2. ДӘріс тезистері



бет9/15
Дата20.05.2022
өлшемі53.27 Kb.
#458414
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
Лекция (1)

Дәрістің қысқаша мазмұны:
Әдеби даму яки әдеби процесс немесе әдебиеттің дамуы бұл үзіліссіз жалғасып отыратын процесс. Бүгінгі ХХІ ғасыр басындағы әдеби даму жетістік-кемшілігімен күні ертең төл әдебиетіміздің тарихына, оның бір жарқын тарауына айналады, көркемдік дамуымыздың тарихы, шежіресі саналады. Әдеби процесс тірі, жанды процесс, қозғалыс, күрес, әдебиеттің қоғам, замана, уақыт алға қойған мәселелерді көтеруі, сан сала бағыттарда ізденуі, күнделікті дамуы, жетілуі, әдеби дамудың тарихы.
Әдебиеттің, кеңірек алсақ, жалпы өнердің дамуы, өсіп-өркендеуі, алға басқан қадамы әрқашан да белгілі бір әдеби-көркемдік дәстүрлердің дамытылуы, жалғастығы арқылы анықталады, көрінеді. Нақтырақ айтқанда, әдеби даму дегеніміз бұл әдебиеттегі белгілі бір дәстүрлердің-көркемдік тағылымдардың жалғастығы, дамытылуы деген сөз.
Дәстүрсіз әдеби даму болмайды. Дәстүр деген сөзді, ұғымды кең мағынасында екі түрлі тұрғыда түсінеміз. Біріншісі, адамзаттың өткеннің өмір тәжірибесін өз тіршілігінде оны қайталау және жаңғырту түрінде тірек етуі, мәселен, түрлі әдет-салт, жол-жоралғылар, этикет, рәсімдер, оның түрлері. Қыз ұзату, келін түсіру салты немесе дәстүрі деген секілді т.б.
Ал дәстүр ұғымы кеңірек алып қарастырғанда белгілі бір ұлт әдебиетінің даму тарихы қалыптастырған көркемдік тағылымдар, жетістіктер. Мәселен, ауыз әдебиеті дәстүрі дегенде біз жекелеген ақынның, жекелеген шығармашылық тұлғаның емес, халықтың ұжымдық көркемдік мұрасының тағылымын айтамыз. Ұлттық төл әдеби дәстүр дегенде біз бай ауыз әдебиетінің, фольклордың дәстүрлерін, жыраулар поэзиясының тағылымын, ақындық-импровизаторлық дәстүрді, айтыс ақындарының өнегесін, жазба әдебиеттегі көрнекті тұлғалардың шығармашылық жетістіктерін т.б. айтамыз. Әдеби дәстүр өте кең әрі күрделі ұғым. Төл әдеби дәстүрлермен қатар өзге әдебиеттердің де ықпал-әсері, яғни әлем әдебиетінің дәстүрі де бар. Мысалы, орыс реалистік әдебиетінің дәстүрі ХІХ ғ. Ыбырай, Абай туындыларынан айқын аңғарылады. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетіне де (М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов т.б.) шет ел әдебиеті дәстүрінің (Шекспир, А.Толстой, М.Горький т.б.) ықпалы зор болды.
Қай халықтың болмасын жазба әдебиетінің қалыптасуында ауыз әдебиеті дәстүрінің мән-маңызы үлкен. Мәселен, ХХ ғасырдың басында қазақ прозасының пайда болуы мен қалыптасуында ауыз әдебиетінің әсері зор болды. “Қалың мал”, “Бақытсыз Жамал”, “Қамар сұлу” т.б. туындылардың суреттеу, баяндауларынан, кейіпкерлерді сипаттауларынан бұл айқын аңғарылып тұрады. Ауыз әдебиетінің дәстүрі кеңестік кезеңде прозаның, әсіресе драматургияның тууы мен жетілуіне үлкен ықпалын тигізгені, алғашқы қазақ пьесаларының біразы ауыз әдебиеті үлгілері негізінде жазылғаны мәлім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет