2-сабақ Жаратылыстанушылық-ғылыми сауаттылықты бағалау тәсілдері



бет16/54
Дата31.01.2024
өлшемі1.59 Mb.
#490321
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   54
ббжм

«Негізгі терминдер» тәсілі
Білім алушылар жаңа терминдерді және олардың мағынасын білуі үшін сабақта «Негізгі терминдер» әдісін қолдануды ұсынамыз. Сіз оқушылардан жазбаша жұмыстарында жаңа тірек сөздерді қолдануды сұраймын дегенше, олар бұл сөздерді талқылауда қолданғаны жөн. Бұл тірек сөздердің мағынасын және қолданылуын түсінуге мүмкіндік береді. Жазу жазғанда кеткен қателерге қарағанда сөйлегенде жіберетін қателерді аңғару оңай және тезірек түзетуге болады. Мысалы, жануарлар мен өсімдік жасушаларының құрылысын зерттегенде оқушылар жұптасып, бір-біріне кезектесіп сұрақтар қоя алады. Бұл әдісті алған білімді бекіту кезінде немесе органоидтар мен олардың функцияларын зерттегеннен кейін бірден қолданған жөн. 
«Өзара оқып-үйрену» тәсілі 
Білім алушылардың өзара оқып-үйрену арқылы білімді оңай қабылдауына мүмкіндік жасау керек. 
Берілген тапсырманы орындаудың мүмкін болатын жолдары: 

  • Бір топ оқушыға өтетін тақырып бойынша презентацияның немесе сабақтың фрагментін жасап, сосын ақпаратты бүкіл сыныпқа түсіндіруді тапсыру. 

  • Өтетін тақырыпты жақсы білетін оқушыларды таңдап, олардың әрқайсысына және соның тобына зерттеу тақырыбын беру және сол бойынша белгілі бір іс-шара дайындауды тапсыру.

Жасушаның органикалық заттарын зерттеу кезінде топтарға «Нәруыздар», «Көмірсулар», «Майлар», «Нуклеин қышқылдары» деген тақырыптар беруге болады. 
1-топ көмірсулар туралы афиша немесе жарнамалық постер жасайды. 
2-топ мектепте нәруыздар туралы не білгенін баяндап, ашық хат жазады. 
3-топ майларға арнап «Алғыс хат» әзірлейді. 

  • Сондай-ақ белгілі бір аспектіде практикалық тәжірибесі бар білім алушылардың ол туралы басқаларға айтып беруін сұрауға болады (мысалы, майлардың немесе көмірсулардың қасиеттерін түсіндіру).

«Өнімді тапсырмалар» тәсілі 
Мысал. 
Берілген тапсырма: «Егер екінші ұрпақта екі белгі бойынша ыдырау 2 : 4 : 4 : 6 қатынасында жүрсе, ата-аналардың генотипі қандай болған?» 
1-топқа арналған тапсырма: «Тапсырманы орындаңыз». 
2-топқа арналған тапсырма: «Тапсырманы орындаңыз. Ата-аналар мен алынған 1-ұрпақ будандарының фенотиптерін анықтаңыз.» 
3-топқа арналған тапсырма: «2-топтың тапсырмасын орындаңыз. Ата-аналар мен будандардың 2ұрпағының фенотиптері мен генотиптерін анықтаңыз.» 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет