2. ДӘріс тезистері


Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары)



бет2/15
Дата20.05.2022
өлшемі53.27 Kb.
#458414
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Лекция (1)

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Ғылыми пән ретінде әдебиет поэтикасының мәні.
2. Филологиялық ғылымдар жүйесіндегі әдебиет поэтикасы
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Көркем туындыдағы адам бейнесін әдетте әдеби текке, көркемдік әдіске және жасалу тәсілдеріне байланысты жіктеу дәстүрі қалыптасқан. Мәселен, әдебтеттің тектері үшеу (эпос, лирика, драма) болғандықтан, көркем бейне де тек тұрғысынан эпикалық бейне (поэма – дастандар мен прозалық туындылардағы), лирикалық бейне (өлеңдердегі) және драмалық бейне (пьесалық туындылардағы) боп үшке, көркемдік әдіске (олар екеу) қатысты реалистік, романтикалық болып екіге жіктелсе, жасалу тәсілдеріне орай юморлық, сатиралық, фантастикалық, трагедиялық... бейнелер болып алуан түрлерге бөлінеді. Шынайы, көркем бейненің (мейлі ол ұнамды немесе ұнамсыз мінез, әрекет иесі болсын бәрібір) оқырман үшін танымдық, тәрбиелік тағылымы қашан да жоғары. Өнер туындысын ықыласпен қызыға оқыған жан ондағы кейіпкерлер тұлғасынан, іс – әрекеттерінен түрлі әсер алады. Біреулерінен ізгіліктің, адамгершіліктің, ерліктің үлгісін көріп, шабыттанып – шаттанып жігерленсе, енді бірінің болмысынан содыр – сойқандықтың, қатыгездіктің, қараулық пен надандықтың бейне – белгісін танып, жиренеді. Бұл да үздік өнердің ықпалы, шапағаты. Мәселен, өздерің оқып танысатын «Шұғаның белгісі» хикаясындағы аяулы ару Шұғаның сезімі қандай мөлдір, арманы қандай ізгі: М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы баласы үшін қасиетті құс – аққуды атып, мәңгілік қасіретке ұшыраған Ана тағдыры немесе бір кезде тағдыр айдауымен елден кетіп, жат жұртта қанша азап пен тозақ тауқыметін тартса да, 40 жыл бойы елге деген сағынышпен, оралу арманымен өмір сүрген, ақыры сол мұратына жеткен қажырлы Байтас қария («Қаздар қайтып барады») бейнесі ше? Бұл бейнелер тағылымы мәңгілік.



№3-4
дәріс

3 дәріс: Өнердегі типтілік мәселесі. Типтендіру түрлері
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

  1. Әдебиеттің халықтығы ғалымдар пікірталасында

  2. Прозадағы сюжет мәселесі

  3. Көркем прозадағы конфликттің рөлі



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет