29. Пренатальды скринингтің екінші кезеңінің жалпы сипаттамасы
Екінші кезеңде ұрыққа УДЗ және (немесе) инвазивтік пренаталдық диагностика (бұдан әрі – ИПД) қайта жүргізуді анықтайды. Көрсетілімдер бойынша, жүктілікті сақтаудың орындылығы туралы мәселені шешу үшін бейінді мамандарды тарта отырып, консилиум ұйымдастырылады.
Зерттеп-қараудың екінші кезеңінде диагнозды нақтылау үшін сараптамалық кластағы ультрадыбыстық аппаратты пайдалана отырып, сарапшы маман және (немесе) "Радиология. Сәулелік диагностика (рентгенология, компьютерлік және магниттік-резонанстық томография, ультрадыбыстық диагностика, ядролық медицина)" мамандығы бойынша кемінде үш маман дәрігерлердің консилиумы ұрыққа қайта УДЗ жүргізеді.
Зерттеп-қараудың екінші кезеңінде ИПД жүргізу мүмкін болмаған жағдайда жүкті әйел зерттеп-қараудың үшінші кезеңіне жіберіледі.
"Акушерия және гинекология" мамандығы бойынша дәрігердің жолдамасы бойынша пренаталдық скринингтің екінші кезеңінде "Ультрадыбыстық диагностика" (пренаталдық Ультрадыбыстық диагностика) мамандығы бойынша дәрігер №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген, № 052/е нысанды амбулаториялық пациенттің медициналық карталарына, "Жүктіліктің 1-ші триместріндегі ультрадыбыстық зерттеу хаттамасы" және "Жүктіліктің екінші және үшінші триместріндегі ультрадыбыстық зерттеу хаттамасы" қосымша парақтары бойынша 3D және 4D эхография, доплерометрия режимдерімен сарапшылық кластағы ультрадыбыстық аппараттарда ұрыққа ультрадыбыстық зерттеу мынадай жүктілік мерзімінде жүргізеді:
ұрық анатомиясын кеңейтілген бағалау үшін 11 апта 0 күннен бастап 13 апта 6 күнге дейін; веноздық түтіктің және трикуспидті қақпақшаның доплерографиясы, ішкі жұтқыншақтың сипаттамасымен жатыр мойнының жатыр мойны каналының трансвагинальды эхографиясы (көрсеткіштер бойынша);
3D және 4D эхография режимдерін қолдана отырып, доплерометрия, плацентография және амниография, жатыр мойнының жатыр мойны каналының трансвагинальды эхографиясын жүргізе отырып, ішкі жұтқыншақты сипаттай отырып, ұрық анатомиясын кеңейтілген бағалау үшін 19 апта 0 күннен бастап 21 аптаға дейін (айғақтар бойынша);
3D және 4D эхография режимдерін қолдана отырып, доплерометрия, плацентография және амниография жүргізе отырып, ұрық анатомиясын кеңейтілген бағалау үшін 30 апта 0 күннен бастап 32 апта 0 күнге дейін.
21. Ұрықтың хромосомдық патологиясы мен ТДА ультрадыбыстық маркерлері анықталған немесе расталған кезде пренаталдық скринингтің екінші кезеңінің "Ультрадыбыстық диагностика" (пренаталдық ультрадыбыстық диагностика) мамандығы бойынша дәрігер жүкті әйелді "Медициналық генетика" мамандығы бойынша дәрігерге консультацияға жіберу үшін "Акушерия және гинекология" мамандығы бойынша дәрігерге жібереді.
22. Пренаталдық скринингтің екінші кезеңінде "Медициналық генетика" мамандығы бойынша дәрігер жүктіліктің 21 аптасы 6 күніне дейін пренаталдық консилиум жүргізу мәселесін медициналық ұйым басшысының орынбасары, генетик дәрігер, акушер-гинеколог дәрігер, неонаталдық хирург, психолог және анықталған патологияға байланысты басқа да бейінді мамандардың міндетті қатысуымен шешеді. Жүкті әйелдің деректерін талдағаннан кейін: анамнез, бірінші триместрдің аралас тестінің нәтижелері, ультрадыбыстық скринингтің деректері, жүкті әйелді қосымша тексерудің нәтижелері пренатальды консилиум № КР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген "Дәрігерлік – консультациялық комиссияның қорытындысы" № 026/е нысаны бойынша дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысын береді.
Достарыңызбен бөлісу: |