2. ДӘріс тезистері



бет27/30
Дата02.04.2024
өлшемі4.37 Mb.
#497387
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
БМПед.ғыл. Дәріс 4

Тақырып 14. Бастауыш білім беру мазмұны. Бастауыш білім берудегі мониторинг – ғылыми және практикалық мәселе ретінде.
1 Бастауыш білім беру мазмұны
2 Білім беруді мониторингілеу бастауыш білім беруді дамыту мен оның сапасын басқарудың жүйелі тәсілі және әсер ету тетігі ретінде.
3 Кіші жастағы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әлемдік тәжірибесі.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
1. Бастауыш білім беру мазмұны
«Білім және ғылым» энциклопедиялық сөздігінде: «Білім мазмұны – тәрбиеленушілердің дүниетанымы, адамгершілік қасиеттері, іс-әрекеті, қоғамдық өмір мен еңбекке деген дайындығын қалыптастыратын, ой және дене қабілеттерінің жан-жақты дамуын қамтамасыз етуі үшін игерілуі керек ғылыми білім, дағды мен шеберліктер, қарым-қатынастар мен шығармашылық әрекеттер тәжірибесінің жүйесі», - деген анықтама берілген.
Ю.К.Бабанский «білім мазмұны – оқыту үдерісінің негізгі компоненті, ол ғылыми білімнің, біліктер мен дағдылардың жүйесі, оны меңгеру оқушылардың ой және дене қабілеттерінің жан-жақты дамуына, адамгершілік қасиеттері мен мінез-құлқының қалыптасуына, қоғамдық өмір мен еңбекке баулуға дайындауға септігін тигізеді» – десе, В.С.Леднев «білім мазмұны біртұтас үдерістен тұрады: аға ұрпақтың тәжірибесін игеру, тұлғаның типологиялық сапалық мінезін тәрбиелеу, адамды ақыл-ойын және физикалық жағынан дамыту»,- деген пікірін білдірген.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру мазмұны - жеке адамның біліктілігі мен жан-жақты дамуын қалыптастыру үшін негіз болып табылатын білім берудің әрбір деңгейі бойынша білімдер жүйесі (кешені)», - деп көрсетілген.
Бiлiм берудiң мазмұны – оқушыларды жан-жақты дамытып, олардың дүниеге көзқарасын қалыптастыру үшiн негiз болып табылатын бiлiмнiң, iскерлiктiң, дағдының дәл белгiленiп алынған шеңберi.
Білім беру мазмұны – педагогикалық бейімделген білімдердің, іскерліктер мен дағдылардың жүйесі, шығармашылық іс-әрекеттің тәжірибесі және дүниеге деген эмоционалдық-құндылықтық қатынас, оларды меңгеру тұлғаның дамуын қамтамасыз етеді. Жалпы білім берудің мазмұны оқушыларды әлеуметтік, кәсіптік емес іс-әрекетке қатынасуды қамтамасыз етеді.
Б.Қ.Абдугулова «білім берудің мазмұны – дидактиканың негізгі нысанасы, ғылыми білім мен білік, оқу дағдыларының қалыптасу жүйесі, өзіндік шығармашылық, ізденушілік әрекет тәжірибесі, жеке тұлғаның жан-жақты дамуының сапалық мазмұны мен сипаты», – деп тұжырымдайды.
Білім мазмұнына берілген анықтамаларға қатысты құнды ой-пікірлер, қорытындыларды М.Н.Шанский, В.В.Краевский, И.В.Занков, В.А.Крутецкий т.б. еңбектерінен таба аламыз.
В.В.Краевскийдің пікірінше, нақты оқу пәнінің мазмұнын анықтауда басшылыққа алынатын бағдарларды құрастыру қажет.
А.Қ.Әбілқасымова: «Білімнің мазмұны мен үдерісі ғылыми негізделген болуы тиіс. Ғылыми негіздеу, ең алдымен, педагогикалық сипатта болуы керек...» – деп есептейді. Мазмұнды үлгілеу үдерісіне арналған еңбектердің ішінде А.Қоңыратбаев, Х.Сүйіншәлиев, Е.Исмаилова, М.Мағауин зерттеулерінің құндылығы мен маңыздылығы жоғары.
А.П.Сейтешевтің пікірінше, білім мазмұны - тұлғаның қасиеттері мен сапаларының прогрессивті өзгеріс үдерісінің мазмұны, ол үшін қажетті шарт - ерекше үлгіде құрылған ұйымдастырылған іс-әрекет. Осыған орай, ол тәжірибе, тәрбие және даму арқылы тұлғаның білім алуы үштекті біртұтас үдерісінің мазмұны ретінде саналады.
М.Ж.Жадрина педагогикада білім мазмұны жүйеленген білім, білік пен дағды, көзқарастар мен сенімдер жиынтығы, сонымен бірге оқу-тәрбие жұмыстары нәтижесінде қол жеткен танымдық күш пен практикалық дайындықтың белгілі бір даму деңгейі ретінде анықталады деп есептейді.
А.Д.Қайдарованың ойынша, білім беруге тапсырыс берушілерге тек басқарма ғана емес, мектепті қоршаған қоғамдық орта, ата-ана, тіпті, оқушылардың өздері де жатады.
С.Д.Мұқанованың пікірінше, жалпы білім беру мазмұнының қалыптасуы оның интенсификациялануының, тиісінше, оқыту үдерісінің ізгілендірілуінің негізін қалайды. Өйткені, оқушылар оқу ақпараты жүктемесінен арылады, шығармашылық өзін-өзі дамытуға мүмкіндік алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет