2. ДӘріс тезистері



бет29/30
Дата02.04.2024
өлшемі4.37 Mb.
#497387
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
БМПед.ғыл. Дәріс 4

Тақырып 15. Отандық бастауыш білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуі.
1. Отандық бастауыш білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуі.
2. Дамытушылық білім беру үдерістерін психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік-педагогикалық жобалау.
3. Бастауыш мектептегі әмбебап оқу әрекеттерді жобалау технологиялары
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Отандық бастауыш білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне кірігу үшін елімізде білім беру жүйесінің әлемдік тәжірибесіне бірнеше жылдар бойы талдаулар жүргізілгені белгілі. Мысалы: Ұлыбританияда білім беру жүйесінің құрылымы: бастауыш – 5-11 жас; орта – 11-16 жас; мектептен кейінгі – 16-18 жас; жоғары – 18 жастан кейін. Бастауыш мектеп 6 жыл. Францияда мектепте білім беру жүйесінің құрылымы үш сатыдан тұрады: бастауыш мектеп (5 жыл), коллеж (4 жыл) және лицей (2-3 жыл). Алғашқы екеуі міндетті болып есептеледі. Бастауыш мектепке балалар 6 жастан қабылданады, оқу мерзімі 4 жылды құрайды.
Білім беру жүйесінің реформасы жалпы білім беруді модернизациялаумен байланысты өз кезегінде: біркелкі білім кеңістігі және Қазақстанның білім беру жүйесінің еуропалық білім ортасымен ықпалдасуы тәрізді мәселелерді қарастырады. Мұндағы біркелкі білім кеңістігі ұғымын оның басты өлшемі бойынша түсіндіруге болады.
Бұл ЕурАзЭҚ төңірегіне шоғырландырылған және білім беру саласының заңнамаларын реттейтін Еуразиялық экономикалық қауымдастығының кеңістігі болып табылады. Еуразиялық қауымдастық қолжетімділік және тегін жалпы, бастауыш, бейінді кәсіби білім алу, сонымен қатар конкурстық негізде кәсіби орта, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу сияқты педагогикалық сала мамандары мен білім алушыларына академиялық тәуелсіздікті қамтамасыз етуді көздейді.
Еуразиялық білім кеңістігі шеңберінде білім жүйесі ұғымын бекітіп, онда білім алудың формасы, түрлерін, деңгейлерін және бірыңғай (негізгі және қосымша) кәсіптік білім алу бағдарламаларын құру қажеттігін белгілейді. Халықаралық келісім шарттармен және Еуразиялық экономикалық қауымдастықпен келісілген мемлекет аралық жинақтары: типтік бағдарламаларымен және басқа да құқықтық актілері негізінде Еуразиялық білім кеңістігінің заңнамалық базасын құру қажеттігін қамтамасыз ету мақсатын көздейді.
Еуразиялық экономикалық қауымдастық кеңістігі үздіксіз білім беру мәселелерін ескере отырып, заманауи технологияларды қолдану мүмкіндігіне қарай, «Өмір бойы білім алу» қағидасын іске асырады. Осы қағиданың мектептен бастау алатыны белгілі ал, елдің келешекте кемелді ел болуы мектептің қандай негізде құрылуына байланысты болмақ.
Жалпы, әр мемлекеттің ұлттық білім жүйесінің өзіне тән моделі, сол елдің экономикалық дамуына, халқының тарихи тағылымына, мәдениеттің деңгейіне сәйкес жасалады.
Білім беру кеңістігі әртүрлі деңгейлерде: мемлекеттіктен бастап өзінің бірінші элементі – білім беру мекемесі мен оның құрылымдық бөлімшелерінде қалыптасады. Білім беру жүйесіне мемлекеттің идеологиялық және экономикалық саясатында басымдылық беру, оны ұйымдық-құрылымдық жаңару, қаржылық, ғылыми-әдістемелік, материалдық, ақпараттық, технологиялық базасын нығайту, мамандармен қамтамасыз ету, құқықтық-нормативтік, әлеуметтік статусын көтеру, бүкіл қоғамдық қолдау жүйесін қалыптастыруды қарастырады. Білім беру мекемесі мен оның құрылымдық бөлімшелері дегеніміз – мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта білім, жоғары білім, жоғары білімнен кейінгі білім деңгейлері болып табылады.
Қорыта келе, Отандық бастауыш білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуінің алғашқы бастамасы 2003-2004 оқу жылдары, эксперименттік тәжірибеден өткізіліп, зерделеніп, сараланды. Заман ағымынан туындап отырған қажеттілікке сәйкес 2015-2016 жылдары жаңа мазмұнды бастауыш білім беру бағдарламалары мен оқу-әдістемелік кешендері әзірленіп сараптамадан және эксперименттен өткізілді.
Аталған жаңартылған мазмұнды оқу бағдарламалары мен оқу-әдістемелік кешендер 2016-2017 оқу жылынан бастап, жаппай тәжірибеге енгізіліп, 6 жастан 1-сыныпқа оқушылар қабылданды. Бұдан шығатын қорытынды Отандық бастауыш білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуі осы кезеңнен басталды, - деген тұжырым жасауымызға болады.
2. «Педагогика және психология» саласы бойынша жасалған сөздікте: педагогикалық жобалау – оқушы мен тәлімгердің алдағы іс-әрекетінің негізгі құрылымдарының жасалымы, бұл оқытушы әрекетінің тиімділігін арттырады делінсе, жобалау әдісі – оқушыны бірте-бірте күрделене түсетін практикалық тапсырмаларды жоспарлы түрде орындату арқылы оқыту жүйесі, – деп түсіндіріледі.
Жобалау – жоба жасау, болашаққа жоспарланған құбылыс жөнінде бейне жасау мақсатындағы іс-әрекет.
Жобалау – бұл жоба жасау, яғни прототип, болжанған немесе мүмкін болған, ойдан шынайы өнім жасауға мүмкіндік беретін нысанның бейнесін құру үдерісі. Білім беру, нормативтік-құқықтық және басқа да бағдарлардың (стандарттардың, жоспарлардың, бағдарламалардың және т.б.) әлеуметтік тиянақталған кешені ретінде білім беру үдерістері жобаланатын, арнайы ұйымдастырылған білім беру кеңістігінде магистранттардың белсенді әрекеттерін ұйымдастырудың құралдары мен шарттарының жиынтықтары алынады.
В.Я.Ляудис білім берудегі жобалау туралы, біріншіден, бұл-мақсатқа бағытталған, жобаланған, саналы түрде ұйымдастырылатын оқыту үдерісі. Оны басқару ғылыми және мәдениеттанымдық білімдерді пайдалану негізінде іске асырылады. Екіншіден, бұл – мақсатқа бағытты ұйымдастырылған болашақтағы міндеттерді орындауға қабілетті тұлғаны әлеуметтік дамыту жағдаяты сонымен қатар, осы жерде мақсат ретіндегі болашақтың нәтижелік мәні де, оны орындауға дайындық деңгейіне жеткізетін үдеріс те жобаланады»,- деген тұжырым жасаған.
Е.С.Заир-Бек: жобалау – қазіргі білім беру жүйелерін дамыту, жаңарту, жетілдіру және ондағы қайшылықтарды болдырмау міндеттерін орындауға бағытталған педагогикадағы жүйелі ұйымдастырылатын практикалық әрекеттердегі қолданбалы ғылыми бағыт,- деп тұжырым жасайды. Бұдан шығатын қорытынды аталған ғалымдардың анықтамалары негізінде педагогикалық жобалау – педагогтар мен білім алушылардың педагогикалық қоғамның қарым-қатынасының жаңа түрін, білім берудің жаңа мазмұнымен жаңа технологияларын, педагогикалық әрекеттің жаңа амалдары мен түрлерін қалыптастыру үдерісі,- деген тұжырым жасауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет