 1 -сөз; жыр-жырла-Жырлас – 2 сөз).

• Сөзжасамдық тізбектің жаңа буынынан сөз тізбек жалғасып, жаңа, тың мағына жасала береді. Әр сөзжасамдық тізбек негіз сөзден, туынды түбірден жасалады да, содан әрі қарай өзінің мағына тудыру шегіне жеткенше тізбектеліп кете береді. Туынды түбір сөздер жұрнақтар арқылы жасалатындықтан, ол сөз Құрамындағы морфеманың санын арттырады. Ал тізбекте бір туындыдан екінші Туынды жасала беретіндіктен, ондай туындылардың морфемдік саны көбейе Береді (бас-басқар-басқарма).

•Сөзжасамдық саты деп негіз сөз бен сөзжасамдық жұрнақтан тұратын сөзжасамдық ұядағы туынды түбірлердің жасалу ретін білдіретін тілдік бірлік аталады. Сөзжасамдық тарам (парадигма) деп тік қатардағы бір сатыда бір негіз сөзден өрбіген туынды сөздердің жиынтығы аталады.
Сөзжасамдық саты – СҰ-ның мүшесі. Немесе ұя құрылымындағы Туындылардың орналасу тәртібі.Бұл ұғымның термин ретінде қазақ тілі сөзжасамында пайда болғанына көп уақыт болған жоқ. СС түсінігі проф.Н.Оралбаеваның «Сөзжасамдық саты» Атты мақаласында сөз етілді.бір түбірден екніші туынды сөздің жасалу шегін білдіреді. Мысалы: Біл-білімді-білімділік т.б. тізбекте 3 сөзжасамдық саты бар. Сатының ең Бастапқы және міндетті шыңы болып түбір сөз яғни негізсіз сөз саналады.
Ұяны басқаратын түбірден тікелей жасалған туынды бірінші сатының нәтижесі ал 1-сатының негізді сөзінен 2-саты басталады. Сөзжасамдық

Сатының сөзжасамдық жұпқа қатысы бар, себебі ол негіз бен туындыдан Тұрады.Сөзжасамдық ұяда сатыны көлденең және тігінен сипаттайды. Демек, Сөзжасамдық сатының сөзжасам ұясындағы бар бірліктерге қатысы бар. Мысалы, көлденең сипатталғанда сөзжасамдық саты, сөзжасамдық тізбекпен Байланысты мұнда олардың мағыналық қатынасы бір ізді мағыналық қатынас. Сөзжасамдық тізбек бірнеше сатыдан құралса, ұяның соңғы сатысындағы Туынды сөздер соңғы сатыға дейінгі мүшелер өзіне дейінгі, өзінен кейінгі Сөзбен екі жақты мағыналық қатыста болады.


•Сөзжасамдық тарам термині словообразовательная парадигма мәнінде қодданылды. Осы термин орыс тіл білімінде де кейінгі кезде қолданыла бастады. Бұрын тарам термині морфологияда ұзақ уақыт қолданылғаны белгілі, мысалы септік тарамы (парадигмасы), жіктік тарамы (парадигмасы) сияқты қолданыс ғылымда әбден таралған, таныс ұғымға айналған. Бұл термин барлық тіл біліміндік сөздіктердің бәрінде сөз түрлендіру жүйесі мәнінде түсіндірілген.
Соңғы кезде сөзжасамдық тарам (словообразовательная парадигма) термині қолданыла бастады. Морфологиялық тарамда да бір сөз түрлі сөз түрлендіруші қосымшалар арқылы түрленеді. Сөзжасамда да бір сөзден бірнеше түрлі сөз жасалады. Морфологиялық тарамдар жиі қолданылады. Сөзжасамдық тарамдар әлдеқайда сирегірек қолданылады және сөзжасамдық тарамдағы создердің лексикалық мағынасында айырма болса, морфологиялық тарамдағы сөздердің лексикалық мағынасында айырма болмайды да, айырма тек грамматикалық мағынада болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет