Мазмұнды саралау мына әдістерді қолдануды көздейді:
Биология сабақтарында оқу тапсырмаларының деңгейін күрделендіру оқушылардың әртүрлі қабілетіне қарай мазмұнды тәптіштеп, тапсырмаларды қиындата отырып, көп деңгейлі дағдыларға арналған тапсырмалар әзірлеу және пайдалану арқылы іске асырылады. Біртіндеп күрделене түсетін тапсырмалары бар жұмыс парақтарын немесе нұсқау карталарын мысал ретінде алуға болады. Жақсырақ оқитын оқушылар күрделірек тапсырмаларға жылдам көшсе, қабілеті төмендеу оқушылар базалық деңгейдегі тапсырмаларға көбірек уақыт бөле алады.
Интеграция негізінде мазмұн мен ресурстарды тереңдету кейбір білім алушылардың күрделі ресурстармен жұмыс істей алатынын және тақырыпты әртүрлі көзқарас тұрғысынан зерттеу үшін ақпараттық материалдардың бірнеше түрін пайдалануға мүмкіндігі барын білдіреді. Мысалы, кей оқушылар иллюстрациялары мен кестелері бар қарапайым мәтіндермен жұмыс істей алады, ал басқалары күрделі мәтіндерді де, диаграммалар мен схемаларды да пайдалана алады. Бұл түрді саралау бірыңғай оқу нәтижесіне қол жеткізу үшін кең ауқымды ресурстарды пайдалануға мүмкіндік береді.
Биология сабақтарында контекстер мен концептердің жаһандануының негізінде мазмұнды кеңейтуконцептер, идеялар мен жаһандық контекст арасындағы өзара байланысты іздеу және іске асыру арқылы тұжырымдамалық, зерттеу, проблемалық және жобалық оқыту негізінде жүзеге асады.
Креативтілік негізінде мазмұнды меңгеруді жеделдету үлгерімі жақсы оқушылар үшін стандартты емес шығармашылық тапсырмаларды қолдану негізінде жүзеге асады. Сабақты жоспарлауда саралау тәсілі қолданылған кезде педагог барлық білім алушының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қолда бар уақытты түгел қолданады. Басқалар қуып жету үшін негізгі білімді жылдам меңгеретін балаларды күттіріп қоймау керек. Оның орнына жеке траекториямен (жақын даму аймағы) тезірек алға жылжуы үшін оларға деңгейі жоғарырақ тапсырмалар беруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |