2-сабақ Жаратылыстанушылық-ғылыми сауаттылықты бағалау тәсілдері



бет12/54
Дата31.01.2024
өлшемі1.59 Mb.
#490321
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   54
ббжм

Мазмұн (контент) – адам алатын және пайдаланатын кез келген ақпарат (мәтін, әуен, графика, видео- және аудиоматериалдар, т. б.).

4-сабақ
Биология пәнін саралап оқыту тәсілі


Оқытудағы негізгі мақсат – әр оқушыға өз бетінше білім алуды, дағдылар қалыптастыруды, практикалық тапсырмаларды өз бетінше орындауды үйрету. Әр оқушы білімді өзінің ақыл-ой қабілетіне, оқу еңбегінің дағдыларына, сондай-ақ есте сақтау, зейін қою мен ойлау қабілетіне, ынтасы мен темпераментіне қарай меңгереді. 
Білім беру технологияларының әртүрлі бағыттарының ішінде тұлғаға бағытталған тәсілге негізделген саралап оқыту әмбебап тәсіл болып табылады. Биология пәнін оқытуда тұлғаға бағытталған тәсілді іске асыру шарттарының бірі – сараланған оқытуды ұйымдастыру. 
Биология пәнін саралап оқыту тәсілі оқу процесін оқушылардың әртүрлі қажеттіліктері мен қабілеттеріне қарай бейімдеуді көздейді. Бұл оларға оқуда барынша жоғары жетістікке жетуге мүмкіндік береді. 
Саралаудағы негізгі мақсат – барлық оқушыға деген орташаланған көзқарас пен әр баланың даралығы арасындағы қарама-қайшылықтарды еңсеру, жігін жатқызу. 

Саралау – оқушы топтарының басым ерекшеліктерін ескере отырып, оқу процесін ұйымдастыру. Дараландыру – әр оқушының жеке басының ерекшеліктерін есепке алу. Бірінші жағдайда топтық, екіншісінде жеке басының ерекшеліктері ескеріледі, ал сараланған оқыту дараландырудың шарты мен құралы ретінде қарастырылады. 
Әр мұғалімнің алдында: «Барлық ерекшелікті ескеру және оқу процесін әр балаға тиімді ету үшін сабақта өз іс-әрекетім мен оқушылардың іс-әрекетін қалай ұйымдастыруға болады?» деген сұрақ тұрады. 
Бұл – бәрін бір уақытта, бірақ әртүрлі тәсілмен үйретуге мүмкіндік беретін сараланған тәсіл. Бұл ретте мынадай мүмкіндіктерді: 

  • әр тақырыпта, сабақта жеке мағына мен мақсаттарды таңдау немесе анықтау мүмкіндігін;

  • жеке оқу қарқынын, білім беру мәселелерін шешудің нысандары мен әдістерін, бақылау әдістерін, рефлексияны және өз басының ерекшеліктерін білу негізінде өз қызметін өзі бағалауды таңдау мүмкіндігін; 

  • оқу курсының меңгерілетін мазмұнынан озып кету немесе оны тереңдету мүмкіндігін; 

  • пән бойынша қосымша тақырып пен шығармашылық жұмыстарды жеке таңдау мүмкіндігін жүзеге асыруға болады. 

Оқытуды саралаудың үш негізгі аспектісі

  • мазмұнды саралау; 

  • процесті саралау; 

  • түпкі нәтижелерді саралау. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет