2. ДӘріс тезистері



бет23/30
Дата02.04.2024
өлшемі4.37 Mb.
#497387
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   30
БМПед.ғыл. Дәріс 4

Тақырып 12. Оқытудың тұлғаға-бағдарланған тұжырымдамалары мен технологиялары
1 Тұлғаға бағдарланған оқыту тұжырымдамалары
2 Оқытудың тұлғаға бағдарланған технологиясы
Дәрістің қысқаша мазмұны:
1. Тұлғаға бағдарланған оқыту тұжырымдамалары
1980 жылдары - педагогтың тәрбиеленушілерге тұлға ретінде бірізді көзқарасы және өзіндік саналы жауапкершілікті субъектіге тәрбиелік өзара қарым-қатынасы туралы идея пайда болды. «Тұлғалық-бағдарлы» ұғым Роджерстің «person-centered» (личностно-центрированное), немесе «pupil-centered» (центрирование вокруг ученика), яғни оқушыға бағдарланған әрекеттер туралы еңбектерінен бастау алады.
К.Роджерстің ойынша, педагогтың негізгі мақсаты оқушының дара тұлғалық қасиетін, өзіндік түрде дамуына демеу беру қажет. Оның пайымдауынша, педагогика терапия тәріздес: ол әрқашан балаға оның физикалық және психикалық денсаулығын қайтаруы керек.
Тұлғаға-бағдарлап оқытудың заңдылықтары
Көптеген ғалымдар оқытудың заңдылықтарын оқушының табиғи және тұлғалық ерекшеліктеріне қатысты тұжырымдаған. Мысалы, неміс педагогы Э.Мейман үш заңдылықты тұжырымдады:
1. Жеке адамның дамуы әуел бастан көп жағдайда табиғи қабілеттерімен анықталады.
2. Ең алдымен баланың қарапайым қажеттіліктерін қанағаттандыратын және өмірі үшін ең маңызды болып табылатын функциялар дами бастайды.
3. Баланың рухани және физикалық дамуы бірқалыпты жүзеге аспайды.
Ғалымдар В.И.Андреева, И.Я.Лернер, Ю.К.Бабанский, В.И.Загвязинский, В.В.Краевский, М.И.Махмутов, М.Н.Скаткин, В.И.Сластенин, А.В.Хуторский және т.б. тәжірибесінің негізінде тұлғаға-бағдарлап оқытудың келесі заңдылықтарын анықтаған. Оларда байланыс объектілері ретінде оқушының тұлғалық параметрлері бекітіледі.
Оқушының шығармашылық өзі-өзі жүзеге асыруы мен білім беру ортасының өзара байланыс заңдылығы.
Өзінің табиғи және рухани мәні жағынан адам жаратушы. Оқушының шығармашылық әлеуетін жүзеге асыру дәрежесі білім беру үдерісінің қамтамасыз етуге енгізілетін шарттарға, құралдарға және технологияларға тәуелді. Оқушының оқытудың мақсаттарын таңдау мүмкіндігі, білім берудің ашық мазмұны, оқытудың табиғиұғынымды технологиялары, оқытудың жеке-дара траекторияларын, қарқынын, формасын енгізу оқушының өзін-өзі шығармашылық түрде жүзеге асыруын жоғарылатады.
Оқытудың, тәрбиелеудің және дамытудың өзара байланыс заңдылығы. Оқытуға бағытталған кез-келген іс-әрекет оқушыда оның жеке басының қасиеттерін дамытумен, оны қоғамның мүшесі ретінде тәрбиелеумен түйіндес болып табылады. Тіпті егер мұғалім өзін «өз пәнін беруші» ретінде қабылдап, анық тәрбиелік және дамытушылық мақсаттар қоймаса да, ол бәрібір оқушылардың сәйкес қасиеттерінің қалыптасуына әсер етеді. Айтылған байланыстың нәтижелілігі білім беру үдерісінде тәрбиелеу мен дамытудың арнайы мақсаттарының болуымен, сонымен қатар оларға жету деңгейін диагностикалау мен бағалаудың өлшеуіштерінің ойластырылғандығымен анықталады.
Оқыту нәтижесінің оқушылардың білім алу іс-әрекетіне байланыстылығы заңдылығы. Оқыту нәтижесі оқушының білім өнімімен сипатталады. Қолданылатын технологиялардың, формулалардың және оқыту әдістемесінің оқыту нәтижесіне әсері зор. Оқытылып жатқан материал емес, оның қалай жүзеге асып жатқаны тиімдірек меңгертіледі.
Ғалымдар тұлғалық-бағдарлы білім беру тұжырымдамасы аясындағы зерттеу бағдарламасына бірнеше бағыт кіретінін көрсеткен. Атап айтсақ:
• жеке тұлғалық-бағдарлы білім беру теориясы мен практикасының әдіснамалық реттеушілері;
• жеке тұлғалық-бағдарлы білім беру тұжырымдамасының тарихи алғышарттары;
• жеке тұлғалық дамыту білім беру жүйесі мен технологиясын құрудың халықаралық тәжірибесі, оның салыстырмалы-педагогикалық талдауы;
• жеке тұлғалық-бағдарлы білім беру жүйесі жағдайларында педагогикалық мақсат құру көздері мен процедуралары;
• тұлғалық тәсіл тұрғысынан білім мазмұнын іріктеу және оның композициясы;
• жеке тұлғалық-бағдарлы білім беру технологиясы;
• педагогикалық және басқарушылық қызметте тұлғалық тәсілді іске асыруға білім беру мекемелері педагогикалық кадрлары мен басшыларын дайындау.
Авторлар жеке тұлғалық-бағдарлы білім беру тұжырымдамасының мәнін айқындауда келесі ережелерді ұсынған:

  • педагогикалық санат ретіндегі жеке тұлға білім берудің және адам дамуының өзіндік ерекшелікті саласын білдіреді және осы мағынада оның өзіндік ерекшелікті мақсаты болады;

  • тұлға ретінде білім беру үдерісінде танымдық және практикалық міндеттерді шешу тәсілдерін, білімді қолдану тәжірибесін, шығармашылық тәжірибесін игереді, ол «жеке тұлға болу» тәжірибесін де игеруі керек, яғни өзіндік ерекшелікті жеке тұлғалық функцияларды (жасампаздық, рефлексия, ойды анықтау, өздігінен жетілу, әлеуметтік жауапкершілік және т.б.) орындау тәжірибесін игеруі керек.

Бұл индивидтің жеке тұлғалық «қызмет етуі» қандай да бір пәндік қызмет болып табылмайды, керісінше білім беру мазмұнының кез-келген компонентін игеру кезінде индивидтің жеке тұлғалық функцияларының дамуы үшін жағдай тудыру - барынша жалпы түрде тұлғалық-бағдарлы білім берудің мақсатын айқындауға негіз болады.
Білім берудегі жеке тұлғалық парадигма: тұжырымдаманың әдіснамалық негіздері заманауи педагогикалық теория мен практиканың жетекші тенденциясымен жария болған білім берудегі жеке тұлғалық тәсілдің бүгінгі күнгі педагогикалық санада бір мағыналық түсініктемесі жоқ (Ш.А.Амонашвили, Е.В.Бондаревская, В.В.Сериков, И.С.Якиманская, В.В.Давыдов, В.С.Ильин, М.В.Кларин, И.А.Колесникова, Л.И.Новикова, В.Белль, П. Брендвайн, Р.Дрейвер, Дж.Найсбитт, М.Полани, Дж.Шваб және т.б.). Сондықтан жеке тұлғалық-бағдарлы білім берудің көптеген парадигмалары туралы осы феноменннің барынша жиі кездесетін кейбір түсініктеріне тоқтала кетейік.
В.В.Сериковтың тұлғалық-бағдарлы білім беру тұжырымдамасында:
1. Үйреншікті, жаппай педагогикалық сана деңгейінде білім берудегі жеке тұлғалық түсінігі педагог пен тәрбиеленушілердің қарым-қатынасының этика-гуманистік принципі ретінде түсіндіріледі. Ізгілікке, баланы жеке тұлға ретінде қабылдауға педагогикалық ойдың классиктері ретіндегі Ж.Ж.Руссо, Л.Н.Толстой, М.Монтессори және т.б.
2. Тұлғалық түсінігі педагогикалық қызмет бағыттарын талдау принципі ретінде қарастырылады, оның басты мақсатының негізгі көзі - жеке тұлғалар. Педагогикалық үдерісте болып жатқанның барлығы осы мақсатқа жұмыс істейтін деңгейде ғана педагогтық болып саналады.
3. Тұлғалық түсінігі педагогикалық үдерісте жаңадан пайда болу механизмін жеке тұлғалық тұрғыда ашуды түсіндіретін принципі ретінде түсіндіріледі. Бұл принциптегі негізгі ой адам өміріндегі өзгерістердің ешқайсысы олардың орны мен жеке тұлғаның жетілудегі рөлін түсінбей тұрып түсіндірудің мүмкін еместігінде.
4. Тұлғалық түсінігі білім беру үдерісіндегі жеке тұлғаның еркіндік принципі, яғни зерделенетін мазмұнды өзіндік, жеке тұлғалық қабылдауын қалыптастыру, білім беру «бағыттарын», басымдықтарын таңдау ретінде де түсіндіріледі (жеке тұлғалық тәжірибе).
5. Тұлғалық түсінігі – жеке тұлғаның өзіндік қасиеттерін дамытуға және өздігінен дамуына арнайы бағытталған педагогикалық үдерістің (өзіндік ерекшелікті мақсаттар, мазмұны, технологияларымен) ерекше түрін құру түрінде қарастырылуы мүмкін. Осы түсініктердің әрқайсысының соңында педагогикалық қызметтің осы немесе басқа әлеуметтік мәдени жағдайдың өзінше аяқталған және тиімді педагогикалық қызметтің белгілі бір үлгісі ретінде қарастырылады.
Ш.А.Амонашвили еңбегінде оқушы индивид ретінде өзін тану үшін өзі оған құндылық таңдап алуы керек, білім әлеміне ену, ғылыми және өмірлік проблемаларды шешудің шығармашылық тәсілдерін меңгеру оның өзіндік «Мендік» рефлексивтік дүниесін ашуға ықпал етеді, - делінген.
«Педагогика және психология» саласының түсіндірме сөздігінде: «рефлексия-субъектінің психикалық актілер мен күйлерді өзінше тану және талдау процесі.
Ш.А.Амонашвилидің тұжырымдамасының негізгі нұсқаулары:
Оқытудағы заңдылықтары: баланы сүю, баланы түсіне білу, балаға деген сеніммен қараушылықты қалыптастыру.
Ұстанымдар: бала айналасын жандандыру, бала жеке тұлғасын сыйлау, баланың қалыптасу үдерісі кезінде сабырлық таныту.
Қағидалар: бала қабілетінің шексіздігіне, өз педагогикалық қабілетіне, балаға деген мархабатты ыңғай күшіне сенімді болу.
Баладағы сүйенім: дамуға, жетілуге, еркіндікке ұмтылыс.
Оқытушының жеке қасиеттері: мейірімділік, ашық және шыншыл, өз ісіне берілгендік.
Барлық тәрбие жүйесі баланы өмірге дайындау негізінде емес, керісінше өзіндік күрделі мәселелері бар балалық шақты − маңызды өмірлік кезең ретінде түсіну негізінде қаланған.
Евгения Васильевна Бондаревская «Баланы мәдениет адамы ретінде тәрбиелеу» атты тұжырымдаманың авторы. ХХІ ғасырдың қазіргі ресейлік қоғам дамуының оптимисттік нұсқасын ұсынады. Тұжырымдаманың басты ұстанымы мәдени-тәрбиелік идеал рөлін ойнайтын мәдениет адамының қалыптасуына, тәрбиесіне байланысты деген сенім болып табылады.
Тұжырымдаманың мақсаты: бұл біртұтас мәдениет адамын тәрбиелеу. Субъектілік мәдениет адамының тұлғасының біртұтастығын қамтамасыз ететін өзегі болып табылады. Дәл сол субъектілік еркіндіктің, өзектіліктің, руханилықтың және өмір сүрудің бірлігі мен шамасын қамтамасыз етеді.
Автор мәдениет адамының тұлғасының негізгі белгілерінің мазмұнының өзіндік түсінігін ұсынады. Мәдениет адамы — бұл мәдениет әлемінде өзін-өзі анықтай алуға қабілетті еркін тұлға. Оның педагогикалық аспектілері оқушыларда өзін-өзі танудың жоғары деңгейі, жеке басының абыройы, өзін-өзі құрметтеу, дербестілік, өзін-өзі тәртіптеу, басқа адамдардың пікірлерін құрметтей отырып, өз пікірлерінің тәуелсіздігі, рухани құндылықтар әлемінде, өмірлік оқиғаларда жол табу қабілеті, шешім қабылдай алу және сол шешімдер үшін жауапты болу және т.б. сияқты өзара байланысты қасиеттерді тәрбиелеуде болып табылады.
Е.В.Бондаревская ұсынған мәдениет адамын тәрбиелеу ұстанымдары: табиғатқа лайықтылық, мәдениетке лайықтылық, жеке дара тұлғалық тәсіл, құндылықты-мағыналық тәсіл, ынтымақтастық және т.б.
Мәдениет адамы – ізгілікті тұлға, бұл рухани тұлға, шығаршамшылыққа бейімделген тұлға. Бұл тұжырымдамадағы тәрбие баланың субъектілігінің, мәдени сәйкестенуінің, әлеуметтенуінің, өмірлік өзін-өзі анықтауының қалыптасуына педагогикалық көмектің үдерісі ретінде анықталады.
Балаға өз белсенділігін таныту үшін автономды болу, әрекеттерді таңдау, бағалау, жасау мүмкіндігіне ие бола алатын бостандық кеңістігін қажет ететін белсенділік иесі, субъект ретіндегі қатынас жалпы ізгілікті, тұлғаға бағытталған тәрбиелеудің, сонымен қатар мәдениеттанушылық тәрбиелеудің негізгі белгісі болып табылады. Бұл белгіде баланың табиғатына құндылықты, ұқыпты қарым-қатынас ретіндегі тәрбиелеудің ізгіліктілігі жүзеге асырылады, сонымен қатар, тұлғаның субъекттік қасиеттерінің қалыптасуының қажетті әрі бастапқы шарты ретіндегі еркіндік дәрежесіне қол жеткізіледі. Евгения Васильевна Бондаревская әлемдік және ұлттық мәдениеттің құндылықтарына, мәдени құндылықтардың әлеміндегі шығармашылық жағынан өз дегенін іске асыруға, рухани өзін-өзі реттеуге және өзгеріп отырған әлеуметтік-мәдени ортада бейімделуге бағытталған еркін рухани тұлғаның үлгісін ұсынған
Тұлғаға-бағдарлап оқытудың психологиялық-дидактикалық тұжырымдамасы И.С. Якиманская ұсынған.
К.И.Роджерс сияқты И.С.Якиманская да оқыту мен оқу үдерістерін ажыратады және соңғысын жеке субъектінің жеке тәжірибесі жүзеге асырылатын маңызды іс-әрекеті ретінде түсіндіреді. Алайда К.Роджерсте оқушы өмір субъектісі ретінде танылса, И.С. Якиманская үшін ол таным және пәндік іс-әрекет субъектісі ретінде қарастырылады. Соған сәйкес субъектілік тәжірибенің пайда болуының және түсіндірілуінің негізгі салалары ретінде автор тұтас өмір сүру әрекетін емес, тек таным және оқу іс-әрекеті салаларын ғана қарастырады.
И.С.Якиманская оқушы біртіндеп оқыту субъектісі болмайды, ол әу бастан субъектілік тәжірибеге ие болушы болып табылады деп атап айтады. Ал оқытуда берілгеннің бар субъектілік тәжірибемен «кездесуі» іске асырылады, нәтижесінде соңғысы туындамайды ол байи түседі, «мәдениеттене түседі».
И.С.Якиманская бойынша, оқытудың басты міндеті субъективті тәжірибені түрлендіру, өңдеу, байыту болса, онда автордың пікірінше, оның тұжырымдамасында зейіннің негізгі мақсаты оқушының бірегейлігін дамыту болып табылатын тұлғағ-бағдарлап оқытудың технологиясына аударылады.
А.А.Бейсенбаева Гуманизация тұжырымдасының авторы.
«Гуманизация тұжырымдамасының теориялық негіздемесінде: тұлғаның алған білімін әртүрлі әрекетті іске асыруда гуманистік шығармашылық әлеуетін дамытуға, оқушылардың өздігінен білім алуға, өзін-өзі тәрбиелейтін базаның негізі болады.
Автор тұжырымдаманың негізіне ұстанымдар мен гуманизациялық білім берудің мазмұнын жататынын көрсеткен.
Тұжырымдамадағы негізгі ұстанымдар: білім берудегі демократизация, білім берудің вариативтілігі, мектептің ұлттық өзіндік айқындаушылығы, білім берудің ашықтығы, диффференциялап және мобильдік, дамытушылық әрекеттік сипаттағы білім, білім берудің үздіксіздігі, еріктілігі мен шығармашылық және т.б.
Тұжырымдамада білім мазмұнының сапалық өзгерістерінің белгісі ретінде іргелі гуманистік идеялар, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылыми білімді жинақтау, үздіксіз білім беру жүйесіне әкелетін практикалық іс-әрекеттерді орындату, гуманды адамгершілікті тұлға дайындауда пәнаралық байланысты, гуманитарлық циклдегі пәндерді оқыту барысында ұқсас тақырыптарды кіріктіру, пән мұғалімдері жекелеген пәндердегі ғылыми түсініктерді пәнаралық байланыста тәжірибелік тұрғады терең мағынасын түсіндіру, іргелі және әмбебап білім жүйесіне сәйкестендіру.
Тұжырымдамада мәдениеттанушылық тұрғыда адам – мәдениет – адамзат үлгісі беріліп, онда өркениетті қоғамды құруға жеткізетінін, оқушылардың рухани байлығы тұлғалық мәнді білімнің, адамзат дамуының негізі болып саналатын ата-бабаларымыздан жеткен мәдениетті меңгеру, мұғалім мен оқушы арасындағы мәдени диалог,олардың өмірлік тәжірибесі, жалпы білім берудің тұлғалық мазмұндық аспектісін көрсеткен.
Тұлғалық-бағдарлы білім беру технологияларын еліміздегі алғаш рет зерттеушілердің бірі Ә.М.Мұханбетжанова «оның негізгі түсіндіруден-түсіндіруге, монологтан-диалогқа, әлеуметтік бақылаудан-дамытуға, басқарудан өзін-өзі басқаруға көшу, ал педагогтың негізгі міндеті қарым-қатынас болып табылады»-деп көрсетеді. Автор, тұлғалық-бағдарлы технологияның басты идеясы - білім берудегі субъект аралық қатынастарды қалыптастыру арқылы тұлғаның ынталануына түрткі болу, сөйтіп өзіндік таным мен өзіндік білім алуға, өзіндік бағалауға жағдай туғызу, - деп тұжырым жасаған.
Тұлғалық-бағдарлы білім беру Ш.А.Амонашвили, Е.В.Бондаревская, В.В.Сериков, И.С.Якиманская, А.А.Бейсенбаева, Ә.М.Мұханбетжанова зерттеулерінде қарастырылып, оның дербестік, тұлға, субъект, өзіндік қажеттік, өзіндік таным, өзіндік бағытталу, өзіндік рефлексия, таңдау, педагогикалық қолдау сияқты өзіне тән ұғымдарын анықтаған және жеткілікті түрде әртүрлі педагогикалық тұжырымдамалардан ортақ дүние табуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет