2. ДӘріс тезистері


Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары)



бет8/15
Дата20.05.2022
өлшемі53.27 Kb.
#458414
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
Лекция (1)

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

  1. Қазіргі қазақ драмасының тақырыптық ерекшеліктері.

  2. Қазіргі қазақ драмасындағы жаңашылдық

Дәрістің қысқаша мазмұны:
Өмір шындығын бейнелеудің үшінші жолы – драмалық тәсіл деп аталады. Бұл әдебиеттің үшінші тегі – драманың (гр. drama –
әрекет, қимыл) негізін құрайды. Драмалық бейнелеу тәсілі адамды тікелей қимыл-әрекет үстінде көрсетуді мақсат етеді. “Драма лирикаша тамылжытып жыр төгіп жатпайды, драмадағы кейіпкерлер өздерін әрекетте білдіруі керек. Бұл түйсік және аңғару емес, характер болып шықпақ”,– деген Белинский тұжырымынан драма ерекшелігі өте айқын көрініп тұр. Эпоста оқиға болса, драмада адам өмірі – әмірші. Сондықтан да драмада өз тұлғасымен өмір қайшылықтарының мәнін аңғартатын кейіпкердің мінезі мен негізгі сипаттарын көркем, жанды танытуға баса назар аударылады. Драма өмір шындығы мен адам тағдырын бейнелеудің ең күрделі тәсілі, эпос пен лирика ерекшеліктерін қоса қамтыған синтез жанр деп те атайды. Шынында да, драмалық туындыда авторға қатыссыз сыртқы дүние де (бұл эпостың сипаты), сондай-ақ кейіпкердің ішкі әлемі де (бұл лирикаға тән сипат) бейнеленеді. Алайда бұл аталған жақындықтар драманың әдебиеттің дербес бір тегі ретіндегі өзіндік ерекшеліктерін жоққа шығармайды, қайта драманың күрделі жанр екендігін таныта түседі. Әдебиеттің тектерін Гегель өзінің триада заңдылығына сәйкес қарастырып, эпос ең көнесі, біріншісі, әдеби даму негізі, яғни эпос-тезис, лирика оған қарама-қарсы, яғни, антитезис, драма синтез, екеуінің қосындысы деген пікір білдірген. Енді драмалық туындылардың өзіне тән ерекшеліктері қандай, соған келейік. Біріншіден, драмалық шығармалар театрға, сахнаға қойылуға арнап жазылады да, осы себепті олар сахна заңдылығымен үйлесуі керек. Пьеса көлемінің шектеулігі де осыдан келіп шығады. Пьесаның көркемдік қасиеті, әлеуметтік маңызы да, оның сахнадағы қойылымы арқылы ғана шын мәнінде көрінбек. Белинскийдің “Драмалық поэзияның сахналық өнерсіз сәні келмейді, белгілі бір тұлғаны тану үшін оның қалай сөйлегенін, қалай толғанатынын, қалай әрекет ететінін көру және есту керек” дейтіні де сондықтан болса керек. Екіншіден, драмалық шығармада авторлық баяндау, мінездеу, табиғат көріністерін бейнелеу, тағы да басқа суреттеу тәсілдерінің болмайтындығы. Үшіншіден, пьесаның бірыңғай кейіпкерлер сөзіне (монолог, диалог) құрылатындығы. Бұдан драматургтың тілге, яғни, кейіпкерлер сөзіне өте мұқият болу керектігі келіп шығады. М. Әуезов 30-жылдардағы бір мақаласында “Реалистік пьесаның драмалық шығармадағы ең үлкен шарты, айнымас, кемімес шарты – ең алдымен, пьесаның тілі дейміз” деп жазған-ды. Өте орынды тұжырым бұл.


Сұрақтар:

  1. Көркем мәтінді психолингвистикалық тұрғыдан зерттеу барысы

  2. Әдебиеттанудағы филологиялық көзқарастар ауқымы.

3. Көркем мәтінді талдаудың филологиялық әдістері.

№9
дәріс

9 дәріс: Әдеби процесс. Көркем әдебиеттегі дәстүр мен жаңашылдық мәселесі




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет