2. ДӘріс тезистері


Тақырып 10. Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы



бет18/30
Дата02.04.2024
өлшемі4.37 Mb.
#497387
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   30
БМПед.ғыл. Дәріс 4

Тақырып 10. Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы
1. Сыни ойлаудың теориялық негіздемесі
2. Сыни тұрғыдан тұрғыдан ойлау технологиясына сипаттама
3. Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту стратегиялары
Дәрістің қысқаш мазмұны
Сын тұрғыдан ойлау идеясы көне грек философтары кезеңінен бастау алады. Дегенмен, ол әр уақытта әр түрлі аталған. Кезінде адамзат баласы логика, логикалық ойлау қабілетін айта отыра, қазіргі уақытта маңызды болып табылатын сыни тұрғыдан ойлау идеясын меңзегенін байқауға болады. Сын тұрғыдан ойлау идеясы көне грек философтары кезеңінен бастау алады. Дегенмен, ол әр уақытта әр түрлі аталған. Кезінде адамзат баласы логика, логикалық ойлау қабілетін айта отыра, қазіргі уақытта маңызды болып табылатын сыни тұрғыдан ойлау идеясын меңзегенін байқауға болады.
Қазіргі кезде білім беру саласының басымдық бағыттары білім алушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту идеясына бағытталған. Қоғамда «сыни тұрғыдан ойлау» ұғымының әртүрлі анықтамаларын кездестіруге болады. Алайда, ең кең тараған анықтамалардың жалпы мазмұнына сүйенсек, сыни тұрғыдан ойлау - не ғылым, не теория болып табылмайды, ол рефлексивті ойлау дағдысы, түрлі пікірлер мен көзқарастарды талдау, оларға дәлелді баға беру қабілеті.
Сыни ойлау бұл - шыңдалған ойлау үлгiсi. Сыни ойлау - өзiндiк және жеке ойлау. Өйткенi, бұл ойлау барысында әркiм өз ойын және пiкiрiн басқалардан тәуелсiз құра алады. Мәселенi өздігінен шешудi қамтамасыз етедi. Сыни ойлау – екінші жағынан әлеуметтiк ойлау болып табылады. Себебi бұл деңгейде ойлау үшiн белгiлi әлеуметтiк қатынастар орындалуы тиiс. Мысалы: пiкiрдi ашық айту, сынамау, шыдамдылық, бiрлесе ойланып, бiрiгiп шешiм қабылдау т. б.
Біріншіден, сыни ойлау ол өздігінен ойлау болып табылады. Егер сабақ сыни ойлау ұстанымына құрылса, әр оқушы өз идеяларын, бағалауын, уәждемесін яғни дәлелдеуін өздігінен құрады, яғни басқаларға тәуелді болмайды. Ешкім мен үшін мұны жасамайды, біз өзіміз үшін жасаймыз. Ойлау сонда ғана сыни ойлау болады, өйткені ол жекелік сипат алады. Мұндай жағдайда әр оқушы өз басымен ойланып, тіпті қиын тапсырманың өзін өздігінен шешуі тиіс. Оқушы тұлғасының идеясының жаңалығы, өзіндік пікірі, дәлелдеуі, басқаларға жеткізуде оны көндіруі сыни ойлау технологиясының маңызды сипаты болып табылады.
Екіншіден, білім сыни ойлаудың соңғы пункті болмайды. Білім мотив тудырады, онсыз адам сыни ойлай алмайды. Ол үшін білім алушы тұжырымдаманы, теорияны, мәтінді, идеяны, нақты фактілерді ой елегінен өткізуі тиіс. Сыни ойлау кез келген жаста жүреді. Тек қана студенттерде емес, бастауыш сыныптан басталатынын ескерген жөн, бастауыш сынып оқушысының өмірлік тәжірибесі мен білімі әлі жеткіліксіз. Бірақ өз деңгейінде сыни тұрғыдан ойлай алады, дегенмен оқыту мен оқу барысында толығымен өздігінен сыни ойлауды жетілдіре алады.
Үшіншіден, сыни ойлау сұрақ қоюдан басталып, мәселені айқындау мен шешуден тұрады. Адам өзінің табиғаты жағынан әр нәрсені қызығып, оны көруге мән береді. Егер, жаңа нәрсені көрсек ол не екен деп білуге талпынамыз. Философ әрі химик Микаел Поланыйдың пікірінше, қарапайым формадан бастап, жер құрты немесе амебаны біз таза зерттеушілік белсенділік танытып, ол біздің тура қажеттілігіміз болмаса да, қоршаған ортадағы барлық жанды тірі жанды зияткерлік бақылауға аламыз. Қызығушылық танытамыз, сөйтіп ол тірі жанның бөлінбес бөлшегіне айналады.
Төртіншіден, сыни тұрғыдан ойлау нақты аргументке жүгінеді. Сыни ойлайтын тұлға өзінің пікірін проблеманы шешуде пайымды негізделген ойлармен жеткізеді, әрі өзіне сенімді болады. Ол проблеманың басқа да шешімі барын түсінеді, дегенмен өзінің пікірін яғни таңдаған шешімі логикалық тұрғыдан дұрыс және табысты, - деп санайды.
Бесіншіден, сыни тұрғыдан ойлау, ол әлеуметтік ойлау. Қандай ой болса да, біреумен бөліскен соң тексеріледі, шыңдалады. Біз өз көзқарасымызды тереңдету үшін басқа адамдармен пікір алмаса отырып, оқимыз, пікір таластырамыз, талдаймыз, қарсылық танытамыз. Сондықтан да сыни тұрғыдан ойлайтын педагогтар өз сабақтарында жұптық, топтық жұмыстарды кейде дебат пен пікір сайыс деңгейіне дейін жеткізіп, білім алушылардың әртүрлі жазба жұмыстарын да қолданады. Сыни ойлайтын тұлға үлкен міндеттерді шешеді, өзінің тұлғалық сапасын қайта құрастыруға қалыптастыруға жетеді.
2.Сыни тұрғыдан ойлаудың анықтамасы және сыни ойшылдың сипаттамасы
Эннис бойынша, «Сыни тұрғыдан ойлау дәлелдерді (ақпаратты) немесе сөйлемдер мен пайымдауларды бағалаудың тәртіпке келтірілген ойлау қызметі болып табылады, бұл ұстанымдарды дамытуды және шешім қабылдауды бағыттай алады».
Сыни тұрғыдан ойлау бұл сана шекаралары, сондай-ақ ойлау мүмкіндіктерінің кешені.
Д.Эллистің пікірінше, «Сыни ойшылдар: фактілер мен пікірлер арасындағы айырмашылықты көреді; егжей-тегжейлі қадағалау жасайды; болжамдарды жасайды, олардың терминдерін анықтайды; сенімді логикалық және салмақты дәлелдер негізінде логикалық пайымдау жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет