2. ДӘріс тезистері



бет28/30
Дата02.04.2024
өлшемі4.37 Mb.
#497387
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
БМПед.ғыл. Дәріс 4

Білім беру мазмұны білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары негізінде әзірленетін білім беретін оқу бағдарламаларымен айқындалады.
Білім беру теориясында 2 бағыт қалыптасты және солардың негізінде оқу пәндерін таңдаудың ұстанымдары белгіленді:
1. Формальдік білім беру теориясы бойынша білім алуға баса назар аудармай, оқушыларда қабілетті, ойлауды, қиялды, есті дамытуға күш салу керек болды. Бұл теорияның өкілдері пәндерді екі топқа бөлді: 1) тілдер, әсіресе ежелгі, әдебиет, математика, жаңа тілдердің грамматикасы; 2) биология, география, физика, химия және т.б. Формальдық білім беру теориясына сәйкес Ресейдің, Германияның және т.б. елдердің классикалық гимназияларының оқу жоспарлары құрылды.
2. Материалдық білім беру теориясы (ХҮІІІғ.аяғы) білім мазмұнын тандаудың негізгі критерийі ретінде оның пайдалылығын, қоғамның өміріне қажеттігін қойды. Материалдық білім беру теориясы реалдық училищелердің оқу жоспарын құруға негіз болады. Оқу жоспарында математикаға, физикаға, химияға, жаңа шетел тілдеріне, коммерциялық іске көп орын берілді.
Білім мазмұнының түрлері:

    • күнделікті болмыс туралы негізгі ұғымдар, терминдер және ғылыми білімдер;

    • көзқарастарды дәлелдеуге керекті күнделікті өмірден және ғылымнан алынған фактілер;

    • болмыстың әртүрлі объектілері және құбылыстары арасындағы байланыстарды көрсететін ғылымның негізгі заңдары;

    • белгілі бір объектілер, олардың арасындағы байланыс туралы ғылыми білімдер;

    • ғылыми іс-әрекет тәсілдері, таным әрекеті және ғылыми білімді алу тарихы туралы білімдер;

    • әртүрлі өмір құбылыстарын бағалау нормалары туралы білімдер.

Қазіргі заманғы мұғалімге, әсіресе мұғалім-зерттеушіге оқушылардың бақылау-бағалау іс-әрекетінің сенімді және объективті әдістемелерін игеріп қана қоймай, «мониторинг», «педагогикалық мониторинг» деген қазіргі заманғы ұғымға жататын диагностикалық әдістемелерді қолдануды алдын ала да көре білу қажет. Алдымен «мониторинг», «педагогикалық мониторинг» дегеніміз не ? - деген сұрақты талдайық.
Мониторинг – (латын тілінен аударғанда monitor – ескертуші, бақылаушы дегенді білдіреді) қоғамда немесе оның қайсыбір топтарында болып жатқан өзгерістерді жүйелі түрде өлшеу жүйесі.
Мониторинг дегеніміз – белгілі бір нәрсенің жай-күйін бақылау, талдау және болжау жүйесі. Бақылаудың тиімді жаңа технологиясы уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Компьютерді пайдалану арқылы үнемі бақылауда болады. Педагогикалық үдеріс негізінде білім беру мақсатын таңдаудағы үздік мәселе мен құралдарын шешу барысында диагностикалық, болжамдық, зерттеудің жағдайын ғылыми негізге сүйене отырып, үздіксіз бақылау.
Педагогикалық мониторинг - бұл білім берудің мақсаттары, мазмұны, түрлері, әдістері, дидактикалық және техникалық құралдарын, оқыту жағдайлары мен нәтижелерін, жеке тұлға және ұжымның тәрбиесі мен өзіндік дамуын қоса алғандағы білім беру жүйесінің өздігінен даму беталысы және қызмет ету тиімділігінің сандық және сапалық сипаттамаларының жүйелік диагностикасы.
Осылайша педагогикалық мониторингтің мәселелік өрісі білім, білік немесе тіпті оқытудың жеке тұлғалық сапасына дәстүрлі баға беруге қарағанда анағұрлым кең.
Педагогикалық мониторинг – оның ахуалын үздіксіз бақылауды және оның дамуын болжауды қамтамасыз ететін педагогикалық жүйенің іс-әрекеті туралы ақпаратты жинауды, сақтауды, өңдеуді және таратуды ұйымдастыру формасы, - болып табылады.
Педагогикалық мониторинг жасауға қажеттi ақпаратты жинау мына бағыттарда жүзеге асырылады: 1) ақпараттың мазмұны; 2) ақпараттың сапасы; 3) ақпаратты басқаруда пайдалану.
Г.А.Стефановскаяның анықтамасы бойынша, “Педагогикалық мониторинг, бұл – диагностика, баға және педагогикалық үдерiстi жобалау, оның жүрiс барысын, даму перспективаларын қадағалау”, – болып табылады.
Бағалау – білім алушылардың үлгерімі жөніндегі мәліметтерді жинақтау және сараптау болып табылады. Ол оқу үдерісінің түрлі сатысында білім алушының білімін, біліктілігін және сезімдерін айқындайды. Бағалау үдерісіне қатысушылардың барлығы (оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар және әкімшілік) бағалау құралдарын, мақсатын, міндетін, объектісін, қағидасын, әдістерін жақсы түсінуі тиіс.
1960 жылдардан бастап формативтік (қалыптастырушы) және суммативті (жиынтық) бағалау терминдерінің арасындағы айырмашылық енгізіле бастады. Нақтырақ айтқанда, жіктеу үшін өткізілетін оқуды бағалау және оқытудың бөлігі ретінде бағалауды қолдану мен оқыту үшін бағалау арасында болады. Оқытуды, әдістерді жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған оқыту үшін бағалау (ОҮБ) дербес тұжырымдама ретінде 1999 жылдан кейін қолданысқа енді. Бағалау оқытудың алға жылжуын белгілейді және өзінің функциясы бойынша бағалау жиынтық (оқуды бағалау) болып саналады.
Бастауыш сыныптарда оқушыны қандай мақсатта, не үшін, қалай бағалаймыз? Бағалау кезінде мынадай мақсаттар көзделеді: оқытудың қиындықтарын анықтау, жетістікке жеткендегі кері байланыс, уәж, болжау, стандарттарды бақылау, бағдарламаның мазмұны мен стилін бақылау. Бұл келтірілген барлық бағалау түрлеріне бақылау, талдау, қорытындылау кіреді.
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау үлгісі білім беру, оқыту үдерісіндегі әдіс-тәсілдердің барлық түрлерімен байланыста болады. Оны меңгеру үшін қалған модульдердің мазмұнын игеру қажет, болжау, сұрыптау, бақылау, жоспарлау әдістерін меңгеру керек. Оқушылардың алға қарай даму мақсатында оқу нәтижелері яғни өздерін өздері бағалай білуімен сипатталады. Оқуды бағалаудың мақсаты – оқушылардың оқып білгенін жинақтау болып табылады.
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау бойынша жасалған талдау олардың нәтижелерін бағалаудың көптеген түрлерінің бар екенін көрсетті. Мысалы, әртүрлі бағалау жүйесі бар екені белгілі: 7-балл, 10-балл, 11-балл, 12-балл, 24-балл, 100-балл бойынша бағалау жүйесі, рейтингтік және т.б. Бұл бағалау жүйелеріндегі көрсеткіштердің айырмашылығына қарамастан, оларда бір ерекшелік бар екенін атап өту қажет – ол оқушылардың оқу материалдарын меңгеру деңгейін дифференциациялау және бағалаудың өлшемділігі.
Білім берудің құзыреттілік үлгісіне көшуге байланысты оқудың нәтижесі оқушылардың пәндер бойынша білімі, білігі және дағдылары ретінде емес, олардың нақты жиынтығын қалыпты емес, әртүрлі жағдайларда қолдана білу ретінде қарастырылатын болады және оқу жетістіктері деген термин енгізілді. Осыған байланысты білім алушылардың білімі, білігі, дағдылары ғана емес, сонымен қатар міндетті түрде олардың құзыреттіліктері бағалануы тиіс болады.
Шетелдердегі оқу нәтижелерін бағалау жүйелерін сараптау мынаны көрсетті. Ұлыбритания мен Норвегияда орта мектепте оқу жетістіктері жеті баллдық жүйемен бағаланады. Мысалы, Ұлыбританияда әріптік жүйе қабылданған: А, В, С, D, F, G, мұндағы А - «өте жақсы», G- «қанағаттанарлықсыз». Норвегияда цифрлік жүйе қолданылады: 0-2 балл – ортадан төмен, 3-4 - орта, 5-6 – ортадан жоғары, 7 - өте жақсы.
Финляндия, Исландия, Испания және Нидерланды елдерінде жалпы орта білімде 10 балл бойынша бағалау жүйесі бар. Мысалы Италияда жалпы орта білімді бағалаудың 100 балл бойынша бағалау жүйесі қолданылады, алайда бұл жағдайда ең төменгі 60 балл болып саналады. Бельгия мен Люксембургта 60 балл бойынша бағалау жүйесі пайдаланады, ең төменгі 30 балл. Австрия, Испания, Португалия (бастауыш және негізгі орта мектеп), Италия (бастауыш және негізгі орта мектеп), Ресей (орта мектеп) және кейбір ТМД елдерінде 5 балл жүйесі кең қолданылады. Швецияда төрт балл бойынша бағалау жүйесі бар: «өте жақсы тапсырылды», «жақсы тапсырылды», «тапсырылды», «тапсырылмады». Данияда 13 балл бойынша бағалау жүйесі кең пайдаланады (0 -13 балл), мұндағы 0 - «нашар», 13 - «өте жақсы».
Халықаралық бағалау – зерттеудің бірі ретінде. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (бұдан әрі – ОЫДҰ) жүргізетін 15 жастағы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың халықаралық бағдарламасын (Programme for International Student Assessment – PISA) қарастыруға болады. PISA 15 жастағы жасөспірімдердің мектепте алған білімін, іскерлігін және дағдыларын адамзаттың әртүрлі қызметінде өмірде кездесетін мәселелерді шешуге, сонымен қатар оларды тұлғааралық қатынаста және әлеуметтік қатынастарда қолдана білу қабілеттерін бағалайды.
PISA зерттеуі қазіргі кезде мектептегі білімнің тиімділігін салыстыра бағалаудың әлемдегі универсалды құралы ретінде қарастырылады. Зерттеу барысында алынған деректер білім беру жүйесін дамыту стратегиясын қалыптастырудың, оның ішінде білім берудің мазмұнын және әдістемесін жасаудың негізі ретінде қарастырылады.
Зерттеу үш жылда бір рет өткізіледі. Әр зерттеуде үш саланың бірі ғана бойынша функционалдық сауаттылық бағаланады. Мысалы: 2009 жылы оқу сауаттылығы зерттелді.
2009 жылы Қазақстан PISA зерттеуіне алғаш рет қатысты.
Зерттеу нәтижесінде Қазақстан оқушылары мынадай көрсеткіштерге қол жеткізді:
- аса күрделі емес оқу мәтіндерін қолдана және оларды күнделікті жағдайда пайдалана білетіндердің үлесі зерттеуге қатысушылардың тек 5 пайызын ғана құрады (ОЫДҰ елдері бойынша орташа көрсеткіш - 28,6%);
- нақты модельдермен нақты жағдайларда тиімді жұмыс істей алатын, әртүрлі тапсырмаларды дамыта және кіріктіре алатын оқушылардың үлесі математикалық сауаттылық бойынша қатысқан оқушылардың 4,2 пайызын құрады (ОЫДҰ елдері бойынша орташа көрсеткіш – 16%);
- жаратылыстану ғылымдарының рөлі туралы қорытынды жасауды керек ететін жағдайларда, әртүрлі жаратылыстану пәндерін біріктіріп, түсініктеме бере алатын және ол түсініктемелерді әртүрлі өмірде кездесетін жағдайларда қолдана білетін оқушылардың үлесі ғылыми жаратылыстану сауаттылығына қатысқан оқушылардың жалпы санының 3,6% құрады (ОЫДҰ елдері бойынша орташа көрсеткіш – 20,5 %);
Сонымен PISA зерттеуіне Қазақстанның қатысуының нәтижесі жалпы білім беру ұйымдарының мұғалімдері пәндік білімдерді өте жақсы беретінін көрсетті. Сонымен қатар ол білімді өмірде кездесетін жағдайларда дұрыс қолдануға үйретпейтіндері анықталды.
Мектептегі білім сапасына мониторинг жүргізуде негізгі назар оқушылардың жалпы оқу және интеллектуалдық, яғни зияткерлік дағдыларын меңгеруді бағалауға аударылады. Математикалық сауаттылықты, оқу сауаттылығын, ғылыми жаратылыстану сауаттылығын және мәселелерді шешудегі ептіліктерді тексеру үшін кешенді және құрылымданған тапсырмалар жасалады.
Әр тапсырманың мәтіні бар онда жеке мәселелер қарастырылады, сонымен қатар қиындығы әртүрлі 1-6 сұрақ беріледі. Тапсырманы орындау нәтижесі бойынша оқушының қойылған мәселені әр пәндерден алған білімін қолдана отырып, шешу қабілеті бағаланады.
Математикалық сауаттылық – қоршаған ортадағы математиканың рөлін анықтау және түсіну қабілетінің деңгейі, жақсы негізделген математикалық ой-пікірді жеткізе білу және математиканы қажеттіліктен туындайтын мақсаттарда қолдана білу.
Ғылыми-жаратылыстану сауаттылығы – ғылыми-жаратылыстану білімін қолдана білу қабілетінің деңгейі, мәселелерді анықтай білу және қоршаған ортаны, сонымен қатар тиісті шешім қабылдау үшін адамның әсерінен онда болып жатқан өзгерістерді түсіне білуге негізделген қорытындылар жасай білу.
Мәтінді оқу сауаттылығы – жазбаша мәтіндерді ой елегінен өткізу, оларға рефлексия жүргізу, мәтіндерді өз мақсаттарына қолдана білу, қоғам өміріне белсене араласу үшін білімі мен мүмкіндіктерін қолдана білу қабілетінің деңгейі. Зерттеуде мәтінді оқу техникасы, оны оқу жылдамдығы қаралмайды, оның орнына мәтінге рефлексия, оны түсіну және оқылған мәтінді әртүрлі мақсаттарға қолдана білу қабілеті қаралады.
Мәселені шешудегі құзыреттілік – бір қарағанда, шешу жолдары көрінбейтін пәнаралық мәселелерді шешу үшін ептілікті қолдану қабілеті.
Тесттерде әртүрлі нысандағы сұрақтар қолданылады. Олардың жартысы еркін жауап берілетін сұрақтар. 12 пайыз сұрақтарға өзіндік жауаптар берілуі тиіс, бірақ ол жауаптар жеке сөздермен және сандармен шектеледі. Жауаптары дайын сұрақтар барлық сұрақтардың 33 пайызын (1/3) құрайды.
Жалпы халықаралық мониторинг барысында математикадан 54 тапсырма (барлығы 85 сұрақ), оқудан 8 тапсырма (барлығы 28 сұрақ), жаратылыстанудан 13 тапсырма (барлығы 35 сұрақ) және 10 тапсырма мәселелерді шешуге (барлығы 19 сұрақ) беріледі. Әр оқушы оларға 2 сағат ішінде жазбаша жауап беруі тиіс. Тестілерге жауап берілгеннен кейін жарты сағаттың ішінде әр оқушы сауалнамаға жауап береді. Онда ол білім беру ұйымы, өзінің қызығушылығы, оқуға көзқарасы туралы ақпарат береді. Қосымша білім беру ұйымдарының басшылары (директорлары) сауалнамаға қатысады.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
1. «Бастауыш мектеп педагогикасы мен ғылымының өзекті мәселелері» курсының мақсаты мен міндеттері, мазмұны
2. Педагогикалық зерттеу әдіснамасы
3. Қазіргі ғылым мен бастауыш білімнің әдіснамалық тұғырлары
4. Оқыту нәтижелері сапасын бағалауға құзыреттілік тұрғысынан келу
7. Әдіснамалық рефлексия және оның зерттеу жұмысындағы мәні.
8. Дамытушылық білім беру үдерістерін психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік-педагогикалық жобалау
9. Отандық бастауыш білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуі.
10. Жаңартылаған бастауыш білім беру оқу бағдарламаларының басты идеялары. (1-4 сыныптар).
11. Бастауыш мектептегі әмбебап оқу әрекетттерді жобалау технологиялары
12. Педагогика ғылымы дамуының жаңа тұжырымдамалық идеялары мен бағыттары.
13. Бастауыш білім берудегі инновациялық үдерістердің мәні.
14. Білім беру философиясының тұжырымдамалары
15.Бастауыш оқыту педагогикасы саласында ғылыми білім алудың заманауи әдістерінің бірі – интербелсенді әдістер.
16. Жаңартылған бастауыш білім берудің оқу-әдістемелік кешендеріне сипаттама.
17. Жеке пәндердің оқу-әдістемелік кешендеріне талдау жасаңыз.
18. Бастауыш білім сапасын бағалаудың халықаралық жүйесі.
19. Ғылымның жүйесцентристік және антроцентристік пардигмалары.
20. Парадигма – әдіснамалық категория ретінде
21. Білім берудің мониторингі – ғылыми және практикалық мәселе.
22. Интелектуальды интерфейс тұжырымдамасы.
23. Тұлғаға бағдарланған оқыту технологиясының тұжырымдамасы.
24. Деңгейлеп, саралап, даралап оқыту технологияларына сипаттама.
25. Ақпараттық технологиялардың теориясы мен әдістемесі
26. Коммуникативті технологиялардың теориясы мен әдістемесі
27. Мультимедия технологиялары және оларға сипаттама
28. Отандық білім жүйесі мен шетелдік білім кеңістігін кіріктіру
29. Бастауыш білімді дамытудың бағыттары мен жаңа тұжырымдамалық идеялары
30. Бастауыш оқыту педагогикасы саласындағы ғылыми таным әдістері

1

№ 15
дәріс

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет