жүктіліктің бірінші, екінші және үшінші триместрінде ультрадыбыстық скринингке жібереді; ұрықтың хромосомалық патологиясының жеке генетикалық қаупін есептей отырып, АСM талдауға жібереді. . Пренаталдық скринингтің бірінші кезеңінде "Акушерия және гинекология" немесе "Жалпы медицина" мамандығы бойынша дәрігер пренаталдық скрининг нәтижелерімен жүкті әйел қайтадан келген кезде оны "медициналық генетика" мамандығы бойынша дәрігердің консультациясына мынадай өлшемшарттар бойынша жібереді: хромосомалық патологияның ультрадыбыстық маркерлерін анықтау және (немесе) бірінші, екінші және үшінші триместрлердің ультрадыбыстық скринингін жүргізу кезінде ұрықтың анатомиялық даму аномалияларын анықтау; бірінші триместрдің біріктірілген тестін өткізгеннен кейін ұрықтың 1:150 және одан жоғары хромосомалық патологиясының жеке генетикалық қаупін анықтау; жас факторының болуы (37 және одан жоғары жастағы әйелдер). Пренаталдық скринингтің бірінші кезеңінде жүкті әйелдер бірінші триместрдің ультрадыбыстық скринингінен кейін соңғы етеккірдің бірінші күнінен бастап жүктіліктің 11 апта 0 күнінен бастап 13 апта 6 күнге дейін (күнтізбелік 1-3 күннен кешіктірмей ұсынылады) бірінші триместрдің біріктірілген тестінде АСМ талдауға жіберіледі. АСМ талдауын және құрамдастырылған қатерді есептеуді жүзеге асыратын медициналық ұйымдарда жүкті әйелдің қан үлгісін алу, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жүкті әйелдің қан үлгісін алу, таңбалау, жеткізу алгоритмі бойынша жүзеге асырылады. Жүкті әйелдердің қанының сарысуын немесе құрғақ қан дақтарын пренаталдық скринингтің бірінші кезеңін өткізген денсаулық сақтау ұйымдары қан алынғаннан кейін 36 сағаттан кешіктірмейтін мерзімде пренаталдық скринингтің екінші кезеңіне жібереді. Қан сарысуынан немесе құрғақ қан дақтарынан АСМ талдау және құрамдастырылған қатерді есептеу "Зертханалық диагностика" кіші түрі бойынша медициналық қызметке лицензиясы бар және медициналық ақпараттық жүйемен ықпалдастырылған медициналық ақпараттық жүйесі немесе зертханалық ақпараттық жүйесі бар денсаулық сақтау субъектілерінде орындалады.